Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет71/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   122
Азотты  сұйық  тыңайтқыштарға  аммиак  пен  аммиакаттар 
жатады, ал аммиактың құрамында 82 % азот, аммиакатта 30 – 45 
%  азот  бар.  Бұл  тыңайтқыштар  топыраққа  арнайы  шығарылған 
өсімдік қоректендіргіш культиваторлармен енгізіледі. Сұйық азот 
тыңайтқышының  топырақпен  жақсы  араласуын  қадағалайды, 
өйткені олардың азоты ауаға ұшқыш келеді. 
     Сұйық  азот  тыңайтқышы  цистерналармен  тасымалданады 
және 
арнаулы 
ыдыстарда 
сақталады. 
Сұйық 
азот 
тыңайтқышының бағасы арзан. 
     Бұларды ауа азотымен қатыстырмай, культиватормен 10-15 см 
тереңдікке сіңіреді. Бұл тыңайтқыштар өзінің өсімдікке тигізетін 
әсері жағынан аммиак селитрасымен бірдей. 
     Азот барлық өсімдік мүшелеріндегі негізгі белоктың құрамына 
кіреді.  Белоктың  құрамында  азот  мөлшері  өте  көп,  ол  белок 
салмағының  16-18  %-ына  тең.  Азот  фотосинтез  жүргізуші 
хлорофилл,  протоплазма  мен  клеткалар  ядросының  аса  маңызды 
бөлігі  нуклеин  қышқылының  құрамына  енеді.  Өсімдік  нашар 
қоректенсе, атап айтқанда, онда фосфор жеткіліксіз болса, белок 
немесе азот қосылыстарының мөлшері едәуір көбейеді, мұның өзі 
өсімдік өнімінің сапасына әсер етеді. 
     Топырақта  азотты  қоректің  көп  жиналуына  бұршақ  тұқымдас 
өсімдіктер  (беде,  бұршақ,  соя  т.б.)  үлкен  әсер  етеді,  өйткені  бұл 
өсімдіктер  түйнек  бактериялары  арқылы  ауадағы  бос  азотты 
пайдаланып,  басқа  өсімдіктер  үшін  сіңімді  қосылысқа 
айналдырады. 
     Топырақта  азот  тапшы  болса,  өсімдіктің  өсуі  бөгеледі, 
жапырағының  жасыл  бояуы  өзгереді,  биохимиялық  процестер 
бұзылады,  түсім  кемиді.  Өсімдікте  азот  жетіспейтінін  оңай 
аңғаруға  болады,  бұл  кезде  хлорофилл  кемиді,  өсімдік 
жапырағының түсі сарғаяды. 
    Фосфор  тыңайтқыштарының  кең  таралған  түрі  –  суперфосфат 
және  фосфор  ұны.  Суда  ерігіш  фосфор  тыңайтқыштарына  жай 
суперфосфат, қос суперфосфат, аммофос, диаммофос жатады. 
     Суперфосфат – құрамында 14 – 19 % фосфор қостотығы бар, 
суда  жақсы  еритін  сұр  немесе  ақшыл,  сұр  түсті  ұнтақ. 
Суперфосфат  аздап  ылғал  тартады,  табиғи  жағдайда  оның 


 
 
 
143
 
құрамында 2,0 – 2,5 % мөлшерінде бос фосфор қышқылы болады, 
сондықтан  да  оны  көбінесе  бейтарап  және  сілтілі  топырақтарда 
қолданған пайдалы. 
     Тыңайтқыштың  түйіршікті  түрін  реакциясы  бейтарап  және 
қышқылды  болып  келетін  топырақтарға  қолдану  тиімді,  өйткені 
өте  ұнтақ  күйдегі  суперфосфат  түрлі  қосылыстармен  қосылып, 
нашар сіңімді тұздарға айналады. Түйірлі тыңайтқыш топыраққа 
араласып  кетпейді,  сондықтан  фосфорды  өсімдік  өзіне  толық 
сіңіреді.  Сонымен  қатар,  түйіршіктенген  суперфосфатта  бос 
фосфор  қышқылы  да  аз,  сол  себептен  шамалы  дымқылданады 
және  оның  құрамында  ұнтақ  суперфосфатқа  қарағанда  фосфор 
біршама  көбірек.  Топыраққа  сіңірілген  суперфосфат  түрлі 
қосылыстарға  айналатынын  ескерген  жөн.  Мәселен,  күлгін 
топырақты  жерлерде  қолданылған  суперфосфат  топырақтағы 
темір  және  қалайлы  қосылыстарымен  қосылып,  нашар  сіңімді 
тұздарға айналады. 
     Елімізде  химия  өнеркәсібі  соңғы  жылдары  құрамында 
фосфоры көп жоғары жиынтықты суперфосфат шығара бастады, 
оны  көбінесе  қос  суперфосфат  деп  атайды.  Ол  құрамында  42-46 
% фосфор қос тотығы бар, сұр түсті, түйіршікті тыңайтқыш. Суда 
жақсы  ериді.  Қос  суперфосфат  республикамызда  көптеп 
шығарылады.  Фосфор  тыңайтқыштарын  негізгі  тыңайтқыш 
ретінде  пайдаланғанда,  оны  кейін  өсіп-дамыған,  мәселен,  қант 
қызылшасының  тамыры  өзіне  толық  пайдалана  алатындай 
тереңдікке сіңіру қажет. 
     Топыраққа 
сіңірген  тыңайтқыштардан  өсімдіктер  сол 
қолданған  жылы  фосфордың  35  %-ын  сіңіре  алады.  Қалғандары 
топырақта  қалады.  Жыл  сайын  бір  танапқа  фосфор 
тыңайтқыштарын қолдана беруден топырақтың өңделетін қабаты 
да  өсімдіктерге  сіңімді  фосфордың  айтарлықтай  жиналып 
қалуына  жағдай  туғызады.  Мұны  ауыспалы  егістегі  дақылдар 
кеңінен 
пайдаланады. 
Мұндай 
танаптарға 
фосфор 
тыңайтқыштарын  тек  негізгі  топырақ  өндеумен  және  тұқымды 
себумен бірге енгізген дұрыс. 
Преципитат  –  құрамында  25  –  32  %  шамасында  суда  орташа 
еритін фосфор бар, ақ немесе ақшыл сұр түсті ұнтақ. Бұл фосфор 


 
 
144  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
тыңайтқыштарының  екінші  тобына  жатады,  оның  фосфоры 
көбінесе  лимон  қышқылды  аммонийде  жақсы  ериді,  яғни 
өсімдіктерге орташа сіңімді болады. 
     Преципитат ылғалды аз тартады, ұнтақ күйінде топырақ бетіне 
шашуға  ыңғайлы.  Мұны  жай  және  қос  суперфосфаттарды 
қолданғандағыдай  мөлшерде  көбіне  күзде,  егістік  танап 
топырағын өңдеу алдында қолданады. Преципитаттың тиімділігі, 
әсіресе  оларды  қышқыл  реакциялық  және  ылғалы  мол 
топырақтарда қолданғанда арта түседі. 
Фторсызданған фосфат – ақшыл түсті, ұнтақ тыңайтқыш, аздап 
ылғал  тартады,  суда  және  әлсіз  қышқылдарда  мүлдем  ерімейді, 
өте  ұнтақ  болғандықтан,  қолданылған  кезде  шаңданады.  Мұның 
құрамында  21  –  28  %  шамасында  сіңімді  фосфор  бола-ды.  Бұл 
тыңайтқыш  көбінесе  мол,  топырақ реакциясы  қышқыл  жерлерде 
әсерлі келеді. Топырақта баяу еритін болғандықтан, 2 – 3 жылдың 
мөлшерінде  топыраққа  бір-ақ  рет,  тек  күзде  сүдігер  өңдеу 
алдында қолданады, ал оны үстеп қоректендіруге және тұқымды 
себу кезінде, қатар аралықтарға қолдануға мүлдем болмайды. 
Фосфорит ұны – құрамында 22 – 23 % фосфоры бар, оны кәдімгі 
табиғи фосфорит күйінде ұнтақтау арқылы алады. Фосфорит ұны 
ежелден  егіншілікте  қолданылып  келе  жатқан  тыңайтқыш,  оны 
ылғалы  мол,  қышқыл  реакциялы  топырақта  қолданады. 
Фосфорит ұнын әрбір дақыл тамырларының өсу ерекшеліктеріне 
байланысты  әр  түрлі  пайдаланады.  Фосфорит  ұнын  бұршақ  пен 
қыша жақсы сіңіреді. 
     Фосфорит ұнын тиімді пайдаланудың негізгі жолы – оның – 5 
немесе  одан  да  көп  жылға  арналған  мөлшерін  топырақты  терең 
жырту кезінде біржола сіңірген тиімді, өйткені ол топырақта аса 
көп  өзгеріссіз  ұзақ  жылдар  бойы  жата  береді  және  оның 
фосфорын дақылдар бірте-бірте сіңіреді. 
     Фосфор  протоплазма  мен  клеткалар  ядросының  және 
биологиялық  реакцияны  тездететін  көптеген  ферменттердің 
құрамына  кіреді,  өсімдіктерде  көмірсутек  пайда  болуына 
қатысады. Фосфордың кейбір органикалық қосылыстары өсімдік 
мүшесінде энергияны бір жерге жинақтайтын аккумулятор рөлін 
атқарады. 


 
 
 
145
 
    Сол  сияқты  фосфор  тыңайтқышы  дақылдардың  қуаңшылыққа 
төзімділігін  арттырады,  өсімдікке  нәр  болатын  ылғал  мөлшерін 
сақтауға әсер етеді. 
    Фосфор  тыңайтқышы  өсімдіктің  тамыр  жүйесінің  дамуын 
тездетеді,  соның  арқасында  олар  қоректік  заттарды  жақсырақ 
пайдаланады,  ылғалды  көбірек  сіңіреді.  Өсімдікке  фосфор 
жетіспесе,  оның  сабағы  мен  жапырағының  өсуі  тоқтайды  да 
тұқым салмайды. 
     Фосфорға  зәру  өсімдіктер  жапырақтарының  шекті  жиектері 
ширатылады, бетінде күрең теңбілдер пайда болады, зақымдалған 
жерлерінің ұлпалары үгітіліп түсе бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет