Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


ХІІ. ТҰРМЫСТЫҚ ХИМИЯ ӨНІМДЕРІМЕН УЛАНУ



Pdf көрінісі
бет93/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   122
 ХІІ. ТҰРМЫСТЫҚ ХИМИЯ ӨНІМДЕРІМЕН УЛАНУ 
ҚАУІПТІЛІГІ 
 
1.  Химияның  тіршілік  үшін  маңызы.  Адамзат  қоғамы  бұдан 
мыңдаған жылдар бұрын кейбір табиғи шикізаттарды мұқтажына 
сай  өңдеп,  қажетіне  пайдалана  білген.  Қазіргі  заманда  адамның 
өндіргіштік  әрекеттері  саласында  химияның  атқаратын  рөлі  зор. 
Химия    араласпаған  бірде-бір  өндіріс,  шаруашылық  са-лалары 
жоқ.  Табиғат  бізге  тек  бастапқы  щикізатты  –  ағашты,  кенді, 
мұнайды  және  т.б.  береді.  Табиғи  материалдарды  химиялық 
өңдеу  арқылы  ауыл  шаруашылығына,  өндіріске,  тұрмысқа 
қажетті  тыңайтқыштарды,  металдарды,  пластмассаларды,  бояу-
ларды, дәрілік заттарды, сабынды, соданы және т.б. аса маңызды 
әр түрлі заттарды алады. Осы процестерді іске асыру үшін жалпы 
заңдылықтарды білу қажет. Бұл білімді де химия береді. 
      Химияның 
және 
химия 
өнеркәсібінің 
өркендеуі 
шаруашылықтың барлық салаларының дамуына, жалпы ғылыми-
техникалық прогрестің жеделдеуіне әсер етеді. Химия және оның 
жетістіктері  егеменді  еліміздің  экономикасы  мен  мәдениетінің 
өсуіне, халықтың әл-ауқатының артуына ықпал етеді. 
     Химиясыз  ғылыми-техникалық  прогресс  болуы  да  мүмкін 
емес.  Машина  және  аспап  жасау  сияқты  өндіріс  салаларына 
химиялық конструкциялық материалдар қандай қажет болса, қара 
және  түсті  металдарды,  құймаларды,  ағашты,  шыныны 
алмастыратын  берік,  ыстық  төзімді,  оптикалық  мөлдір,  электр 
оқшаулағыш,  жемірілмейтін,  т.б.  қасиеттері  бар  полимерлер 
сондай қажет. 
     Қазіргі  кезде  химияның  қолданылу  аясы  одан  әрі  кеңейді. 
Химия    ғылымы  көптеген  маңызды  ғылыми  жаңалықтар  мен 
жетістіктердің  қуатты  өршіткісіне  айналды.  Физиктер  химиялық 
әдістердің  көмегімен  радиоактивті  элементтерді  таза  күйінде 
бөліп алып, өнеркәсіп қызметіне қосты. 
     Каучуктар,  резеңкелер,  металдар  сияқты  материалдардың 
беріктігін  арттыру  үшін  радиациялық  химия  ядролық 
сәулелендірудің 
тиімді 
әдістерін 
тапты. 
Мұндай 
ірі 
жаңалықтарды  шаруашылықтың  әр  саласынан  кездестіруге 


 
 
 
187
 
болады. Сонымен, химия қазіргі  қоғамдағы неғұрлым көкейкесті 
және  болашағы  зор  проблемаларды  шешуге  ат  салысуда
Олардың  қатарында  мыналарды  атауға  болады:  жасанды 
тыңайтқыштардың 
тиімділігін 
арттыру 
арқылы 
ауыл 
шаруашылығы  дақылдарының  өнімділігін  молайту;  ауыл 
шаруашылығы  дақылдарынсыз  тағам  өнімдерін  синтездеу 
проблемасын  шешу;  шикізаттардың  мүмкін  болатын  түрлерін 
тауып  өңдеу;  энергияның  жаңа  көздерін  табу;  маңызды  табиғи 
химиялық  процестердің  механизмін  анықтап,  оны  жасанды 
жағдайда  іске  асыру;  болашақта  техникалық  міндеттерді  шешу 
үшін  қажетті  жаңа  заттар  мен  композицияларды  синтедеу; 
қоршаған ортаны қорғау, қалдықсыз өндірісті дамыту, т.т. 
     Қазіргі қоғамда әрбір адам өзінің химия ғасырында өмір сүріп 
отырғанын  жақсы  біледі.  Өйткені  химия  адамды  сырт  киіммен, 
аяқ  киіммен  қамтамасыз  етіп  қана  қоймай,  тамақтандырып,  әрі 
емдейді.  Олардың  баспаналы  болып,  өмірін  көркейтуіне 
көмектеседі.  Адамдар  химияның  қызметін  әр  сағат,  әр  секундта 
көреді  десек,  артық  айтқандық  емес.  Үйде  отырып  телевизор 
қарау  немесе  қолды  сабынмен  жуу,  тіпті  автоқаламмен  жазудан 
бастап,  ғарышқа  ұшқанға  дейін  адам  химияның  өнімін 
пайдаланады.  Химиясыз  жасанды  жер  серіктері,  зымырындар, 
планетааралық  станциялар  болмас  еді.  Сондай-ақ  адам  жер 
тұңғиығына  үңіліп,  теңіз  бен  мұхит  тереңдіктеріне  бойлай 
алмаған болар еді. 
     Егер  осы  заманғы  химия  жетістіктерін  жай  ғана  шолып  өтіп, 
келешекке көз салсақ, онда ұшы қиырсыз химия әлемін елестету 
қиын емес. 
     Химия бүгін адамзатты ағаш орнына пластмассамен, жүн, тері 
бұйымдары  орнына  оларды  жасанды  алмастырғыштарымен, 
зығыр,  кендір,  жібек,  жүн  маталары  орнына  синтездік 
талшықтармен  қамтамасыз  етіп  отыр.  Ендігі  бір  мақсат  –  белок 
молекулаларының құпияларын ашып, түрлі ауруларды емдеу мен 
дене  кемістіктерін  түзету,  сондай-ақ  адамзатты  тамақ 
өнімдерімен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. 
     Сондықтан  ХХ  ғасырдың  60-жылдарынан  бастап  дәмді,  хош 
иісті,  қоректік  қасиеті  мол  жасанды  тағамдар  жасау  қолға  алын-


 
 
188  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
ды. Әрине, бұл мақсат үшін табиғи белоктарды (өсімдік, жануар, 
балық,  микроорганизмдер)  қайта  өңдеу  процестері  пайда-
ланылды. 
     Химиктер  тағам  әзірлеу  міндетін  биотехнологтармен  бірлесе 
отырып  шешеді.  Соңғы  кезде  биотехнологиялық  әдістерді 
пайдаланып,  микробиологиялық  синтездер  көмегімен  тағамдық 
мақсатқа пайдаланатын өнімдер өндіру ісі дамып келеді. 
     Біздің  ғалымдарымыз  биотехнологиялық  әдіспен  қазіргі  күні 
қара  уылдырық,  албырт  (лосось)  еті,  сорпалар  (тауық,  сиыр  еті, 
балық),  мармеладтардың  әр  түрлі  сортын,  шырындарды  алып, 
көпшілікке ұсынып та үлгерді. 
     Өсімдік 
белоктарында 
алмаспайтын 
аминқышқылдары 
жетіспейтіндіктен,  міндетті  түрде  тағам  құрамына  қосымша 
түрде  аминқышқылдарын  қосады.  Сондай-ақ  құс  еттерін  әзірлеу 
үшін 
табиғи 
жемдік 
қоспаға 
синтездік 
қосымшалар 
араластырады.  Себебі  тамақта  өзге  құрауыштар  мол  болған 
күннің өзінде де жануарлар ашығады, өспей қалады, жеген жемін 
толық пайдаланбайды. 
     Тағам  өнімдері  проблемасын  шешудің  мынадай  екі  жолын 
ұсынуға  болады:  1)  тағамдық  шикізатты  өңдеуді  практика 
жүзінде  қалдықсыз  өндіріс  етіп  құру;  2)  техникалық  мақсатқа 
пайдаланып  жүрген  азықтық  заттарды  тағамдық  емес  басқа 
заттармен  алмастыру.  Мысалы,  көптеген  елдерде  ірі  қара 
малдардың  60  %-ы  қалдық  түрінде  керексіз  болып  қалады.  Егер 
дұрыс  назар  аударса,  ірі  қарадан  түскен  қалдық  –  қанның 
құрамында  ет  белогынан  кем  емес  белок  болады  екен.  Қанды 
өңдеп  бағалы  белок  алу  ісі  шешілгенімен,  іс  жүзінде  барлық 
жерде қолға алынбаған. 
     Әлі  күнге  дейін  техникалық  мақсатқа  өсімдік  майлары 
қолданылып  жүр.  Оны  мұнайдан  алынатын  өнімдермен 
алмастыру ісі ұзаққа созылып келеді. 
     Көптеген  синтездік  жолмен  алынған  дәрі-дәрмектер  адам 
денсаулығын  қорғайды,  қалпына  келтіреді  және  жақсартады. 
Мысалы,  бізге  жақсы  таныс  аспирин,  анальгин  сияқты 
анальгетиктер  –    ауырғанды  басып,  жүйкені  тыныштандырады, 
бірақ  есірткіге  жатпайды.  Олардың  әсер  ету  механизмі  – 


 
 
 
189
 
ауырғандықты  білдіретін  импульстерді  тасымалдайтын  жүйке 
талшықтарының ұшын «бекітіп тастау». Бұл заттардың қабынуға 
қарсы және ыстықты төмендететін қасиеттері де бар. 
     Дәрі-дәрмектер 
синтездеуде  біздің  ғалымдарымыз  зор 
жетістіктерге  жетуде.  Мысалы,  профессор  С.М.Әдікеновтің 
басшылығымен  қатерлі  ісікке  қарсы  қолданылатын  «Арглабин», 
гепатопротекторлық 
және 
антиоксиданттық 
қасиеті 
бар 
«Салсоколлин»,  қабыну  процесіне  қарсы  қолданылатын 
«Калиор»,  анти-септиктік  және  фунгицидті  қасиеті  бар 
«Цепсеудин» сияқты жаңа дәрілік препараттар синтезделді. 
     Бүгінде  химия  шаруашылықтың  барлық  салаларында  ғана 
емес, күнделікті тұрмысымызда да кеңінен қолданылады. Қазіргі 
уақытта  ғылым  мен  техника  жетістіктері  нәтижесінде  тұр-мыс 
химиясы  зор  қарқынмен  дамуда.  Сондықтан  әлемнің  басқа 
елдеріндегідей  қолданылу  сипатына  қарай  оларды  былайша 
топтастыруға 
болады: 
жуғыш 
заттар, 
тазартушы, 
зарарсыздандырушы  заттар,  жиһаз  бен  еденді  сүртуге,  зиянды 
жәндіктер  мен  өсімдіктерді  жоюға  арналған  препараттар 
(пестицидтер), ағартушы және рең беруші заттар, желімдер, түрлі 
бояулар мен лактар, т.б. 
     Күнделікті  тіршілікте,  тұрмыста  қолданылатын  химиялық 
препараттардан, дәрі-дәрмектерден кейде уланып жататын кездер 
аз  емес.  Препараттарды  қолдануға  сай  жазылған  ескертулер  мен 
ережелерді  оларды  қолданар  кезде  міндетті  түрде  бұлжытпай 
орындау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет