3. Химиялық заттардың адам денсаулығына әсері. Адам
денсаулығына кері әсерін тигізіп, зор зиян келтіретін заттардың
бір тобы: никотин, есірткі және алкогольдік ішімдіктер. Олардың
барлығы
да
органикалық
заттар.
Нашақорлықпен,
маскүнемдікпен және темекі тартумен күресте олардың
молекулала-рының
организмге
тигізетін
қауіп-қатерінің
механизмін білудің маңызы зор. Бұл үш зат организмге түскенде,
алдымен жүйке клеткаларын, қан мен ми, өкпе тіндерін
зақымдайды. Физиологиялық әсерлері өте күшті. Есірткінің
барлығы да медицинада қолданылады, бірақ артық мөлшері
организмге күшті уландырғыш зат ретінде әсер етеді. Организм
оларға тез бейімделеді. Сондықтан емдеу практикасында соңғы
кезде кокаинді анестезиялық зат ретінде қолдануды тоқтатты.