Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет94/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

     2. 
Химиялық  экология.  Химиялық  заттарды  дұрыс 
қолданбаудың  салдарынан  бұл  күнде  адамзаттың  алдында 
химиялық-экологиялық  проблемалар  туындап  отырғаны  да 
сендерге  жақсы  мәлім.  Әсіресе  соңғы  жүз  жылдықта  адамның 
өндіргіштік  әрекетінің  күрт  өсуіне  байланысты  табиғатқа  көп 
зиян  келтірілді.  Адам  –  табиғаттың  бір  бөлшегі  болғандықтан, 
бұл  жағдай  адам  денсаулығына  да  зардаптарын  тигізіп  отыр. 
Табиғатты  ластап,  қоршаған  ортаның  тазалығына  зиян  тигізіп 
отырған бірден-бір себепкер кәсіпорындар қатарында целлюлоза-
қағаз  өнеркәсібі,  химия,  мұнай  химиясы,  мұнай  өңдеу 
зауыттарын,  автокөліктерді  және  т.б.  атауға  болады.  Сондай-ақ 


 
 
190  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
тұрмыстық  химиялық  зат-тарды  дұрыс  пайдаланбау  адам 
денсаулығына зор зиянын тигізуде. 
     Біздің  қоғамымыздағы  басты  байлық  –  адам.  Сондықтан 
елімізде адам денсаулығын қорғауға, қалпына келтіруге арналған 
шаралар  басты  назарда  ұсталып  отырады.  Ол  үшін  өндіріс 
орындарына  түтін  газдарын  зиянсыздандыратын  тазартқыш 
қондыр-ғылар  қойылып,  өндірістің  санитариялық-гигиеналық 
талаптары  белгіленген.  Өндіріс  тарапынан  болатын  зардаптарды 
3топқа  бөлуге  болады:  экономикалық  –  бұл  ластаушы 
қалдықтардың  әсерінен  ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  азаюы; 
жемірілу  әсерінен  құрал-жабдықтардың  тозуы;  әлеуметтік  – 
тұрғындар  денсаулығының  нашарлауы;  емдеуге  жұмсалатын 
қосымша  қаржылар  мен  зақымдалған  аймақтардан  халықты 
көшіруге  жұмсалатын  шығындар;  моральдық  -  өндірістің 
қолайсыздық 
тудыратын 
санитариялық-гигиеналық 
жағдайларына байланысты маманның тұрақтамауы және т.б. 
     Адам  денсаулығына  тек  өндіріс  қалдықтары  ғана  емес, 
автомобильдерден  бөлінетін  қалдық  газдар  да  зиянын  тигізеді. 
Дүние  жүзінде,  шамамен,  500  млн-дай  автомобиль  бар  деп 
есептегенде, атмосфераны ластайтын зиянды қоспалардың 60 %-
ы солардың үлесіне тиеді. Ал автомобильдердің түтін газдарында 
200-ге  жуық  зиянды  қоспалар  болады.  Олар:  көміртек  (ІІ),  азот 
(ІV),  күкірт  (ІV)  оксидтері,  күкіртсутек,  көмірсутек,  қорғасын 
қосылыстары  және  т.б.  Түтін  газдарындағы  қорғасын  мен  сынап 
қосылыстары  қоршаған  ортаны  ластап,  сол  арқылы  организмге 
түсіп,  жүйке  жүйелерін  зақымдайды.  Иіс  газы  (СО)  қан 
гемоглобинімен 
байланысып, 
органдарға 
оттектің 
тасымалдануына  кедергі  келтірсе,  көміртек  (ІV)  оксиді  адамға 
есірткі  сияқты  әсер  етеді.  Теріні,  кілегей  қабықтарын 
тітіркендіріп,  аз  мөлшерінің  өзі  тыныс  орталығын  қоздырады, 
көп мөлшері уландырады. 
     Мұнай 
өндіретін, 
өңдейтін 
және 
кокс-химиялық 
кәсіпорындардан  ауаға  күкіртсутек  газы  көп  бөлінеді.  Оның 
жоғары  концентрациясы  –  жүйке  жүйесін  зақымдайтын  күшті. 
Онымен  тыныс  алғанда,  адамның  тыныс  алуы  бәсендеп,  жүрегі 
тоқтауы  мүмкін.  Өйткені  күкіртсутек  тыныс  алуға  қатысатын 


 
 
 
191
 
ферменттерді  әрекетсіздендіріп,  көз  бен  тыныс  алу  жолдарының 
кілегей қабықшаларын тітіркендіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет