Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


  Гигиеналық  және  косметикалық  химиялық  заттар



Pdf көрінісі
бет96/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

     4.  Гигиеналық  және  косметикалық  химиялық  заттар. 
«Гигиена»  сөзі  грек  тілінен  аударғанда  «денсаулықты  нығайта-
тын» немесе «емдік», ал «косметика» − «өзінді әдемілейтін өнер» 
деген  мағынаны  білдіреді.  Қазіргі  кезде  бұл  екі  саланың 
атқаратын  қызметі  бір-бірімен  тығыз  байланысты,  өйткені 
көпшілік  косметикалық  заттар  гигиеналық  тұрғыдан  қажеттілік 
болып  табылады.  Оларға  жуғыш  заттар  (сусабын,  лосьон,  крем, 
сабын,  сірнелер,  т.б.),  сондай-ақ  тісті  күтуге  арналған  заттар 
жатады.  Қазіргі  кезде  шығарылатын  косметикалық  заттардың 
түрі өте көп. Олардың барлығын бір тақырыпта сипаттау мүмкін 
емес.  Біз  тек  күнделікті  тіршілікте  жиірек  қолданылатын 
түрлеріне ғана тоқталмақпыз. 
     Шаш  күтуге  арналған  заттар.  Шаш  күтуге  арналған 
сусабындар  –  жоғары  май  қышқылдарының  калий  тұздарынан, 
хош  иіс  беретін  және  түрлі  түс  беретін  қоспалардан, 
зарарсыздандырғыштардан,  толықтырғыштардан,  т.б.  заттардан 
даярланады.  Олардың  құрамы  шаштың  құрғақ,  қалыпты  немесе 
майлы  болуына  қарай  әр  түрлі  әзірленеді.  Шашты  жууға 
сусабындарды  пайдалану  арқылы  шаштың  қалыпты  өсуіне  және 
қайызғақты  болдырмауға    мүмкіндік  туады.  Шашты  күту  үшін 


 
 
192  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
осы  күні  шаштың  өзіне  немесе  шаш  түбіне  қорек  беретін 
бальзамдар,  кремдер,  сондай-ақ  әр  түрлі  сірнелер  де  көптеп 
пайдаланылады. 
     Тісті  күтуге  арналған  заттар.  Тісті  күтуге  арналған  маңызды 
заттарға  тіс  пасталары  жатады.  Тіс  пасталарының  құрамы:  өң 
ашатын  (абразивтік),  байланыстырғыш,  көбік  түзетін  және 
қоюландырғыш  заттар  сияқты  компоненттерден  тұрады. 
Бұлардың  алғашқысы  тіске  қонған  тамақ  қалдықтарынан 
тазартып жылтыратады. Өң ашатын зат ретінде көбіне химиялық 
тұндырылған  кальций  карбонаты  СаСО
3
,  кальций  фосфаттары 
СаНРО
4
,  Са
3
 
(РО
4
)
2
,  Са
2
Р
2
О
7
 
және  полимерлік  натрий 
метафосфаты  (NaPO
3
)
n
    қолданылады.  Өң  ашатын  заттардың 
ұнтақ 
қоспаларын 
тұрақты 
пастаға 
айналдыру 
үшін 
байланыстырғыш 
заттар 
қолданады. 
Оларды 
теңіз 
балдырларынан  бөліп  алады,  ал  жасанды  заттардан  целлюлоза 
туындыларын пайдаланады. Жұмсақ ыдыстарға (тюбик) арналған 
қою  массаға  айналдыру  үшін  оларға  глицерин,  сорбит,  т.б. 
қоюландырғыштар  қосады.  Олар  ұзақ  сақтағанда  пастаны  кеуіп 
кетуден  қорғап,  қатаю  температурасын  жоғарылатады  және 
дәмдік  сапаларын  жақсартады.  Пасталар  құрамындағы  өсімдік 
тектес  компоненттерін  микробтардың  бүлдіруінен  қорғау  үшін 
зарарсыздандырғыштар қосады. Ал көбік түзгіш ретінде сендерге 
белгілі беттік белсенді заттарды қосады. 
     Тісті  тісжегі  ауруынан  қорғау  үшін  тек  тазалау  ғана 
жеткіліксіз.  Екінші  жағынан  тістің  минералдық  ұлпаларын 
нығайту  қажет.  Ол  үшін  тіс  пасталарына  фтор  қосылыстарын: 
натрий  фториді  NaF,  аралас  тұзын  NaF  ∙  NaPO
3
,  қалайы  (ІІ) 
фторидін  SnF
2
    қосады.  Қосылыстардағы  F  иондары  ерімтал 
фосфаттарды  қышқылда  аз  еритін  фторапатитке  айналдырады, 
сондай-ақ  алмасу  реакциясы  нәтижесінде  пастада  кальций 
фториді  СаF
2
    түзілуі  мүмкін.  Ол  эмальға  адсорбцияланып,  оны 
қышқылдардың  зиянды  әсерінен  қорғайды.  Фторид  қосылыстар 
ауыз 
қуысында 
органикалық 
қышқылдар 
түзілуін 
жылдамдататын  бактериялар  әрекетін  де  баяулатады.  Қазіргі 
кезде  тіс  пасталары  құрамына  ферменттер  мен  антибиотиктерді 
де қосатын болды. 


 
 
 
193
 
     Пасталарға  жағымды  иіс  пен  дәм  беру  үшін  әр  түрлі  дәмдік 
және  иіс  беруші  компоненттер:  ментол,  жалбыз  бен  қалампыр 
қосқан  майлар,  эвкалиптол,  т.б.  қолданылады.  Ал тәтті  дәм  беру 
үшін  сахарин  (имид  о-сульфобензой  қышқылы)  және  оның 
туындылары пайдаланылады. 
     Кейінгі  кезде  абразивтік  қоспаларсыз,  түссіз,  мөлдір,  сірне 
тәрізді тазалағыш заттар пайда болды. Олардың құрамында сірне 
түзуші  зат  –  кремний  оксиді  SiO
2
    және  әр  түрлі  түске  жеңіл 
боялатын полимерлік материалдар болады. Бұлар сырт түрі әдемі 
болғанымен,  абразивті  пасталарға  қарағанда  тазалағыштық 
қасиеттері төмен болады. 
     Дезодоранттар  немесе  жағымсыз  иісті  болдырмайтын  заттар. 
Олар  тердің  жағымсыз  иісін  жояды.  Дезодоранттарды  екіге 
бөледі:  бірі  –  термен  бірге  бөлінген  метаболизм  өнімдерінің 
айырылуын тежейді немесе тотығуын болдырмайды. Ал екіншісі 
–  тердің  бөлінуін  азайтады.  Осындай  қасиеті  бар  заттарға 
алюминий,  мырыш,  цирконий,  хром,  темір  тұздарын,  сондай-ақ 
формальдегид  пен  этил  спиртін  жатқызады.  Олар  тердің 
құрамындағы заттармен әрекеттесіп, тер бездерінің түтікшелерін 
бекітетін,  сөйтіп  тердің  бөлінуін  азайтатын,  ерімейтін 
қосылыстар  түзеді.  Екеуінің  құрамында  да  хош  иісті  заттар 
болады. Дезодоранттарды қатты түрде, айналмалы шарик түрінде 
және аэрозольді орамада шығарады. 
     Химия  барынша  кең  таралған  формадағы  зат  туралы  ғылым 
ретінде  танылғандықтан,  оның  орталық  ғылым  болмауы  мүмкін 
емес.  Оның  аса  маңыздылығы,  тұтас  алғанда,  бұл  пәннің 
химиялық  реакциялардағы,  процестердегі,  жанды  атаулының, 
ғаламшардың  түзілуіндегі,  заттар  айналымындағы  рөлімен 
анықтала-ды.  Химияның  біздің  ғаламшардағы  өркениеттің 
дамуындағы рөлі баға жеткісіз болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет