Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


ХІІІ. ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРМЕН УЛАНУ ҚАУІПТІЛІГІ



Pdf көрінісі
бет105/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   122
ХІІІ. ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРМЕН УЛАНУ ҚАУІПТІЛІГІ 
 
     1.  Улану  түрлері.  Токсикологияда  практикалық  мақсаттарда 
уланудың мынадай жіктелуі  қолданылады. 
     Пайда  болған  орнына  қарай  өндірістік,  тұрмыстық  және 
дәрігерлік улануды ажыратады. 
     Өндірістік  улану  тікелей  осы  кәсіпорында  пайдаланылатын 
улардың  әсерінен,  авариядан  немесе  зиянды  заттармен  жұмыс 
істеуде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталмауынан пайда 
болады. 
     Тұрмыстық  улану  адамның  күнделікті  өмірінен  туындайды 
және  тұрмыста  дәрілік  препараттарды,  үйдегі  химикаттарды 
дұрыс 
пайдаланбаудан 
немесе 
сақтамаудан, 
алкоголь 
ішімдіктерін  шамадан  артық  пайдаланудан  кездеседі.  Бұл  – 
уланудың  ең жиі ұшырасатын түрі. 
     Медициналық  улану  –  бұл  медицина  қызметкерлерінің  дәрі-
дәрмектердің  мөлшерін  белгілеуде,  оларды  енгізу  әдістерін 
тағайындауда  қателіктер  жіберуінен  медициналық  мекемелерде 
байқалатын кемшілік. 
     Түрлі  улы  заттардың  организмге  енуіне  қарай  уланудың 
экзогендік,  эндогендік,  тағамдық,  ингаляциялық,  инъекциялық, 
терілік  улану  секілді  түрлері  бар.  Адамды  қоршаған  ортадан 
келетін удан улану экзогендік улануға жатады. Эндогендік улану 
көп  жағдайда  бүйрек,  бауыр  секілді  ішкі  мүшелердің  қызметі 
бұзылуынан  түрлі  ауруларда  организмде  түзіліп,  жинақталатын 
уыттардан  пайда  болады.  Организмге  ауыз  арқылы  улы 
заттардың өтуінен тағамдық улану жиі кездеседі. Қоршаған орта 
ауасын-дағы уытты заттармен тыныс алудан ингаляциялық улану 
пайда  болады,  ол  өндірісте  жиі  ұшырасады.  Жылан  немесе 
жәндіктердің шағуынан кездесетін улану инъекциялық улану деп 
аталады. 
     Клиникалық  белгілеріне  қарай  күшті,  созылмалы,  сирек 
кездесетін улану түрлері анықталған. 
     Күшті  улану  организмге  бір  сәтте  заттың  уытты  мөлшерінің 
көп  енуінен  пайда  болады  да,  шұғыл  басталады.  Бұл  уланудың 
негізгі  екі  себебі  бар:  тікелей  азап  шегушінің  іс-әрекетінен 


 
 
 
199
 
туындайтын  субъективтік  және  нақты  қалыптасқан  «уытты 
жағдайдан» шығатын объективті себептер. Субъективті себептер 
негізінен адамның кездейсоқ (байқаусызда) немесе әдейі (өзін-өзі 
емдеу немесе өзіне-өзі қол жұмсау – суицид) улануынан болады. 
Көптеген  елдерде  тұрмыстық  (кездейсоқ  немесе  суицидтік) 
уланулардың саны азаймай отыр. 
     Организмді 
күшті  уландыратын  химиялық  заттардың 
қатарында  100-ден  300-ге  дейін  жететін  атаулар  бар,  алайда 
уланудың  көпшілігі  заттардың  негізгі  бірнеше  топтарының 
әсерінен  кездесуде.  Өмірде  қышқылдармен,  сілтілермен, 
ұйықтататын 
препараттармен, 
этил 
спиртімен, 
инсектицидтермен, көміртек оксидімен улану жиі тіркеледі. 
     Созылмалы  улану  организмге  улы  заттардың  шамалы 
мөлшерде  еніп,  ұзақ  уақыт  әсер  етуінен  пайда  болады.  Мұндай 
ауру  жүйке  және  эндокриндік  жүйелердің  бастапқы  бұзылуын 
көрсететін белгілердің пайда болуынан басталады. 
     Сирек  кездесетін  улану  уытты  заттың  организмге  бір  рет 
енуінен пайда болады, оның клиникалық дамуы өте баяу өтеді де, 
денсаулықтың  ұзақ  уақыт  бұзылуына  әкеп  соқтырады.  Бұл  іс 
жүзінде сирек кездесетін улану. 
     Даму  себептеріне  қарай  кездейсоқ  және  әдейі  улану  түрі 
кездеседі. 
     Кездейсоқ  улану  азап  шегушінің  еркінен  тыс  пайда  болады, 
яғни  өзін-өзі  емдеу  салдарынан  немесе  дәрілік  препараттар 
мөлшерінің  артып  кетуінен,  бір  дәрінің  орнына  екінші  дәріні 
қателесіп пайдаланудан, жазатайым жағдайлардан (жарылыс, улы 
заттардың шығуы) туындауы мүмкін. 
     Әдейі  улану,  атының  өзінен  білінетініндей,  өзіне-өзі  қол 
жұмсау  (суицидтік  улану)  немесе  өзін-өзі  өлтіру  (криминалдық 
улану)  мақсатында  уытты  заттарды  саналы  түрде  қабылдауға 
байланысты болады. Кейде улы заттарды адамды дәрменсіз күйге 
түсіру  (тонау,  зорлау  үшін)  әдейі  қолданатын  жағдайлар  да  кез-
деседі. 
     Организмді  әдейі  уландырудың  «полицейлік»  уландыру  деген 
түрі  де  бар,  мұнда  демонстрация,  шеруді  тарату  мақсатында, 
мысалы, көзден жас ағызатын уларды қолдануға тура келеді. 


 
 
200  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     Суицидтік  улану  жеке  адамның  айналасына  наразылық 
көрсетуі түрінде байқалуы мүмкін, өйткені мұндай жағдайда азап 
шегетін  адам  өзін-өзі  жалған  өлтіру  әрекетін жасауға  ұмтылады. 
Іс  жүзінде  кездесетін  өзін-өзі  өлтіруге  бағытталған  барлық 
уланудың 10 – 15 %-ын жүйке ауруына шалдыққандар жасайды. 
     Ауырлық дәрежесіне қарай уланудың жеңіл, орташа, ауыр, өте 
ауыр, өлердей улану түрлері бар. 
     Уланудың  көптеген  түрлеріне  әкеп  соқтыратын  негізгі 
препараттар  қатарында  психотропты  дәрілер,  атап  айтқанда, 
барбитураттар  бар.  Олар  барбитур  қышқылының  туындылары 
болып  табылатын  органикалық  қосылыстар  тобы,  ұйықтататын 
және  есірткі  құралдар  ретінде  кеңінен  қолданылады.  Қазір 
уланған адамдар арасында барбитураттармен уланғандар 10  – 15 
%-ды  құрайды,  өліммен  аяқталатын  улану  арасында  –  3  % 
болуда. 
     Барбитураттар  –  суда  нашар,  ал  майларда  жақсы  еритін  ақ 
немесе  сары  түсті  кристалдық  заттар.  Олар  ас  қорыту  жолында 
жақсы  сіңіріледі.  Ал  алкогольдің  қатысуында  бұл  процесс 
айтарлықтай  жеделдейді.  Организмнің  барлық  ұлпалары  мен 
биологиялық сұйықтықтарына таралады. 
     Барбитураттар  туралы  жалпы  мағлұматтар:  ұзақ  уақыт  әсер 
ететін  барбитураттар  (8  –  12  сағ.)  –  фенобарбитал  (люминал), 
барбитал  (веронал),    барбитал-натрий  (мединал);  орташа  мерзім 
әсер  ететін  барбитураттар  (6  –  8  сағ.)  –  амитал-натрий 
(барбамил),  этаминал-натрий  (нембутал);  аз  уақыт  әсер  ететін 
барбиту-раттар (4 – 6 сағ.) – гексобарбитал, тиопентал-натрий. 
     Психотропты  әсері  бар препараттарды  ұзақ  уақыт  қабылдауда 
есірткі 
дозасында 
нашақорлыққа 
немесе 
созылмалы 
маскүнемдікке  ұқсас  белгілер  дамиды.  Бірнеше  айлар  бойы  ұзақ 
қабылдаудан  адамның  мінез-құлқы  өзгере  бастайды.  Ол 
ашуланшақ  болып,  өзінің  сыртқы  келбетіне  селқос  қарайды, 
ойлау  қабілеті  төмендейді  және  т.с.с.  Аурудың  алғашқы 
сатысында  науқас  мазасызданады,  әлсірейді,  ұйқысы  қашады. 
Одан әрі жүрегі лоблиды, құсады, іші ауырады... 
 
 


 
 
 
201
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет