14. Адам және химия. Бұл салада химияның төрт бағытын
атап көрсетуге болады: денсаулық химиясы, су химиясы, тамақ
және тұрмыстық химия. Бұлардың алғашқысы науқастарды емдеу
және аурудың алдын алу үшін қолданылатын медициналық
препараттар мен әдістерді жасауды қамтиды. Екіншісі ғаламдық
тұщы су тапшылығымен шұғылданады. Ал тамақтану мәселесі –
бұл адамзат алдындағы негізгі проблемалардың бірі, оны
шешпейінше қоғамның орнықты дамуы туралы сөз қозғау
мағынасыз әрекет болар еді. Тамақ химиясы азық-түлік өнімдерін
өң-деу, сақтау, жасанды қоспалар дайындау мәселесін шешуді
мақсат етеді. Ал құрылыс химиясын, халық тұтынатын
химиялық тауарлар өндірісін және т.с.с. тұрмыстық химияның
бағыттарына жатқызамыз.
Химияның атап өткен бағыттарының бәрі адамзаттың игілігіне
қызмет етуге арналған, оның тұрмысын жеңілдетіп, денсаулығын
197
сақтауды мақсат етеді. Солай бола тұрса да, осы салалардың қай-
қайсысын да ғылыми негізде ұқыптылықпен пайдалан-басақ,
олардың экологиялық және экотоксикологиялық зардаптары
орасан зор болуы мүмкіндігіне толып жатқан мысалдар бар.
Осындай тағылымдарды естен шығарып алмасақ, олардың орын
алуына енжар қарамасақ жарар еді.
Бақылау сұрақтары
1. Тұрмыстық химия өнімдері дегеніміз не?
2. Ауылшаруашылық химиясының қандай маңызы бар?
3. Химия мен денсаулықтың байланысын қалай түсіндіруге
болады?
4. Химияның тамақ өнімдеріндегі алатын орны қандай?
5. Көлік, өнеркәсіп химиясының қандай пайдасы мен зияны
бар?
6. Танымдық, өндірістік, экологиялық химияның зерттеу
нысандары қандай?
7. Адам және химия деген ұғымдардың қандай өзара
байланысын атауға болады?
198 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
Достарыңызбен бөлісу: |