Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет108/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   122
 
 
 
 
 
 
 


 
 
204  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
ХIV. ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ САПАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ  
ДЕНСАУЛЫҒЫ 
 
 1. Атмосфера – Жердің ауа қабығы, оның бірнеше қабаты бар: 
     *  тропосфера  –  Жер  бетіне  жанасып  жатқан  төменгі  қабаты 
(биіктігі 9 – 17 км); 
     * стратосфера; 
     * ионосфера – мұнда тіршілік жоқ. 
 
     Адамның  тіршілігі  үшін  ең  маңызды  қабат  –  атмосфераның 
төменгі  қабаты,  көптеген  газдардың  қоспасынан  тұрады.  Жер 
атмосферасында  оттегінің  мөлшері  көп  –  21  %  болуы  «жердегі» 
тіршіліктің  бірқатар  ерекшеліктерін  қалыптастырған:  организм-
дердің тыныс алуы және метаболизм жолдары өзіндік сипатқа ие 
болған. Құрлық және су организмдері өзіндік тіршілік орта-сына 
бейімделген. 
     Адам  организміне негізінен  атмосфераның  төменгі  15  –  25  км 
аралығындағы қабаты әсер етеді, өйткені ауаның негізгі массасы 
осы  қабатқа  шоғырланған.  Демек,  осы  қабаттың  экологиясын 
сақтау – адамзаттың тіршілігін сақтау болып табылады. 
     Бүгінде  атмосферада  химиялық  қосылыстар  (бензин,  түтін, 
күйе,  шаң-тозаң)  мөлшері жыл  санап  артып  барады,  ал  бұл  онда 
жұқпалы  ауруларды  тарататын  микробтарды  көбейтуде.  Олар  өз 
кезегінде  адамдардың  денсаулығына  қатер  төндіруде.  Ауа 
кеңестігін  ластау  көздері  –    өнеркәсіп  орындарынан, 
автокөліктерден  шығатын  улы  газдар  болып  отыр.  Ауада 
қорғасын  шаңы  көбейсе,  онымен  тыныс  алатын  адамдар  қан 
қысымы көтерілуінен азап шегетін болады. 
     Атмосфера  ластануының  негізгі  3  көзі  бар:  өнеркәсіп, 
тұрмыстық  қазандықтар,  көліктер.  Бұларға  жылу  электр 
стансалары,  металлургия  кәсіпорындары,  химия,  цемент 
зауыттары қосылады. 
     Қазақстанның  аса  ірі  20  қаласында  елді  мекендердің  ауа 
бассейнінің ластануына бақылау жүргізілуде. Зерттеу нәтижелері 
ластану  деңгейінің  артып  отырғанын  көрсетті.  Республикадағы 
ауа тазалығына қолайсыз әсер ететін себептер мыналар: 


 
 
 
205
 
1)  қалалар мен өнеркәсіп орталықтары; 
2)  автокөліктер; 
3)  зымырандар мен сынақ полигондары; 
4)  орман өрттері; 
5)  газ бен мұнай өнімдерін жағу. 
 
     Орта  есеппен  алғанда  республикада  бір  тұрғынға  шаққанда 
атмосфераға  жылына  163  кг  химиялық  қосылыстар,  Қарағанды 
облысында  –  793  кг,  Павлодар  облысында  –  547  кг,  Атырауда  – 
279 кг шығарылады. 
     2002  жылы  «Атмосфера  ауасын  қорғау  туралы»  ҚР  Заңы 
қабылданғанына қарамастан, зиянды қалдықтар шығаруды азайту 
механизмі  енгізілмеген.  Ғалымдардың  ұсыныстары  бойынша, 
ауаны тазарту үшін ағаштарды көбірек отырғызу, кәсіпорындарда 
газ,  шаң-тозаң тұтқыштар орнату керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет