57
сутегі элементі атомдарына тәуелді. Биомолекула құрамындағы
оттегі және сутегі элементтерінің қатынасы сол молекуланың
диспропор-циялану немесе тірі ағзалар ортасында сумен
әрекеттесу қабілеттілігін көрсетеді.
Қалған органогенді үш элемент − азот, фосфор және күкірт,
сонымен қатар, темір, магний элементтері ферменттердің активті
орталықтарын құрайды. Бұл элементтер көміртегі сияқты,
ағзадағы қозғалғыш элементтер қатарына жатады. Органогенді
элементтерге тән қасиет, олар негізінен тірі ағзаларға сіңімді
концентрленетін, суда жақсы еритін қосылыстар түзеді.
Органогенді элементтердің және темір, магний металдарының
тағы бір ерекше қасиеттері − олар ағзада алуан түрлі химиялық
байланыс түзе алатын элементтер. Элементтердің осы қасиеттері
тірі ағзалардағы биомолекулалардың әр түрлі қасиетке ие
болуына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: