Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет72/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

Калий  тыңайтқыштары.  Калий  тыңайтқыштары  суда  жақсы 
ериді,  өсімдікке  тез  сіңеді,  көбіне  табиғи  калий  тұздарынан 
алынады. 
     Калий  тыңайтқыштары  ауылшаруашылық  дақылдарының 
өнімдерін  арттырады,  өсімдіктердің  түрлі  ауруға  төзімділігін 
күшейтеді. 
     Картоп,  көкөніс,  қант  қызылшасы,  тамыртүйнекті  жемшөп, 
темекі дақылдарына калий тыңайтқыштары көбірек қажет. 
     Калий  картопта  крахмалдың,  тамыртүйнекті  дақылдарда  – 
қанттың, жемшөпте – протеиннің мөлшерін арттырады. 
     Топырақтың  құрамында  ол  дақылдардың  физиологиялық 
ерекшеліктеріне,  тыңайтқыштардың  химиялық  қасиеттеріне 
байланысты болады. 
     Калий  тыңайтқыштарын  негізгі  тыңайтқыш  ретінде  күзде 
немесе көктемде жер жырту, культиваторлау кезінде қолданады. 
     Батыс  Қазақстан  облысында,  Қаратауда,  тағы  басқа  жерлерде 
бұл тыңайтқыштардың мол табиғи қоры бар. 
Хлорлы калий – құрамында 56 % калий қостотығы және 30 – 40 % 
хлоры  бар,  қызғылт  түсті,  ұсақ  түйіршікті,  тыңайтқышы  ылғал 
тартады,  сондықтан  да  сақталу  ережесі  орындалмаса,  тұтасып 
қатып қалуы ықтимал. 
     Хлорлы  калийді  көптеген  дақылдарға  әр  мезгілде  қолдануға 
болады, оны кейбір дақылдарға, мәселен темекіге, картопқа, қант 
қызылшасына  қолдануға  болмайды,  себебі  олар  хлордан  зиян 
шегеді. 


 
 
146  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
Күкірт қышқылды калий – құрамында 48 % калий қостотығы, 1,0 
%  магний  тотығы  бар  ақ  түсті  ұнтақ,  аздап  ылғал  тартады. 
Құрамында  хлор  жоқ  болғандықтан,  бұл  тыңайтқыштағы 
күкірттің  де  кейбір  дақылдарға  пайдалы  әсері  тиеді.  Мысалы, 
күкіртті 
пайдаланатын 
капуста, 
қыша, 
турнепс,бұршақ 
дақылдарының  бұл  тыңайтқыштың  құрамындағы күкіртті  жақсы 
пайдалануынан өнімдері біршама артады. 
Калий селитрасы құрамында 40 – 42 % калий қостотығы және 13 
% азоты бар, сарғыштау сұр түсті кристалды тыңайт-қыш, аздап 
ылғал  тартады,  бірақ  қапсыз-ақ  бос  тасымалдауға  болады.  Бұл 
тыңайтқыштың  құрамында  өсімдіктерге  пайдалы  екі  бірдей 
қоректік  зат  бар.  Оның  азоты  нитратты  күйде  болғандықтан, 
көбіне көктемде немесе өніп-өсу кезеңдерінде үстеп қоректендіру 
үшін пайдаланылады. 
     40  пайыздық  калий  тұзы  –  қазір  егіншілікте  аса  көп 
қолданылып  жүрген  атына  сәйкес  құрамында  30  –  40  %  калий 
қостотығы  бар,  қызғылт,  ақшылдау  сұр  түсті,  түйіршікті  бағалы 
тыңайтқыш.  Мұның  құрамында  калийден  басқа  30  –  50  % 
шамасында  натрий  бар,  сондықтан  натрий  сүйгіш  дақылдарға 
мәселен,  қант  қызылшасына  қолдану  өте  ыңғайлы.  Калий  тұзын 
кез келген мерзімде, әр мөлшерде қолдануға болады. Ең тиімдісі 
–  оны  ылғалдың  буға  айналуы  күшейген,  яғни  сүдігер  өңдеу 
кезінде пайдаланған жөн. 
    Өсімдіктер қорегінде калий болмаса, олар қурай бастайды. 
     Калий 
бүршік  тамырларының  дамуына,  клеткалардың 
толысуына  және  бүршік  түйнектерінің  неғұрлым  қаулап  өсуіне, 
жедел жетілуіне үлкен әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет