Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


  Аралас  тыңайтқыштар  және  оларды  дайындау



Pdf көрінісі
бет73/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

     4. 
Аралас  тыңайтқыштар  және  оларды  дайындау 
ережелері.  Аралас  тыңайтқыштар  –  құрамында  азот,  фосфор, 
калий  бар  тыңайтқыш  қоспасы.  Әр  тыңайтқышты  жеке-жеке 
шашқаннан  гөрі  бұған  еңбек  пен  уақыт  аз  жұмсалады,  әрі 
тыңайтқыштың физикалық қасиеті артады. Аралас тыңайтқышқа 
көбінесе 
үстеме 
микротыңайтқыштар 
ретінде 
өнеркәсіп 
қалдықтары  қосылады.  Аралас  тыңайтқыштар  минералдық 
тыңайтқыштарды  органикалық  тыңайтқыштармен  араластыру 


 
 
 
147
 
арқылы  да  дайын-далады.  Мұндағы  әр  түрлі  қоректік  заттардың 
мөлшері  –  топырақтың  ерекшелігіне,  ауылшаруашылық 
дақылдарының қоректік қажетіне қарай белгіленеді. 
     Тыңайтқыштардағы  ылғал  мөлшерінің  әсері  зор.  Егер  құрғақ 
және 
 
ылғал 
тартқыштығы 
шамалы 
тыңайтқыштар 
араластырылатын 
болса, 
онда 
бұлар 
өзара 
химиялық 
әрекеттеспейді  немесе  олардың  мұндай  әрекеттесуі  өте  баяу 
өтеді.  Дымқыл  немесе  ауа-дағы  ылғалды  көп  сіңіріп  алуға  бейім 
тыңайтқыштарды 
араластырған 
кезде 
химиялық, 
өзара 
әрекеттесуі  тез  өтеді.  Тыңайтқыштардың  аса  ылғалды  болуы 
едәуір 
дәрежеде 
олардың 
сусымалылығын 
кемітіп, 
тыңайтқыштарды топыраққа біркелкі енгізуді қиындатады. 
     Ауылшаруашылық 
мамандарының  пікірінше,  ылғалдың 
мөлшері  аммиак  селитрасында  0,17,  мочевинада  0,2  пайыздан, 
суперфосфаттарда  (қос  және  жай)  –  3,5,  хлорлы  калийде  –  1,0 
пайыздан  аспауға  тиіс.  Алынатын  қоспаның  аса  ылғал  тартқыш 
болатындығына  байланысты  селитра  мен  мочевинаны  өзара 
араластырудың,  сондай-ақ  оларды  бір  мезгілде  қоспаға  қосудың 
қажеті жоқ. 
     Азоттың  аммиак  түрінде  ысырап  болуына  жол  бермеу  үшін 
азот тыңайтқыштарының аммиакты түрлерін (аммиак селитрасы, 
аммоний сульфаты, аммоний фосфаттары, аммофос, диаммофос) 
активті  сілтілік  қасиеттері  бар  тыңайтқыштармен,  кальций 
цинамидімен,  құрамында  карбонат  түріндегі  калий  кездесетін 
цемент тозаңымен араластыруға болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет