Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет74/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

     5.  Микротыңайтқыштар  өсімдікке  өте  аз  мөлшерде  қажет 
болатын құрамында мыс, кобальт, мырыш, тағы басқа элементтер 
кездесетін 
қосылыстар. 
Топырақта 
өсімдікке 
сіңетін 
микроэлементтер  жеткіліксіз  болса,  дақылдың  өсуі,  дамуы 
тежеледі, түсімнің сапасы кемиді, ауруға шалдығады. 
     Микроэлементтердің  өсімдіктер  тіршілігінде  маңызы  үлкен. 
Олар ферменттер құрамында кіреді, дақылдың өнімін арттырады. 
     Агротехникалық талапқа сәйкес егістіктің 1 кг топырағында   1 
мг бор, 50 – 100 мг марганец, 6 мг мыс, 1  – 2 мг мырыш, 0,3 мг 
молибден  болуы  керек,  ал  Қазақстанның  егістік  жеріндегі 
топырақтың 1 килограмында орта есеппен 0,4 мг бор, 45 мг мар-


 
 
148  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
ганец,  05  –  5  мг  мыс,  0,17  мг  мырыш,  0,2  мг  молибден  бар. 
Республика  жағдайында  кейбір  микроэлементтер  жеткіліксіз 
болғандықтан,  дақылдың  өнімін  және  сапасын  арттыру  үшін 
микроэлементтер қолдану қажет. 
     Бор  тыңайтқыштарын  қолдану  көптеген  дақылдар  үшін  аса 
тиімді. Бор жетіспесе, өсімдіктер ауруға шалдығады, түсімі және 
оның  сапасы  едәуір  нашарлайды.  Бор  тыңайтқышын  әр  гектарға 
0,3  –  05  кг  шашса,  1  центнер  тұқымды  0,01  –  0,05  %  бор  ерітін-
дісімен  тамырдан  тыс  қоректендіргенде  1  л  суға  200  мг  бор 
микротыңайтқышын  қолданса,  қант  қызылшасының  түсімі  әр 
гектардан    33  –  35  ц,    ал    қант    мөлшері    0,5  –  1,0  %    көбейеді,  
көкөніс түсімі 17 %, бұршақ түсімі 20 % артады. 
Борнодатолит  тыңайтқышы  –  ақшыл  сұр  түсті,  суда  жақсы 
ерігіш, құрамында 2 % бор бар. Бұл тыңайтқышты құрғақ күйінде 
дақылдар тұқымын өңдеуге, егіс алдында культивациялау кезінде 
қолданумен  қатар,  ерітінді  күйінде  дақылдарға  бүрку  арқылы  да 
қолданады.  Қолдану  мөлшері  және  мерзімі  жергілікті  жерлердің 
топырақ  құрамына,  дақылдар  ерекшелігіне  қарай  өзгеріп 
отырады. 
     Республика  топырағында  бордың  мөлшері  көп,  бірақ 
дақылдардың жоғары түсімі әсерінен оның топырақтағы мөлшері 
бара-бара азаюы мүмкін. 
Мырыш  микротыңайтқыштары  –  көбінесе  карбонатты  қара 
топырақта,  жеңіл  механикалық  құрамды  қоңыр  топырақта 
көбірек  пайдаланылады,  өйткені  бұл  жерлерде  мырыштың 
қоректік қоры өте аз болады. 
     Мырыш  тыңайтқыштарын  қолдану  мерзімі  және  мөлшері 
әрбір  дақыл  мен  топырақтың  ерекшелігіне  қарай  өзгереді. 
Мырыш  тыңайтқышы  жеміс-жидек  пен  цитрус  өсімдіктеріне 
қажет. 
     Күкірт  қышқылды  мырыштың  құрамында  23  %  мырыш  бар. 
Өсімдіктерде  жүретін  физиологиялық-биохимиялық  процестерді 
жылдамдатуға 
катализатор 
есебінде 
мырыш 
қатысады. 
Мырыштың  әсері  арқасында  өсімдіктерде  С  витамині,  каротин, 
көмірсу  мен  белоктар  көбейеді.  Мырыш  өсімдіктердің  тамыр 
жүйесінің өсуін күшейтіп, оның аязға, құрғақшылыққа және тұз-


 
 
 
149
 
сортаңға  төзімді  болуына  жақсы  әсер  етеді.  Күкірт  қышқылды 
мырыш  жүгері  түсімін  15  %  көбейтеді.  Топыраққа  пайдалану 
үшін  тұқымды  себер  кезінде  күкірт  қышқылды  мырышты  әр 
гектарға           8 – 10 кг мөлшерінде қолданады, ал дақылдар өсіп 
тұрғанда  бүркуге  0,3  –  05  %  ерітінді  дайындайды.  Мырыш 
тыңайтқыштары  ретінде  республикадағы  кейбір  зауыттардың 
(Өскемен, Текелі) қалдықтарын да тиімді пайдалануға болады. 
     Марганец микротыңайтқыштарын әсіресе жаздық бидай, арпа, 
қант қызылшасы, көкөніс және картоп дақылдары жақсы сіңіреді. 
Мәселен,  Алматы  облысының  бозғылт  қоңыр  топырақты 
танаптарында  марганец  тыңайтқышын  қолданғанда,  қант 
қызылшасының  түсімі  гектарына  30  –  35  центнер,  ал  одан 
алынатын қанттың мөлшері 5 – 6  центнер артатыны анықталды. 
Марганец  қосылған  суперфосфат.  Зауыттарда  дайындалатын 
қара-сұр  түсті,  түйіршікті  тыңайтқыш,  құрамында  17  –  18  % 
марганец  ангидриді  мен  2,0  %  таза  марганец  бар.  Мұны 
қызылшаны  егу  кезінде  қатарлап,  гектарына  0,25  –  0,5  ц 
мөлшерінде,  ал  үстеп  қоректендіру  үшін  0,5  –  1,0  ц  есебінде 
қолданады. 
     Дәнді дақылдар мен жүгеріні себу кезінде оны гектарына 0,6 – 
0,8  ц,  ал  көкөніс  дақылдары  үшін  0,8  –  1,2  ц  мөлшерінде 
пайдаланады. 
Марганец  қоқысы  –  қара  түсті  ұнтақ,  құрамында  14-20  % 
марганец  бар.  Металлургия  зауытының  қалдығы  ретінде 
өндіріледі.  Мұны  марганец  жетіспейтін  топырақтарға,  қант 
қызылшасы егісіне 1,5 – 3,0 ц, дәнді дақылдар және жүгері үшін 
1,5-2,0 ц, ал көкөніс дақылдарына 2 – 3 ц мөлшерде қолданады. 
     Құрамында 
ауыр 
металдар 
кездесетін 
органикалық, 
минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтердің жоғары дозасын 
ұдайы енгізуден топыраққа уыттылығы күшті ауыр металдардың 
мөлшері көп өтуі мүмкін. Тыңайтқыштардың құрамындағы ауыр 
металдардың  мөлшері  олардың  шикізатта  жинақталуына 
байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет