Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет78/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   122
10-кесте 
 
 
 
 
 


 
 
 
157
 
І класс – ерекше 
уытты
 
ІІ класс – уытты
 
ІІІ класс – шамалы 
уытты
 
Кадмий
 
Күшән (мышьяк)
 
Сынап
 
Қорғасын
 
Селен
 
Мырыш
 
Бор
 
Кобальт
 
Мыс
 
Молибден
 
Никель
 
Сурьма
 
Хром
 
Барий
 
Ванадий
 
Вольфрам
 
Марганец
 
Стронций
 
 
     Табиғатта  уытты  және  уытсыз  химиялық  элементтер  деген 
болмайды,  уытты  және  уытсыз  концентрация  болады.  Қоршаған 
ортадағы  химиялық  элементтердің  концентрациясы  олардың 
экологиялық  жіктелуінде  белгілі  бір  рөл  атқарады.  Ауыр 
металдардың  қоршаған  орта  үшін  қауіпті  болатын  мөлшері 
олардың  атмосфераны  немесе  гидросфераны  ластау  дәрежесіне 
ғана емес, олардың химиялық ерекшеліктеріне де байланысты. 
     2. Қоршаған ортаға өтетін ауыр металдардың аса маңызды 
көздері.  Бұлар  табиғи  және  техногендік  көздерге  бөлінеді. 
Табиғи  көздерге  тау  жыныстары  (шөгінді,  магмалық,  метаморф-
тық), үгілу өнімдері (эрозия, жанартау қызметі) жатады. Бұларға 
сондай-ақ термалдық су мен тұздықтар (рассол), ғарыштық және 
метеорит  шаң-тозаңы,  жанартау  газдары,  орман  өрттері  т.с.с 
жатады.  Этна  жанартауы  ғана  жылына  атмосфераға  365  т  мыс, 
130 т – қорғасын, 1100 т – мырыш, 10 т – кадмий шығарады екен. 
     Орман  өрттерінен  атмосфераға  шығарылатын  ауыр  металдар 
ғаламшардағы  мәні  жөнінен  жанартау  атқылауына  теңессе, 
геохимиялық  салдары  жөнінен  едәуір  артық  болады  деп 
есептеледі.  Алынған  мәліметтер  орман  өрттерінің  салдарынан 
атмосфераға  жыл  сайын  350 000  т  темір,  250 000  т  –  мырыш, 
35 000 т – мыс, 6 700 т – қорғасын шығарылады екен. 
     Қазіргі  кезде  көптеген  зерттеушілер  ауыр  металдардың 
қоршаған  ортаға  өтуінде  биологиялық  процестердің  рөліне 
басымдық 
беруде. 
Биологиялық 
көздерге 
өсімдіктердің 
буландыруы, олардың тозаңдары мен спораларының атмосфераға 


 
 
158  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
өтуін  атап  көрсетеді.  Ғалымдар  құрлықтағы  жоғары  сатылы 
өсімдіктерден  атмосфераға  жылына  300  ∙  10
3
  т  мырыш 
бөлінетінін  есептеп  шығарды.  Жапырақты  орманның  1  гектары 
тропосфераға  жылына  0,5  ∙  10
9
  т  ұшқыш  органикалық 
қосылыстарды бөліп шығарады екен. 
     Атмосферадағы  шығу  тегі  биологиялық  ауыр  металдардың 
мөлшері  көбіне  қоршаған  ортаның  антропогендік  жолмен 
ластануына 
байланысты 
болады, 
өйткені 
өсімдіктердің 
ұлпаларына  ауыр  металдар  неғұрлым  көп  өтсе,  олардың 
буландыратын  суы  мен  тіршілік  әрекетінің  өнімдері  соғұрлым 
көп ластанады. 
     Техногендік  көздер  барынша  алуан  түрлі  болып  келеді. 
Олардың  аса  маңыздылары:  қара  және  түсті  металлургия 
кәсіпорындары,  көмір  мен  мұнай  жағатын  электр  стансалары, 
автокөліктер,  мал  шаруашылығы  кешендерінің  қалдықтары, 
сарқынды  су  тұнбалары,  минералдық  және  органикалық 
тыңайтқыштар, тау-кен, химия өнеркәсібі және т.с.с. 
     Ауыр  металдар  техногендік  көздерден  қоршаған  ортаға  алуан 
түрлі қосылыстар түрінде өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет