Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


  Қара  және  түсті  металлургия  кәсіпорындары



Pdf көрінісі
бет79/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   122
Байланысты:
ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ-1

     3.  Қара  және  түсті  металлургия  кәсіпорындары.  Мұндай 
кәсіпорындар  Жер  бетіне  жыл  сайын  кемінде  154 650  т  мыс, 
121 500  т  –  мырыш,  89 000  т  –  қорғасын,  30,5  т  –  сынап 
шығарады.  Өскемендегі  металлургия  кешені  1998  жылы 
атмосфераға  шаң-тозаңмен  қоса  90,3  т  қорғасын  шығарғанын 
В.В.Запасный  (2000)  анықтаған.  Мұнда  биіктігі  150  және  175 
метрлік  түтін  мұржалары  арқылы  22,8  т  шығарылған.  1960 
жылдан  бері  жұмыс  істеп  келе  жатқан  силикат  зауыты  Семей 
қаласында қоршаған ортаны ластауыш ірі кәсіпорын болып отыр. 
Осы  зауыттың  атмосфераға  тазартусыз  шығаратын  шаң-
тозаңындағы 
ауыр 
металдар 
қосылыстарының 
мөлшері 
жұртшылықты  алаңдататын  шамаға  жеткен.  Мұнда  зауыт 
атмосфераға  шаң-тозаңмен  бірге  жылына    1314,4  кг  ауыр 
металдар, оның ішінде 595,8 кг мырыш, 171,4 кг – мыс, 121,9 кг – 
хром,  409,2  кг  –  қорғасын  бөліп  шығаратыны  есептеп 
көрсетілген. 


 
 
 
159
 
     Көмір  мен  мұнай  жағатын  электр  стансалары.  Көмір  мен 
мұнайды жағудан Жер бетіне жыл сайын 1600 т сынап, 3600 т  – 
қорғасын, 2100 т – мыс, 7000 т – мырыш шығарылады. 
     Отының  барлық  түрлерінің  ұшпа  күлі  ауыр  металдарға  бай 
келеді.  Әсіресе  мазуттың,  никель  мен  мырыштың  күлінде 
олардың концетрациясы жоғары болады. 
Автокөліктер. 
Автомобильді 
пайдаланудан 
этильденген 
бензиннің  құрамына  кіретін  қорғасының  25  –  75  %-ы 
атмосфераға  шығарылып,    су  мен  жер  бетіне  қонады  екен. 
Автокөліктердің 
пайдаланылған 
газдарынан 
атмосфераға 
шығарылатын  қорғасын  бөлшектерінің  мөлшері  жанартау 
атқылауы  кезіндегіден  60  –  130  есе  артық  шамаға  жететіні 
анықталған. 
     Американың, 
Еуропа 
мен 
Жапонияның 
кейбір 
автомобильдерге  толы  ірі  қалаларында  атмосферадағы  қорғасын 
мөлшері қазір адамның денсаулығы үшін қауіпті концентрацияға 
жеткен  немесе  соған  жуықтаған.  Қала  ауасымен  тыныс  алуда 
қорғасын  аэрозольдары  кеңірдек  тарамдары  мен  жұтқыншақта 
тежеледі, ал диаметрі 1 мк-ден кішілері (олар шамамен 70 – 80 %)  
өкпеге, одан қан капиллярлары мен эритроциттеріне өтеді. Оның 
үстіне,  «қорғасынды  ауаның»  «қорғасынды  судан»  зияны  артық 
екені мәлім. Қан аздық, ұдайы бастың, бұлшық еттердің ауруы  – 
қорғасынмен уланудың белгілері. 
     Дамушы  елдерде  немесе  өтпелі  кезең  елдерінде  көп 
қолданылатын қорғасын үстемелері қосылған бензин балалардың 
ақыл-ойы  дамуына  зиянды  әсер  етеді.  Мұндай  фактілер  әсіресе 
Бангкоктегі,  Латын  Америкасы  елдеріндегі  балалардан  жиі 
байқалған.  Сондықтан  Еуропаның  көптеген  елдері  әлемдегі 
эколо-гиялық  жағдайға  жақсы  әсерін  тигізетін  этильденбеген 
бензинді пайдалануға толығымен көшуді жоспарлап отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет