5. Ауыр металдардың атмосферадан шөгуі. Ауыр металдар
құрғақ
немесе
дымқыл
шөгу
жолымен
атмосферадан
шығарылады.
Ластауыш
заттардың
жауын-шашынның
қатысуынсыз атмосферадан Жер беті төсенішіне тасымалдануын
олардың құрғақ шөгуі деп түсіну керек. Ал атмосфералық жауын-
шашынның ластауыш заттарды шайып түсіруі немесе олардың
дымқыл шөгуі мынадай екі жолмен орындалады:
−
аэрозоль
бөлшектеріндегі
су
буларының
конденсациялануынан басталатын бұлтішілік шаю;
− жаңбыр, тұман және қар ұшқыны тамшыларынан түсетін
аэрозоль бөлшектерін қамтитын бұлтастылық шаю.
Бұлтастылық шаюда ірі түйіршікті аэрозоль бөлшектері тиімді
шығарылады,
бұл
шаюдың
негізгі
процесі
жаңбыр
тамшыларының бөлшектерді инерциялық қамтуынан тұрады.
Бөлшектердің өлшемдері 1 мкм-ге дейін кішіреюіне қарай
инерциялық қамтудың рөлі азая береді. Сонымен, атмосферадан
түсетін жаңбыр тамшылары өлшемдері 1 мкм-ден үлкен және 0,1
мкм-ден кіші шаң-тозаң бөлшектерін жақсы шаяды.
Атмосфераның бұлт астындағы қабатына қарағанда бұлт
ішіндегі ластауыш қоспалардың шайылуы едәуір қарқынмен
өтеді. Мұнда аэрозоль бөлшектеріндегі судың конденсациялануы
негізгі механизм болып саналады, бұл құрамында ластауыш
заттар кездесетін бұлт тамшыларының түзілуіне себепші болады.
Диаметрі
0,2
мкм-ден
асатын
бөлшектерде
осындай
концентрация жүруі мүмкін. Бұлт суындағы аэрозольдық
бөлшектердің үлесі аэрозольдардың өлшемдеріне байланысты
болады. Құрамында металдары бар аэрозольдардың өлшемдері
қанша-лықты кіші болса, конденсациялану барысында бұлт суы
оларды соншалықты аз сіңіреді.
Ауыр металдардың құрғақ және дымқыл шөгуі нәтижесінде
жер беті төсенішіне түсетін металды аэрозольдар мөлшерінің
арақатынасы өндіріс технологиясына, олардың шығу көздеріне
және, әлбетте, жауын-шашын мөлшеріне тәуелді болады. Қазіргі
164 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
уақытта көптеген аумақтарда ауыр металдардың дымқыл шөгуі іс
жүзінде оның құрғақ шөгуінен басым болып отырғаны мәлім.