Казаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет27/30
Дата06.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#12647
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Дип.-Оқушыларының-қарым-қатынасты-зерттеу-мен-қалыптастыру

16 жаттығу «Шатақтар».

Барлығы көзін жұмып бөлме ішіне тарап кетеді де өзінің құшағын ашып алдындағы адамды ұстап алады. Бұл жаттығуды ән ойнағанда бірдей көздерін жұмып бастайды. Ұстаған адамына оң қолын береді, одан кейін сол қолымен басқа адамның қолын іздейді. Біртіндеп қатысушылардың барлығы шатасқан тізбек құруы керек. Ән тоқтаған кезде әркім өзінің оң қолымен ұстаған қол кімнің қолы екендігін тауып айтады. Кім екенін көзді ашпай анықтау керек.



17 жаттығы «Шағын топта жұпты таңдау».

Топтағылар жұптарға бөлінуі керек. Әр қатысушы өз жұбын ойын барысында іздеп тауып алуы келесі жолмен жүргізіледі.



  1. Қатысушылардың біреуі кіммен қалағысы келетіні бойынша тілегін ашық айтады.

  2. Барлығы шеңбер бойымен көздерін жұмып тұрады. Бастадық, деген бұйрық бойынша барлығы шеңберден шағып, бөлме ішінде емін-еркін жүреді. «Бір, екі, үш» деген шотта барлығы тоқтай қалып көздерін ашады. Көзін ашқан кезде алдындағы адам өзінің қалауына сәйкес келген жұп ортаға шығады, олар келесі жаттығуды осы серігімен бір жұпта болып жалғастырады. Қалғандары көздерін жұмып, жаттығуды басынан бастап, өздері таңдаған адамдарымен қарама-қарсы тұрып кездесуді іздеуді жалғастырады.

  3. Жұптасқандар бұлақ басына серуенге шығу, аялдамада көлік күтіп тұру, серіктерімен саябақта серуендеу жағдайындағы көріністерді ойнайды.

  4. Жұмулы көзімен жұбын тауып алудың көптеген басқа нұсқасын ойлап табуға болады. Олар: «Басшыны таңдау», қатысушылардың өздері кезекпен өздерінің командасына басшыны таңдайды; жұптар келесі ойынды екі жұп арасындағы сайыс ретінде өткізу үшін өздеріне қарсы команда ретінде өнер көрсететін жұпты таңдайды; топтағылардың ішінен өмір бойы қатынас жасап тұратын ең жақын адамын таңдайды; керісінше «алыс» емес адамдар арасынан ең «алысын» таңдайды және онымен жақындасу жолдарын іздейді.

5. Кіші топты біріктіруге арналған басқа да жаттығуларды орындау:

А) саусақтардың санын бірдей етіп бір уақытта ашып тастайды. Алдын ала келіп алуға болмайды.

Б) Барлығы қатарласып шеңбер бойынша отырғанда екінші, үшінші, бесінші адамдардың тұруы талап етіледі. Олар бір қызықты тапсырманы орындайды. «Ауа шарында ұшу», «Адам тұрмайтын құрлықтағы өмір», «Қара және қызыл», «Су астындағы қайық», «Қайнар бұлақ» сияқты ойындар ойналады. Әрбірі ойын әртүрлі мақсатты көздейді (топқа жіктелу, жаттығудың комплекстілігін қамтамасыз еру, дене шынықтыру, артық жиналған эмоцияны шығару, тынығуға арналған).

Психокоррекциялық ойындар нәтижесінде балалардың қарым-қатынаста бір-біріне деген көзқарасы, тілтабысуға деген құштарлығы жоғарылағаны байқалды. Бұл жұмыстардан соң жүргізілген шығыс диагностикасы диагностикалау тестерінің варианттарымен жүргізілді. Бұл зерттеу жағдайдың аз да болса оңға бет бұрғанын байқатты. Сондықтан коррекциялық іс-шаралар оқушылармен жүргізетін жұмыста өз орнын табу керек екендігі дәлелденді.

Мектеп тәжірибесінде ең қажетті және кеңінен пайдаланылатын тренингтер - өз-өзін реттеу тренингтері болғандықтан оларды оқушыларға психологиялық қызмет көрсету барысында кеңінен пайдалану қажет екендігін анықтадық. Өйткені педагогтар барлық уақытта балалармен белсенді қарым-қатынас үстінде болып, осы қатынас барысында олардың іс-әрекеттерін бағалау және өзінің сезімі арқылы олардың жетістігін бағалау қатынасында болу олардан өз-өзін барлық уақытта өте жоғары қадағалауды талап етеді. Бұл шаралар педагогтардың психологиялық сауаттылығын жоғарылатуымен қатар педагогтардың кәсіби қызметінде өте қажетті эмоционалдық жағынан жағымды болу қасиеттерін қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет