Казақстан республикасының денсаулық сақтау



бет46/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76
Ішек сөлі липазасы активті түрде бөлінеді, бірақ өте аз мөлшерде болады.

Асқазан сөлі және ұйқы безі сөлі липазасы ТАГ құрамындағы карбон қышқылының қалдығын біртіндеп бөліп алып, алдымен диацилглицеринді (ДАГ), содан соң β-моноацилглицеринді (β-МАГ) түзеді. Ішек сөлі липазасы β-МАГ-қа әсер етіп, оны глицерин мен май қышқылына дейін ыдыратады:



Фосфоэстеразалар


Фосфоэстеразалар фосфор қышқылынан түзілген күрделі эфирлік байланысты гидролиздейді. Өкілдері: фосфолипаза С және D, глюкозо-6-фосфатаза, АТФ-аза

цАМФ-тің аденил қышқылына айналуына әсер ететін фосфодиэстеразалар, ДНК-аза, РНК-аза осы топшаға жатады.




Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар
1. ГИДРОЛАЗАЛАР -
1) судың қатысында күрделі заттарды ыдырату
2) күрделі заттардан суды ажырату арқылы
3) карбоксилдену
4) гидрлену
5) дегидрлену
РЕАКЦИЯНЫ ЖЫЛМАДАТАТЫН ФЕРМЕНТТЕР

2. ГИДРОЛАЗАЛАР


1)эстеразалар
2) гликозидазалар
3) пептидгидролазалар
4) фосфоэстеразалар
5) липазалар
ТОПШАЛАРЫНА БӨЛІНЕДІ

3. ЛИПАЗА ФЕРМЕНТЫ
1) пептидтік
2) күрделіэфирлік
3) дисульфидтік
4) гликозидтік
5) амидты
БАЙЛАНЫСТАРДЫ ҮЗЕДІ

4. ЭСТЕРАЗАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТОПШАСЫ


1) фосфоэстераза
2) карбоэстераза
3) холестеринэстераза
4) липаза
5) фосфолипаза

5. КАРБОЭСТЕРАЗАЛАРҒА ЖАТАДЫ:


1) асқазан липазасы
2) фосфолипаза А1 және А2
3) фосфолипаза С және Д
4) липопротеидлипаза
5) ішек липазасы
6) ұйқы безі сөлінің липазасы

6. ФОСФОЭСТЕРАЗАЛАРҒА ЖАТАДЫ:


1) фосфолипаза А1 және А2
2) фосфолипаза С және Д
3) липопротеидлипаза
4) глюкозо-6-фосфатаза
5)АТФ-аза

7. ЭСТЕРАЗАЛАР



  1. сілекей

  2. асқазан сөлі

  3. ұйқы безі сөлі

  4. ішек сөлі

  5. жасушалар

ҚҰРАМЫНДА БОЛАДЫ


Толықтырыңыз:

8. ҰЙҚЫ БЕЗІ ЛИПАЗАСЫ АКТИВТЕНЕДІ ____________________________


9. ФОСФОЛИПАЗА С ЖӘНЕ Д ___________________________ЖАТАДЫ


10. ЛИПАЗА СУБСТРАТЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ ______________________


11. ß-МАГ ТЫҢ ГЛИЦЕРИН МЕН МАЙ ҚЫШҚЫЛЫНА ДЕЙІН ЫДЫРАУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФЕРМЕНТ __________________________




12.Асқорыту жолдарындағы Ферменттер____________________ класына жатады.

9 квантталған мәтін тест тапсырмасымен
Гликозидазалар

Гликозидазалар көмірсулардағы гликозидтік байланысты үзеді, жасушаларда, асқорыту сөлдерінде (асқазан сөлінде жоқ) кездеседі. Өкілдері: α- амилаза, γ - амилаза, мальтаза, лактаза, сахараза.




Амилаза
α-амилаза крахмал мен гликогенге әсер етіп, мальтозаға дейін ыдыратады; γ -амилаза бауыр жасушаларында гликогенді глюкозаға дейі ыдыратады. Олар жасушаларда, сілекейде, ұйқы безі мен ішек сөлінде кездеседі.


Мальтаза
Оның әсерінен мальтоза глюкозаның 2 молекуласына дейін ыдырайды; ол сілекейде, ұйқы безі және ішек сөлінде кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет