Гидролазалар
Гидролазалар туралы түсінік
Гидролазалар- судың қатысымен күрделі заттарды жай заттарға дейін ыдырататын ферменттер. Олар жасушаларда кездеседі, бірақ негізінен адамның асқазан ішек жолдарындағы ас қорыту сөлінде. Жасушаларда гидролазалар лизосамада орналасқан, сол себепті оларды лизосомалды ферменттер деп атайды.
Гидролазалардың жіктелуі
Гидролазалардың ең маңызды тобы көмірсуларды, белоктарды, майларды ыдырататын ферменттер болып табылады. Бұл –
1) эстеразалар- липидтердегі күрделі эфирлік байланысты гидролиздейтін;
2) гликозидазалар- көмірсуларлардағы гликозидтік байланысты гидролиздейтін;
3)пептидгидролазалар-полипептидтерде және белоктардағы пептидтік байланыстарды гидролиздейтін.
Эстеразалар
Эстеразалар тобы күрделі эфирлік байланыстың құрылуы бойынша 6 түрлі топшаға бөлінеді. Солардың ішіндегі ең маңыздысы карбоэстеразалар мен фосфоэстеразалар.
Карбоэстеразалар
Карбоэстеразалар - карбон қышқылынан түзілген күрделі эфирлік байланысқа әсер ететін эстеразалар. Өкілдері:
1) липидтердің (ТАГ) гидролизін жылдамдататын, ас қорыту сөлінде (асқазандық, ұйқы безінің, ішек сөлінің) кездесетін липазалар;
2) фосфолипазалар- фосфолипидтердің (ФЛ) гидролизін жылдамдатады. Фосфолипаза А1,А2 ФЛ-дегі сәйкес карбон қышқылдарын бөліп алады. Ал, фосфолипаза С және D (фосфоэстеразалар топшасының өкілдері), ФЛ-дегі фосфор қышқылының қалдықтарын, азотты негіздерді үзеді.
Липазалар
Асқазан сөлі липазасы – активтілігі төмен, тек үшглицеридтерді (асқазанға эмульгирленген түрде келіп түсетін сүттің майларын) ыдыратады. Асқазан сөлінің рН-ы (1,5—2),ол липаза рН (8—9) оптимумына сәйкес келмейтіндігімен түсіндіріледі. Асқазан липазасы сәбилерде активті, себебі асқазан сөлінің рН-ы оларда жоғары (4,5-5,0).
Ұйқы безі сөлінің липазасы (панкреатидтік липаза) — белсенді емес түрде түзіліп, өт қышқылдарының тұздары әсерінен белсендендіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |