Казақстан республикасының денсаулық сақтау


ФЕРМЕНТТЕРДІҢ 1- КЛАСЫ- ОКСИДОРЕДУКТАЗАЛАР



бет50/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15

ФЕРМЕНТТЕРДІҢ 1- КЛАСЫ- ОКСИДОРЕДУКТАЗАЛАР


Анықтамасы
Оксидоредуктазалар- тірі ағзада жүретін тотығу - тотықсыздану реакцияларын катализдейтін ферменттер.


Құрамы
Оксидоредуктазалардың барлық ферменттері екі компонентті, жасушаларда болады.


Әсер ету механизмі
Жасушаларда тотығу тотықсыздану процестері үш жолмен жүреді: сутек атомдарын тасымалдау (гидрид- иондары), оттекті қосып алу және бір субстраттан (тотығатын) екінші субстратқа(тотықсызданатын) электрондарды тасымалдау арқылы.


Оксидоредуктазалардың жіктелуі
Оксидоредуктазалардың топшалары сутектің (электрондардың) доноры болатын функционалды топтарының табиғатына қарай құрылады. Барлығы 90 топқа бөлінеді, бірақ тотығу әдісіне қарай ыңғайлы болу үшін 5 топқа бөледі: 1) дегидрогеназалар (ДГ); 2) оксигеназалар; 3) каталазалар;
4) пероксидазалар; 5) цитохромдар.



  1. Дегидрогеназалар (ДГ)

Дегидрогеназалар – органикалық заттардан(субстраттан) сутекті бөлу арқылы катализдейтін ферменттер. Дегидрогеназалар барлық тірі жасушаларда кездеседі, көмірсулары мен майлардың реакцияларындағы зат алмасуына, сонымен қатар биологиялық тотығуға қатысады.


Дегидрогеназалардың өкілдері
Дегидрогеназалардың өкілдері: 1) пиридиндік ферменттер, 2) флавиндік ферменттер және 3) убихинон.


Дегидрогеназалардың топшалары
Барлық дегидрогеназалар екі топқа бөлінеді: анаэробты және аэробты.
Егер реакция анаэробты жағдайда жүрсе (оттектің қатысынсыз), мұндай оксидоредуктазалардың тобы анаэробты дегидрогеназалар деп аталады. Анаэробты ДГ протондарды(электрондарды) оттекке емес, аралық субстаттарға тасымалдауды тездететін реакцияларды катализдейді (пиридиндік ферменттер, убихинон).
Егер реакция аэробты жағдайда жүрсе (оттектің қатысымен), мұндай оксидоредуктазалардың тобы оксидазалар немесе аэробты дегидрогеназалар деп аталады, олар протондарды(электрондарды) тікелей оттекке тасымалдауды катализдейді (флавиндік ферменттер).



  1. Оксигеназалар

Оксигеназалар органикалық субстраттардың молекулаларына оттектің қосылуын екі жолмен катализдейді:
а) монооксигеназалар немесе гидроксилазалар–субстратқа бір атом оттекті енгізеді;
в) диоксигеназалар – субстратқа 2 атом оттекті енгізеді. Бұл жиі заттың сақиналы құрылысын үзеді. Үзілген жерге оттектің отомдары байланысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет