Казақстан республикасының денсаулық сақтау


ПФ(НАД) ның биологиялық рөлі



бет53/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15

ПФ(НАД) ның биологиялық рөлі
НАД-қа тәуелді дегидрогеназалар негізінен мынандай процестерге қатысады:

  1. Жасушалық тынысалу (биологиялық тотығу);

  2. Гликолиз (аэробты, анаэробты);

  3. α-кетоқышқылдарының тотығудан декарбоксилденуі;

  4. Үшкарбон қышқылдарының циклі (ҮКЦ).

ПФ (НАД) ның өкілі - ЛДГ
Лактатдегидрогеназа (ЛДГ) сүт қышқылының қайтымды пирожүзім қышқылына дейін тотығуын катализдейді:
ЛДГ
СН3-СНОН – СООН + НАД+ ↔ СН3- СО-СООН + НАДН + Н+
Сүт қышқылы Пирожүзім қышқылы


ЛДГнің диагностикалық маңызы
Анаэробты зат алмасу процестерінде- бауыр, қаңқа бұлшық еттерінде негізінен ЛДГ4,5 болады, онда ол сүт қышқылының және екі молекула АТФтің түзілуін катализдейді. Қан сарысуында аурудың диагнозын ЛДГнің белсенділік деңгейін анықтау арқылы білуге болады. Мысалы, ЛДГ1,2 белсенділігінің артуы миокард инфарктысында байқалады; ЛДГ4,5 артуы– бауыр ауруында (гепатит, цирроз) байқалады ( теорияның 2.11 тарауын қараңыз).


НАДФ+тің биологиялық рөлі
НАДФ-ке тәуелді дегидрогеназалар биологиялық тотықсыздану, синтезделу реакцияларына қатысады: 1)ксенобиотиктердің гидроксилденуі; 2) пентозофосфаттық циклде; 3) май қышқылдарының β- тотығуы мен синтезіне; 4)холестерин мен стероидтардың синтезі мен гидроксилденуіне. 5) НАДФН2– жасушалардағы энергияны сақтаудың екінші түрі, усыздандыру процестеріне қатысады. НАДФ-ке тәуелді дегидрогеназалар цитоплазмаларда болады.


ПФ(НАДФ=NADP)ның өкілдері
Митохондрияда ҮКЦда түзілген малат жасушаның цитозоліне ауысуы мүмкін. Цитозольде NADP-ке тәуелді дегидрогеназа (малик фермент) бар, ол малаттың тотығудан декарбоксилдену реакциясын катализдейді:



Бұл реакция NADPH тың түзілуінің маңызды көздерінің біріне жатады, одан басқа ол глюкозаның пентозофосфаттық жолмен тотығуында түзіледі.
NADP -ке тәуелді дегидрогеназаларға изоцитратдегидрогеназа, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа, 6-фосфоглюконатдегидрогеназа, еноилредуктаза және басқалары жатады.


Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптарды түгел дөңгелектеңіздер.
1. ПИРИДИНДІК ДЕГИДРОГЕНАЗАЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫНА КІРЕДІ

    1. кофермент

    2. апофермент

    3. мырыш ионы

    4. РР витамині

    5. В2 витамині

2. ПИРИДИНДІК ФЕРМЕНТ ТЕРДІҢ КОФЕРМЕНТТЕРІ БОЛА АЛАДЫ



    1. Mg2+

    2. НАД+

    3. ФМН

    4. НАДФ+

3.АПОФЕРМЕНТ ПЕН КОФЕРМЕНТ БІР – БІРІМЕН БАЙЛАНЫСАДЫ



    1. мырыш ионы

    2. РР витамині

    3. НАД+

    4. Mg2+ арқылы

4. НАД+ ТЫҢ ҚҰРАМЫНА КІРЕДІ



    1. цитозин

    2. никотин қышқылының амиді

    3. көмірсу- рибозаның екі қалдығы

    4. фосфор қышқылының екі қалдығы

    5. көмірсу- рибозаның бір қалдығы

5. ЖАСУШАДАҒЫ АНАЭРОБТЫ ЗАТ АЛМАСУЫНДА ТОТЫҒУ ПРОЦЕСІ МЫНАНДАЙ ШАРТТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРЕДІ



      1. гидроксилазалардың қатысы

      2. субстраттың дегидрленуі

      3. оттекті субстратқа байланыстыру

      4. диокситуындыларының түзілуі арқылы әрекеттесу

6. БІРІНШІЛІК ДЕГИДРОГЕНАЗАЛАР



      1. субстратқа бір атом сутекті байланыстырады

      2. субстратқа екі атом сутекті байланыстырады

      3. флавиндік дегидрогеназалардан электрондарды алады

      4. субстраттан тікелей сутек атомдарын үзіп алады

7. ГИДРИД-ИОННЫҢ АКЦЕПТОРЫ



    1. аденин

    2. рибоза

    3. фосфодиэфирлік байланыс

    4. никотин қышқылы амидінің көміртек атомы

8. НАД+ТЫҢ ТОТЫҚСЫЗДАНУЫНАН



    1. апоферментпен байланыс үзіледі

    2. бір протон ерітіндіге ауысады

    3. никотинамидтің оң заряды жоғалады

    4. апофермент тотыққан НАД+тың басқа молекуласымен байланыспайды

9. ТОТЫҚСЫЗДАНҒАН ПФ ДЕГИДРОГЕНАЗАЛАР БЕРЕДІ

    1. электрондарды оттекке

    2. электрондарды убихинонға

    3. электрондарды цитохромдарға

    4. сутек атомдарын флавиндік ферменттерге

10. ПИРИДИНГЕ ТӘУЕЛДІ ДЕГИДРОГЕНАЗАЛАР ОРНАЛАСАДЫ



    1. цитозольде

    2. лизосомаларда

    3. митохондрияларда

    4. цитозоль мен митохондрияларда

11. ПФ ФЕРМЕНТІНІҢ СУБСТРАТТЫҚ АРНАЙЫЛЫҒЫ ТӘУЕЛДІ



    1. коферментке

    2. апоферментке

    3. кофермент пен апоферменттің байланыстылығына

12. НАД-ҚА ТӘУЕЛДІ ДЕГИДРОГЕНАЗАЛАР ҚАТЫСАТЫН ПРОЦЕСТЕР



    1. ҮКЦ

    2. гликолиз

    3. β- тотығу

    4. жасушалық тынысалу

    5. май қышқылдарының гидролизі

13. ПИРУВАТТЫҢ ӨЗГЕРІСІНЕ НАДH2 ҚАТЫСҚАНДА ТҮЗІЛЕДІ

    1. лактат

    2. ацетил-КоА

    3. оксалацетат

    4. фосфоенолпируват

14. НАДФ-КЕ ТӘУЕЛДІ ДЕГИДРОГЕНАЗАЛАР ҚАТЫСАДЫ



    1. усыздану реакцияларына

    2. пентозофосфаттық циклге

    3. тотықсыздану реакцияларына

    4. ксенобиотиктердің гидроксилденуінде

15. ТІЗБЕКТІ ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАҢЫЗ:


МИОКАРД ИНФАРКТІСІН АНЫҚТАУДАҒЫ ЭНЗИМОДИАГНОСТИКАДА АНЫҚТАЛАТЫН ФЕРМЕНТТІҢ БІРІ
1) қышқылдық фосфатаза
2) лактатдегидрогеназа
3) амилаза
БҰЛ ФЕРМЕНТТІҢ ЖАТАТЫН КЛАСЫ
1) гидролаза
2) лигаза
3) оксидоредуктаза
ОСЫ КЛАСТЫҢ КОФЕРМЕНТТЕРІНІҢ БІРІ
1) пиридоксальфосфат
2) биотин
3) NAD+
БҰЛ КОФЕРМЕНТТІҢ ВИТАМИНІНЕ ЖАТАДЫ
1) никотин қышқылы
2) пиридоксин
3) биотин

13 квантталған мәтін тест тапсырмасымен






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет