Дегидрогеназалар
Пиридиндік ферменттер (ПФ)
Пиридиндік ферменттердің құрылысы
Пиридиндік ферменттер (ПФ)– апофермент (белок) пен коферменттен тұратын екі компонентті ферменттер.
Пиридиндік ферменттердің коферменттері
Пиридиндік ферменттердің коферменттерінің құрамына НАД+(никотинамидадениндинуклеотид) немесе НАДФ+ (никотинамидаде-ниндинуклеотидфосфат) кіреді.
Ал коферменттердің құрамында РРвитамині болады (никотинамид немесе ниацин деп аталады). Апофермент пен коферменттің арасындағы байланыс әлсіз, олар мырыш арқылы байланысады. Ерітіндіде әрқашан қайтымды ПФ ↔ апофермент + кофермент (НАД+, НАДФ+) тепе-теңдік болады:
НАД+ тың құрамына аденин (1), никотин қышқылының амиді (2), рибозаның екі қалдығы (3) және фосфор қышқылының екі қалдығы (4) кіреді. Екінші маңызды кофермент – никотинамидадениндинуклеотидфосфаттың ( НАДФ+) молекуласында рибозаның (3) 21 –көміртек атомына байланысқан фосфор қышқылының тағы да бір қалдығы болады.
Пиридиндік ферменттердің әсер ету механизмі
НАД қа тәуелді дегидрогеназалар заттардың (субстраттың) тотығу реакцияларын дегидрлеу арқылы катализдейді, тотығатын зат сутектің доноры болады, ал НАД+ сутектің акцепторы болады, яғни ол тотықсызданады. Тотығу-тотықсыздану реакцияларына пиридиннуклеотидтік коферменттің тек никотинамидтік сақинасы ғана қатысады (РР).
Тотыққан жағдайда сақина ароматты болады және оң зарядқа ие болады. Осы себептен коферменттерді НАД+ немесе НАДФ+ деп белгілейді, зарядтары арқылы олар апоферментті байланыстырады.
Тотықсызанған түрі
Тотыққан түрі
Субстрат-Н2(SH2)+ НАД(Ф)+ ↔ Субстрат (S) + НАД(Ф)Н + Н+
Пиридиндік ферменттердің коферменттері НАД+ и НАДФ+ тотығатын субстраттардан сутекті тікелей бөліп алу арқылы катализдейтін болғандықтан оларды біріншілік дегидрогеназаларға жатқызады. Тотығу кезінде НАД+ субстраттан (SH2) екі атом сутекті бөліп алады[яғни екі электрон мен екі протонды ]. Бірақ НАД+қа тек гидрид- ион барады (H-, екі электрон мен бір протон). Никотин қышқылы амидінің 4-ші жағдайындағы көміртек атомы гидрид-ионның акцепторы болады. Бұл жерде СН2 –алифатты топ пайда болады да сақинадағы қос байланыстардың орны өзгереді, оң заряд жоғалады. Екінші протон сулы ортаға шығады, сондықтан тотықсызданған кофермент НADH2 емес НADH + H+ деп белгіленеді. НАД+ тотықсызданғанда оның апоферментпен байланысы үзіледі. Апофермент басқа тотыққан НАД+ пен байланысады. НАД қа тәуелді дегидрогеназалар митохондрияларда болады. Тотықсызданған ПФның дегидрогеназалары сутекті флавиндік ферменттерге береді. Ферменттің субстраттық арнайылығы оның белоктық бөлігіне тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |