Казақстан республикасының денсаулық сақтау


Глутаминсинтетаза ферментімен катализденетін реакция



бет15/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15

Глутаминсинтетаза ферментімен катализденетін реакция:



Глутамин қышқылы




2.8. ФЕРМЕНТАТИВТІ КАТАЛИЗ КИНЕТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ


2.8.1. Ферментативті реакциялардың кинетикасы – бұл ферменттермен катализденетін, химиялық реакциялардың жылдамдықтарының әрекеттесуші заттардың химиялық табиғатына және қоршаған орта факторларына тәуелділігін зерттейтін энзимологияның бөлімі. Ферменттердің каталитикалық белсенділігін анықтау үшін реакция жылдамдығы немесе ферменттің белсенділігі сияқты көрсеткіштерді қолданады.


Ферментативті реакция жылдамдығы уақыт бірлігінде субстрат молекуласының мөлшері азаюымен немесе өнім молекуласы мөлшерінің артуымен анықталады. Ферментативті реакция жылдамдығы ферменттің каталитикалық белсенділігінің өлшемі болып саналады және фермент белсенділігі деп белгіленеді.
Тәжірибеде фермент белсенділігін сипаттайтын шартты өлшемдер қолданылады: 1 халықаралық белсенділік бірлігі (ХБ) оптимальды жағдайда (температура 37°С, ерітінді рН-ның оптимальді мәні) 1 мкмоль субстраттың өзгерісін 1 минут ішінде катализдейтін фермент мөлшеріне сәйкес. Осы белсенділік бірліктері медициналық және фармацевтикалық тәжірибеде фермент белсенділігін анықтауға қолданылады:






1мкмоль субстраттың өзгерісі
1ХБ = ---------------------------------------------
1мин

Халықаралық бірлік жүйесінде (СИ) (1973 ж.) фермент белсенділігінің бірлігі – катал (кат) болып есептелінеді. Катал — 1 секунд ішінде субстраттың 1 молекуласын каталитикалық өзгеріске ұшырататын ферменттің мөлшері, 1kat = 1 моль/с. Меншікті белсенділік (зертханалық бірлік): белоктың моль/сек мг-ы. Ферменттің тазалық дәрежесі меншікті белсенділік бойынша қарастырылады: бөтен белоктар неғұрлым аз болса, меншікті белсенділік соғұрлым жоғары болады.




2.8.2. Ферментативті реакциялардың кинетикасын энзимдік реакциялардың оптималды жағдайда өтуіне қарай зерттейді. Әрбір ферменттің өзіне тән оптимальды жағдайы, ең алдымен, реакция жүретін температура мен ерітіндінің рН мәнімен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет