Еңбектің практикалық мәні. Диссертациялық жұмыстың материалдары өзінің қоғамдағы мәдени процестерді бірегей және тұтас түрде зерттеуі арқылы прақтикалық мәні өлшеусіз, бір ыңғайдағы әрі мемлекеттік тұрғыдағы Қазақстандық мәдени даму түғырнамасын (концепциясын) жасауға оң ықпалын тигізуі мүмкін. Зерттеу жүмысымызда көрсетілген объективтік шындықтың мәдени салада орын алған проблемалардың іргесін көтеруге ат салысатынына күмән жоқ. Сонымен қатар, зерттеу материаддарының, Қазақстан тарихының мәдени дамуына қатысты тарауларымен жүмыс істеп жүрген авторларға септігін тигізіп, көптеген оқулықтардың аталмыш бөлімдеріндегі олқылықтарды толтыруға үлес қосатынына үміт артамыз. Сондай-ақ, диссертациялық жұмысымыздың материалдары жекелеген ғылыми еңбектер мен жоғары және орта оқу орындарына арналған оқулықтар жазуда және арнаулы курстар мен факультативтер оқу барысында көмегін тигізе ме деген ойдамыз.