2.2Ұлттық мәдени дамудағы жетістіктер мен кемшіліктер
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Үшінші мыңжылдықтың басында Қазақстан Республикасы да тәуелсіздікке қолдары жақында ғана жеткен ТМД-ның өзге елдеріндегідей күрделі әрі өзіндік ерекшеліктері мол, өтпелі кезенді басынан кешіруде. Бүл кезең XXI ғасыр табалдырығын аттар сәтіміздегі сан түрлі саяси-экономикалық және әлеуметгік-мөдени қиыншылықтарымен айрықша бедерленіп отыр. Аталмыш, шешімі оңай емес, күрмеулердің, біздің пікірімізше, ең бір өзектісі де, алдымен назар аударуды қажет ететіні де — алдымен қоғамымыздың рухани проблемаларын қамтитыны ешбір күмән тудырмайды. Ал қоғамның руханияты мен мәдени-әлеуметтік дамуының шексіз ролі мен осы салага бүтінде қаншалықты түрғыда түрақты түрде мән беріліп отырғанына адамзат тарихы мен әлемдегі өркениетті елдердің қазіргі даму үрдістері, олардың жүріп өткен жолдары мен тәжірибелері куә болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президент! Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды. Мәдениет-адамзаттың өзінің материалдық және рухани байлығын жасау барысындағы белгілі бір тарихи даму дәрежесінің шынайы көрінісі деген түсінікке иек артсақ, алдымен, ойымызға еліміздің және халқымыздың бүгінгі рухани-мәдени ахуалы оралады. Бұл саланың, өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын көріп отырған шағымызда өзіне ерекше мән беріп, айрықша назар аударуды талап етіп отырғаны өмір шындығы. Мәселенің өзектілігін қазіргі Қазақстандағы жүріп жатқан мәдени процестерге қатысты — олар нендей халде? — деген түбірлі де қомақты бір ғана сұрақтың айқындап түрғанына кәміл сенімдеміз.
Жоғарыдағыдай тарихи-теориялық негізі мейлінше өзекті мәдени проблемалар, оның ішінде мәдени процестер турасында сөз ете отырып, аталмыш тақырыптың өзегі әрі ұлттың рухани келбеті мен мәдени дамуында өзіндік мәні өлшеусіз проблема — XX ғасырдың 80-90-шы жылдарындағы республикадағы мәдени процестер болып табылатындығын айтып өтпекпіз. Зерттеуімізге негіз болған — XX ғасырдың 80-90-шы жылдарындағы еліміздегі мәдени процестер турасындағы диссертациялық жүмысымыздың өзіміз бүған дейін айтып өткен методологиялық мәні бар пікірлерімізді іс жүзінде дөлелдеу ниеттерімен тығыз байланысы жене айқын.
Адамның жалпыәлемдік көзқарасы алдымен оның рухани қызметтен бастау алады деген түжырымға иек артсақ, тәрбиелік әрі тәлімгерлік маңызы өте зор рухани-эстетикалық проблемаларды шешу, олардың тетігін таба білу — әрқашанда өзінің өзектілігін жоғалтпайды. Және бұл барлық қоғамға да тән қасиет.
Екіншіден, біздер екшелеп алған хронологиялық шеңбердегі мәдени процестерді зерттеу барысындағы келесі бір өзекті мәселе: мәдени құрылыс саласындағы кеңес өкіметінің мемлекеттік саясатына, әсіресе, оның агониялық халды басынан өткеруге мәжбүр болған соңғы кезеңдеріне, жан-жақты талдау жасау қажеттілігі; оларды жаңа көзқарастар жүйесінен зерделеу; Қазақстан тарихының осыған қатысты
1
"ақтандақтарын" ашып көрссту мен шама-шарқынша толымды да, объективтік пікірлер айту ниеті.
Үшіншіден, таңдаған тақырыбымыздың өзектілігіне осы мәдени даму процестері барысында соңғы жылдары дүниеге келген тың да, тосын факторлар куә болып табылады. Атап айтқанда, тоталитарлық жүйе мен қызыл империя — КСРО-ның күйреуіне орай өріс алған Қазақстандық Ұлттық Қайта Өрлеудің қыры мен сырына мұқият көз салған жөн. Осы Қайта Өрлеудің алғашқы мәдени-әлеуметтік қадамдарын мүқият екшелеп, ой елегінен өткізіп, методологиялық тұғыры мықты тарих принциптеріне арқа сүйей отырып, тиісті бағасын беру — зерттеудің алдына қойған жалпы мақсатын ғана қамтып қоймай, оның өзектілігінен де хабар беретіндігіне шүбә жоқ.
Төртіншіден, зерттеу тақырыбының аясы айтарлықтай кең деп айтуымызга толық мүмкіншілік бар. Зерттеу жүмысымыз Кеңес заманыңдағы Қазақстан мәдениеті дамуының тарихынан бастап, бүгінгі Қазақстандағы әлеуметтік-мәдени процестер мен жалпы Қазақстандық мәдениеттің қазіргі ахуалына дейінгі мерзімді кеңінен қамтиды. Яки, алғашқы онжылдық өткен тоталитарлық мерзімді қамтыса, келесі онжылдық жаңа қоғам немесе нарықтық қоғам мен демократияға қөшудегі өтпелі қезеңді қамтиды. Оған қоса әлемдік мәдсниеттің дамуына қатысты тың үрдістер мен қүбылыстарға да талдау беріледі. Бүл да тақырыптың өзектілігіне қызмет етеді деген ойдамыз.
Бесіншіден, біздің ойымызша, тоталитарлық жүйе күйрегеннен соңғы ұлт мәдениетінің қайта өрлеуіне орай, ардақты есімдері халқына қайта оралған ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ шығармашылық-мәдени зиялы қауымның өкілдеріне қатысты соны ой-пікірлер жүйесін қалыптастыру қажет. Әсіресе, тарихи көзқарастар тұрғысынан. Қандай да болмасын қоғам өзінің болашағын ойлайтын болса өткенін таразылап, басынан кешкен тарихынан айтарлықтай сабақ алып отырады. Нақ осы тұрғыдан өткенніңң мәдени дамуға қатысты тәжірибелеріне айрықша ден қойып, оның іске жарамдыларын кәдеге асыра білу де ауқымды проблема. Яғни, мәдени-ағарту ошақтарының кеңес дәуіріндегі қол жеткен жетістіктерін бүгінгідей өтпелі кезенде орнымен қолдану проблемалары да түбегейлі зерттеулер, түрлі сараптамалар мен талдауларды қажет етеді. Бұл да тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Жан-жақты интеграцияланған ақпараттық "ашық қоғамға" бет алғанымызға қарамастан мәдени инфрақұрылымдардың дәстүрлі жүйесінен қол үзгеніміз шындық. Қазақстан Даму институты мен Біріккен Үлттар Үйымының сарапшыларының зерттеуі көрсетіп отырғанындай: 1997 жылдың мамыр айында Қазақстан адами даму деңгейі түрғысынан, элем бойынша, 1993 жылғы 54 орыннан 93 орынға дейін құлдырады /1/. Көрсеткіштер алдымен қоғамдағы рухани-мәдени процестерді қамтиды. Ал бүл өз кезегінде мәдениетке қатысты тұрақты да перспективалық мәні зор мемлекеттік саясатты қажет етеді. Тақырыбымыздың өзектілігіне байланысты ой-пікірлерімізді осы түйінмен ықшамдағанды жөн көрдік.