Казақстандағы XX ғасырдың 80-90-шы жылдарындағы мәдени процесстер



бет9/10
Дата06.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#14743
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дина Жақсыбаева мәдени тарих (1)

Диссертацияның негізгі мазмұны мен құрылымы кіріспелік бөлімнен, үш тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен түрады.

8



1. КЕҢЕС ӨКІМЕТІ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

1.1Кеңес өкіметінің мәдени құрылыс саласыңдағы мемлекеттік саясаты

Қазіргі Қазақстан тарихында Кеңес өкіметіндегі мәдени процестердің дамуы жөнінде аз айтылып та, жазылып та жүрген жоқ және олардың бәрі біркелкі де емес. Ал тарихқа деген объективтілік біздерден зерттеу тақырыбымыздың осы бөлігінде шындық пен ақиқатты талап етеді. Жаңа көзқарастарға жетелейді.

Еліміздің егемендік алуы, қоғамдағы нарықтық экономика, демократиялық процестер мен плюралистік көзқарастар жүйесі бізді бүгінде жалпы адамзаттық қазыналылықтар мен құңдылықтарға жетелеп отыр. Республиканың кеңес заманында мәдени-ағарту мен шығармашылық яки халыққа эстетикалық тәрбие беруде елеулі жетістіктерге жеткені күмәнсіз. Алайда, осынау іргелі табыстарымызды суреттеу барысында және оларға шын мәніндегі бағасын беруде "артта қалған" Дала аймағындағы "Ұлы Октябрь жеңістерін" шамадан тыс мадақтау мен марапаттауға негізделген әсіре оптимистік көзқарастардың белең алғаны да құпия емес. Тоталитарлық қоғамда біздің осынау зерттеуімізге арқау боп отырған—елдің рухани-мәдени дамуында, ондағы мәдени процестерге—КОКП басшылығының волюнтаристік саясаты айтарлықтай зиянын тигізді.

Егер біздер жоғарғы деңгейдегі мәдениетсіз—өркениетті қоғам да жоқ деген түғырлы ойға иек артсақ, рухани- мәдени дамудың және оның күнделікті өмірінің айнасы болып табылатын—мәдени процестердің— өресі биік болғанына қарамастан, талай "тар жол тайғақ кешулерді" басынан өткергенін көреміз.

Сөз жоқ, мәдени құрылыс саласында Кеңес өқіметі көптеген жетістіктерге жетті. Мемлекеттің осы салада жүргізген саясатының арқасында халықаралық рекреацияға сай—едәуір дамыған мәдени-ағарту ошақтарының жүйесі дүниеге келді. Бұлардың қатарына мәдениет Сарайлары мен клубтарды, ғылыми-мәдени әдістемелік және халыққа білім беру Орталықтарын, түрлі мұражайларды /тарихи-революциялық, аймақтық, әдеби және т.б./, көрмелерді, мәдени-демалыс парктерін, театрларды, филармонияларды, кинотеатрларды, цирктерді, мықты дамыған кітапханалар жүйесін және т.б. жатқызуға болады. К.Маркстің: "Егер өнерден ләззат алғың келсе, соған сай білімің мен талғамың болуы қажет" /15, 69/ атты қанатты ойын большевиктер бар пәрменімен жүзеге асыруға тырысты. Алайда "мәдени революция" мен Кеңес өкіметінің мәдени дамуға қатысты эволюциясы көрсетіп отырғанындай, бұл жолда көптеген құрбандықтар шалынды. Большевиктік идеологтардың ең бір көрнектісі Л.Д.Троцкийдің 20-шы жылдар әдебиетіне байланысты айтылған: "контрреволюциялық эстетиканы аяусыз әшкерелеу" мен "ескі қоғамның әскери күйреуі революцияаралық /1905-1917 ж.ж./ зиялы қауымның омыртқасын сындырды" атты немесе "адамды қорқыту" қажеттілігі тәрізді әсіре радикалды пікірлерінің мәдени процестер дамуындағы көптеген болашақ теориялар", таза кеңестік тәжірибелер мен "тәсілдерге" мүрындық болғанына күмән жоқ /16/.

9

Троцкийдің 1923 жылы жарық көрген: "Әдебиет пен революция" / "Литература и революция"/ атты еңбегінде 20-шы жылдың басындағы әдебиетшілер мен басқа да шығармашылық зиялы қауым өкілдері "томаға-тұйықтар", "құтырғандар", "аралдағылар", "көбік жинаушылар" немесе "мистиктер"/Розановты "тірілтушілер"/ сияқты өңкей бір сүреңсіз топтарға бөлінеді /17/.

Қазіргі Батыс авторларының басым көпшілігі Кеңестердің мұсылман аймақтарындағы саясатына, оның ішінде мәдени-ағарту салаларындағы жүргізген жүмыстарына баға бергенде аталмыш саясаттың негізінен панисламдық және пантүркілікке қарсы түрлі күрестерге толы болғандығына ерекше мән береді. Батыстық автор Джеффри Хоскингтің пікірінше "бөліп ал да билей бер" принцип! мәдени-ағарту мен басшы кадрлар даярлауда да үстемдік танытып, элитаны "жергіліктендіру" /коренизация/, жем-жемге келгенде, тек ауызша ғана айтылып, ал іс жүзінде бар билік пен басшылық тек келімсектердің қолында шогырландырылды. Осы автордың ойынша: "Әсіресе Қазақстанға өте-мөте қиын болды"/18/. Біздер де батыстық ғалымның пікіріне қосыламыз. Себебі Қазақстандағы мәдени революцияның нағыз ұрымтал сәтінің 1929-1932 жылдардағы жергілікті халықтың жартысынан астамын құртқан жаппай аштықпен "тұспа-тұс" келгені мәлім.



Өлкелік партия комитетінің /Казкрайкомның/ 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басындағы бірінші хатшысы, сталиндік эмиссар Ф.И.Голошекиннің Қазақстанда "Кіші Октябрь" жасамақ саясатының арқасында қазақ халқының адам айтқысыз трагедияға үшырағаны белгілі. Жоғарыдағы батыстық автордың мәліметтеріне жүгінсек: 1929—1932 жылдар аралығында халықтың қолындағы мал, өсіресе қой, түгелге жуық тәрқіленген, тартып алынған немесе белгілі объективтік жағдайларға орай, жаппай қырылған. Кеңестік статистиканың өзі де мойындағандай 36 млн. тұяқтан (кейбір мәліметтер бойынша 50 млн. астам) бар болғаны 3 млн. жуық мал қалған. Ал негізінен мал шаруашылығын басты қәсіп етіп, бұған дейін елдегі халықтың 80 % құраған қазақтардың саны күрт азайып, 1933 жылға қарай олар республика халқының небәрі 25 %-ін ғана құраған /19/. Профессор Хоскингтің мәліметтерімен келісе отырып түсіргендігін, орны толмас шығындарға алып келгендігін ғана қанағат тұтпай "Қытайлық Түркістан" мен Ауғанстан Иран сияқты алыс шетелдерге қоныс аударуға мәжбүр болған қандастарымыздың кетуіне себепкер болғандығын және бұл әзірде ұлттық әдет-ғұрыптар мен менталитеттің түбіне шабылған балтаның да— мәдени революцияның да— аз "қызмет" етпегендігін айтып өтуге тиіспіз. Бұл арада Л.Н.Гумилевтің: "Көшпелі мал шаруашылығы мен қөшпенділік-шаруашылықтың ең бір тұрақты формасы" деген сөзін де ойға алған жөн /20/. Алайда кеңес өкіметі орнаған алғашқы жылдарда жоғарыдағы факторлар турасында мүлдем дерлік айтылмайтын және айтылуға тиіс емес те еді.

Мәдени революцияның алдына қойған басты мақсаттарының бірі кеңес халқын жаппай сауаттандыру мен мәдени деңгейін көтеру болатын. Сөйте тура бұл салада да қиыншылық атаулылар шаш-етектен толытын. Қазақстандағы сауатсыздықты жою мен бұқаралық мәдени деңгейін көтеруге бағытталған



10

науқандар біркелкі сипат ала қоймады. "Советская Киргизия" журналының 1924 жылғы нөмірі мен архивтік құжаттар да осы пікірімізді растай түседі.

Мәселен, "Советская Киргизия" /Қазақстан / журналының 1924 жылғы N3-4 санында Қазақстандағы халыққа білім беру жағдайы төмендегідей мөліметтермен екшеленеді. Революцияға дейінгі патшалық Ресейдің Қазақстандағы мектептерінің бәрінің орыстандыру саясатын басты мақсатқа айналдырғаны турасында айта отырып, азамат соғысы мен 1921—1922 ж.ж. аштықтың салдарынан және оқу-ағарту саласындағы қадрлардың көпшілігі орыс ұлтының өкілдері болуы себепті алдымен "қырғыз /қазақ/ мектептерінің ерекше жапа шеккендіғі" хақында айтылады /21/. Жоғарыдағы объективтік ахуалға орай, қазақ мектептерінің тек бір жыл ішінде ғана айтарлықтай азайып кеткендіғін тілге тиек етеді. Мәселен:

1922 ж. 1 қазанға таман 1923 ж. 1 қазанға таман

1-ші дәрежедегі мектеп оқу- 1-ші дәрежедегі мектеп оқу-
шылары—725 шылары—478

барлық мектептердегі оқу- барлық мектептердегі оқу-
шылар саны— 28900 шылар саны—14770

/23/.

Жоғарыдағы мәліметтерден қөріп отырғанымыздай мәдени революцияның ең басты ұраны—сауатсыздыққа қарсы жаппай күрес-әрқашан нөтижелі бола бермеген. Біресе алға, біресе артқа секірумен болған. Жергіліктендіру /коренизация/ мен ұлт кадрларын даярлау да үнемі оң нәтижелерғе арқа сүйемеген. Яғни тұрақты бір жүйеге салынған саясат жоқ \22\.

Ағарту халкомының жоғарыдағы мәліметтерімен қатар таза мәдени шараларды көздеген мына бір "шаруашылық-қаржылық" қана мәні бар деректер де өзіне назар аударады.

Жаңа экономикалық саясат /НЭП/ түсында мәдени-ағарту мекемелері Федерациялық Орталық бюджет пен жергілікті аймақтық қорлардан /аймақтық бюджет/ және Губерниялық атқару комитеттерінің жергілікті бюджетінен қаржыландырып отырған /23/. Демек, сол 1920-шы жылдардың басында-ақ, мәдени революцияның "базалары" мен волюнтаризмнің іргесі қалана бастауының куәсі боламыз.

20-шы жылдардың басында жаңадан қүрылған түрлі қоғамдық-саяси және мәдени-ағарту маңызы бар ұйымдардың мәдени-ағарту деңгейлерін көтеруге ерекше мән берілді. "қырғыз /қазақ/ республикасындағы сауатсыздықты жою" атты мақаласында М. Заволжская деген автордың баяндамасында төмендегідей мәліметтер келтірілген: әрбір сауатсыздықты жою пункті әрқайсысы 30 адамдық үш топты өткізіп отырған /24/:

Сонымен бірге кәсіптік білім алып жүрген /оның ішінде таза оқу-ағарту мен мәдени кадрлары да бар. —Г.О./ оқушылардың өте аз /небәрі 1.140 адам/ екендігіне көңіл бөлінеді. 50 процентке дейін оқу құралдарымен жабдықталған орыс мектептеріне қарағанда қазақ мектептерінің бұл тұрғыда анағұрлым нашар жабдықталғандығы турасында айтылады /25/. Соңғы мәселеге

11

Қазақстандық зерттеуші ғалым Р.Б.Сүлейменов те ерекше назар аударып, бұдан он жыл кейін де /1935/ республикадағы ауыл және село мектеп оқушыларының 60 процентінің оқулықтармен қамтамасыз етіле қоймағандығын мәлімдейді. Оның айтуы бойынша, 1933—1934 ж.ж., яғни келесі он жылдықтың ортасына таман, республика мүғалімдерінің 70 процентінің бастауыш кластық қана білімі болған, ал ауылдық жерлерде бүл көрсеткіш 90 процентке жеткен. Мектеп пен басқа да мәдени-ағарту шараларына лайықталған, тек 1933 жылы ғана салынуға тиісті 174 объектінің 50-і ғана аяқталып, жөндеу жүмыстарының 48 процент! ғана орындалған /26/. Ал республикадағы ағарту ісінде әрбір түрғынға бөлінген шығын немссе қаржы мынандай болған: 1929 жылы — 3 сом, 1935 жылы— 33 сом, 1938 жылы—90 сом, 1940 жылы—116, 2 сом. Патша үкімстінің рсволюцияға дейін Қазақстандағы оқу-ағарту ісіне кісі басы на бар болғаны 6 сом 60 тиын қаржы жүмсағандығын /әрине, алдымен орыс этносы өкілдеріне/ есқе алар болсақ, онда Кеңес өқіметінің бүл салаға қатты мән беріп, білім беру мен ағарту шараларын мықтап қолға алғандығына қөзіміз жетеді /27/.

Сөзімізді түйіндер болсақ, 20-30-шы жылдары Кеңес өкіметі сауатсыздықты жою мен оқу-ағарту саласында қыруар іс тындырды. Сөйте түра мәдени революцияның осынау бір аса ірі науқанының түрлі қайшылықтар мен сәтсіздіқтерге толы болғандығын да айтып өтпекпіз. Бұл науқанның Қазақстандағы мәдени процестерге тиғізген ықпалында шек жоқ. Өйтқені мәдени процестердің алдымен оқу-ағартумен тіқелей байланысы ешбір күмән тудырмайды. Ал сауатсыздықты жою мен мәдени-ағарту науқаны басшы орган — Компартияның үнемі бақылауында болғандығын мына бір архивтіқ құжат та растайды:

Қазақстан Өлкелік Комитеті қаулы етеді:

Партиялық ағарту жүйесінде ауыл мен деревня қоммунистерінің арасында сауатсыздықты жою мәселесі алдағы жылдар ішінде ең басты мәселе болуы қереқ. /Өлкеліқ партия комитет Президиумының мәжілісінен. 26.06.1929./ /28/. Компартияның алдымен коммунистердің ал одан соң қалың бүқараның арасында жүргізген жұмысы мәдени революция барысында айтарлықтай өз жемісін берді. Төмендегі, "таза" мәдени-ағартуға қатысты мәселелер осыған көзімізді жеткізеді.

Революцияға дейін Қазақстанда бар-жоғы 8 халық үйі, 5 мұражай, 17 клуб, 2 театр және 1 цирк болды. Қазақ Автономиялық Кеңес Социалистік Республикасы /ҚАКСР/ қүрылғаннан соң-ақ, яғни 1920 жылдан бастап, барлық жергілікті орындарда мәдени-ағарту ошақтары қүрылып, жүмыс істей бастады. Қазақстан Бас саяси ағартуының /Главполитпросвет/ бекіткен: "Шаруа мен малшының үйі жөніндегі Ережесінен" кейін, 1925 жылға таман, клубтар саны 38-ден /1923 ж./ 154-ке дейін өсті /оның тек 5-і ғана қазақ жастарынікі/. Ал ағарту мақсаттарындағы халық үйлерінің саны 68-ден 92-ге дейін жетті /29/. Мәдени-ағарту ошақтары турасында айта отырып, Қазақстандық ереқшеліқтерге де тоқталып өтксн жен. Мәселен, республикадағы мәдени-ағарту ошақтарының басым бөлігі жекелеген кәсіпорындар мен кәсіподақ қомитеттеріне немесе

12

губерниялық, болыстық және ауылдық Кеңестерге беқітіліп берілген болатын. Келесі бір ерекшелік — 20-шы жылдары Қазақстанда, жергіліқті халықтың мал шаруашылығымен айналысып, негізінен кешпенді болуына орай, жылжымалы үгіт орындары мен "қызыл қеруендер" кеңінен қолданылды.

Мәдени-ағарту ошақтары жүйесінде қітапханалардың ролі өлшеусіз. Революцияға дейін Қазақстанда 98 мың қітап қоры бар 139 кітапхана болған еді /30/. 1920 жылы маусым айында кітапхана қызмстксрлсрінің Бүкілрссейлік алғашқы съезі өтіп, онда Қазақстаиның өқілдері де қатысқаны мәлім. Бүл съезде қітапхана жүмысының "саяси мекемелер жүйесінде алатын орны мен роліне" ерекше мән берілді /31/.

1921 жыддың сәуір айында Қазақстан үкіметі кітапхана жүмысын орталықтандыруды қолына ала бастады. 1922 жылдың наурыз айында Бас саяси ағарту үйымы /Главполитпросвет/ "Шаруа мен малшының үйі жөніндегі Ережені" беқітті. 1923 жылмен салыстырғанда 1925 жылға таман оқу үйлерінің саны 221-ден 335-қе дейін өсті /оның іпгінде 72-сі қазақ тілінде/. Ал жалпы ьатапханалар саны 1925 жылы 300-ғе жетті. Олардағы кітап қоры 467 мың болатын-ды /32/. Алайда, ауылдағы отырықшылыққа көшу мен жаппай коллективтендіруге байланысты "қызыл киіз үйлер" мен жылжымалы оқу үйлерінің 20-шы жылдардың соңынан бастап ауылдық кітапханаларға айналдырыла бастағандығын да атап өткен жөн.

Қазкрайкомның мүшесі О.Жандосовтың тікелей басшылығымен дүниеге келген аталмыш Жобада Мемлекеттік көпшілік кітапханасы Үлттық жөне ол Мөскеудегі В.И.Ленин атындағы кітапхананың нүсқасындай болуы керек деп атап көрсетілген. Ал кітапханадағы кітап қорын 500000 данаға дейін жеткізу көзделді. Ақыры, 1931 жылдың наурыз айындағы ҚазАКСРдің Орталық Атқару Комитетінің қаулысы бойынша кітапхана ашылуы, турасында мәлімделіп, оның директорлығына О.Жандосов тағайындалды. Ал осы Мемлекеттік көпшілік кітапхананың түсау кесуіне арналған ресми әрі салтанатты жиын сол 1931 жылдың 5 мамырында өткен еді. Кітапхана ашылған кезде оның кітап қоры 64 мың кітаптан түратынды /33/.

1941 жылы Қазақстанда 3959 көпшілік кітапханалары жүмыс істеді /34/. Бір ғажабы кітапханалар санын көбейту ісі келесі онжылдықтарда да жалғасын тауып, үнемі өрлеумен болды. Тек 1960 жылы ғана 244 кітапхана жаңадан салынды /35/. 1974 жылдың шілдс айында ҚКП Орталық Комитет! мен Министрлер Кеңесі КПСС Орталық Комитетінің /бүдан әрі КОКП/ 1974 жылғы 8 мамырдағы "Еңбекшілерге коммунистік тәрбие беру мен ғылыми-техыикалық прогресстегі кітапханалардың ролін арттыра түсу" жөніндегі қаулысына орай, тиісінше, республикада да осы негізде қаулы қабылданып, бірсыпыра игі істер қолға алына бастады /36,37/. Жалпы кеңес өкіметі түсында кітапханалардың дамуына қатысты көптеген қаулылар қабылданды. Олардың ең бастылары мыналар: КОКП ОК-нің 1977 жылғы қараша айындағы: "Ауыл түрғындарына мәдени қызмет көрсетуді одан әрі жақсарту шаралары жөніндегі" /38/, осы Орталық Комитеттің түрлі қаулыларына орай дүниеге келген: "Әмбебап және ғылыми-техникалық кітапханалардың өзара байланысы" /39/, "КСРО-дағы

13

кітапхана ісі жөніндегі Ережелер" /40/, "Мемлекеттік, көпшілік және кәсіподақ кітапхана ларын ведомствоаралық орталықтандыру Ережссі" /41/ және т.б. да қүжаттар республикадағы кітапхана жүмысына айтарлықтай ықпал жасады. 70-80-ші жылдары кітапханалар саны үдайы өсумен болды. Егер республикалық статистика комитетінің деректеріне сүйенетін болсақ олардың осу үрдісі төмендегідей /42/:

1. Көпшілік кітапханалар /жыл аяғында/




БАРЛЫҒЫ

Оның ішінде қалалық жерлерде ауылдық жерлерде

Жылдар

Кітапханалар саны

Ондағы кітап тар мен жур­наддар /мың дана/

Кітапханалар саны

Ондағы кітаптар мен журнаддар /мың дана/

Кітапханалар саны

Ондағы кітаптар мен журнаддар /мың дана/

1980

9480

98118

1887

45125

7593

52993

1985

9700

113261

1968

52367

7732

60894

1986

9734

113517

1964

51501

7770

62016

1987

9798

115098

1988

52515

7810

62583

1988

9802

113841

1982

52232

7820

61609

Келтірілген мөліметтерден көріп отырғанымыздай 80-ші жылдардың соңына дейін бүл салада тек өсу байқалады. Әрине, алдымен сандық түрғыда. Ал сапалық тұрғыда олардың қандай боліандығына жүмысымыздың тиісті бөлімдерінде әдейілеп тоқталмақпыз. Кітапханаларға қатысты сөзімізді біздер зерттеп отырған кезеңнің басында, яғни 1981 жылдың 1 қаңтарында, Республикада 9, 5 мың кітапхана жүмыс істеп, олардың 97 млн. жуық кітап қоры болды деген анықтамамен аяқтамақпыз /43/.

Кеңес өкіметі түсындағы мәдени-ағарту ошақтарының дамуы турасында әңгіме болғанда олардың ең бір көп таралған түрі — мөдениет сарайлары, клубтар мен мүражайлар хақында да бірер ауыз сөз айтып өткен лазым. 1925 жылы клубтардың жалпы саны 154 болса /оның ішінде небәрі 5-і ғана қазақ жастарынікі/, "халық үйлерінің" саны 92-ге жеткен болатын /44/. РКП /б/-ның XII съезінде ''Клубтар жүмысшы табының шығармашылық қабілеті мен өнерін дамыту жолындағы шын мәніндегі бүқаралық үгіт-насихат орталықтарына айналуы тиіс" деп аталынып өтілді /45/. Кеңес өкіметінің осы салаға қаншалықты мән бергеніне мына бір цифрлар куә: егер Киробкомның /қазақ/ үгіт-насихат бөлімінің мәліметіне сүйенер болсақ, 1924 жылы республикада 5 партиялық /губерниялық орталықтарда/, 27 жалпы партиялық-кәсіподақтық жәнс 45 жұмысшы-шаруа клубтары жүмыс атқарса/46/, 1939 жылдың қаңтар айында Республикада 959 киноқондырғы /жылжымалы және түрақты/, 2406 клуб /оның 1408-і ауылдық клубтар/ мен 26 мүражай толығымен халыққа мәдени қызмет көрсетумен йналысты /47/. Тек қана 1960 жылы ғана

14
республикада 510 клуб пен мәдениет сарайлары, 374 қызыл бүрыш, 41 қызыл киіз үй, 314 мөдени бүрыш пей 21 мәдени демалыс бақтары қолдануға берілді /48/. Осы үрдіс 80-ші жылдардың ортасына дейін өз жалгасын тапты. 80-ші жылдардың басына таман республикадағы түрлі ведомстволық үжымдардағы клубтардың жалпы саны 8929 /оның 8002-сі ауылдық және селолық клубтар/, мүражайлардың саны 55 және демалыс бақтарының саны 107-ге жетіп жығылды.

Кеңес өкіметі Қазақстандағы мәдени-ағарту кадрларын даярлау саласында да қыруар іс тындырды. Кеңестік Ресей Халкомының 1917 жылғъі қараша айының 2 күні қабылданған "Ресей халықтары қүқықтарының Декларациясында" /кейіннен белгілі болғанындай, сөз жүзінде/ халықтардың теңдіғі мен тәуелсіздіғі және қандай да болмасын үлттық артықшылықтарға тиым салынатыны жонінде жарияланды /49/.1925 жылы Қазақ театры ал 1933 жылы Орыс драма театрлары ашылды. 1932 кылы Алматыда П.И.Чайковский атындағы музыкалық училище, 1934 жылы хореографиялық ал 1938 жылы көркемсурет училищелерінің іргелері қаланды. 1941 жылы мәдениет пен өнер саласындағы алғашқы жоғарғы оқу орны — Алматы мемлекеттік консерваториясы ашылды. 50-ші жылдардан бастап қөптсғен институттарда мәдени-ағарту факультеттері жүмыс істей бастады. Мәселен, Абай атындағы ҚазПИ-де сурет-графика, қыздар институтында /ЖенПИ/ музыкалық-педагогикалық, кітапхана факультеттері және т.б. 1946 жылы Семейде ал 1955 жылы Көкшетауда кітапхана техникумдары ашылды. 50-ші жылдардың аяғында Рсспубликада 12 музыкалық, 2 мәдени-ағарту училищелері болды /50/. 80-ші жылдардың басында республикада өнер мен мәдсниет кадрларын даярлайтын 4 жоғарғы оқу орны болса оның ішінде екеуі (Қыздар институтындағы кітапхана факультеті мен Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институты) таза мәдени-ағарту кадрларын даярлаумен айналысты. Мәдени-ағарту кадрлары республика бойынша 35 орта оқу орындарында оның ішінде 18 музыкалық, 2 қөркемсурет, 1 хореоғрафиялық және 14 мәдени-ағарту училищелерінде даярланды /51/. 11-ші бесжылдықтың аяғында республикада 100 мыңға жуық мәдени-ағарту қызметкерлері жүмыс істеді және олар халық шаруашылығындағы қызметкерлер мен зиялылардың 3-5 процентін құрады /52/. Аталмыш оқу орындарымен қатар Республикада түрлі қешқі мәдени университеттер мен мәдени кадрлар дайындау қурстары да қанаттарын кеңге жайды. Сонымен қатар республиқалық және бүкілодақтық мамандықты жетілдіру курстарын да атап өткіміз келсді. Мәсслен, тек 1987 жылы ғана осындай курстардан 3575 мәдсниет қызметкерлері дәріс тыңдап келді /53/.

Таза мәдени-ағарту саласымен қатар Кеңес өкіметі түсында әдебиет пен өнерде де іргелі табыстарға қол жетті. Республиканы қеңсстер түсында үзақ жылдар бойы басқарған Д.А.Қонаевтың сөзімсн айтқанда: "Қазақ кеңес әдебиеті мен өнері бүқілқеңестіқ және әлемдік мәдениетке лайықты үлес қоса білді" /54/.


15

1.2 Ұлттық мәдени дамудағы жетістіктер мен кемшіліктер

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Кеңес заманында Қазақстанда ТМД-ның басқа да елдеріндегідей мәдени қүрылыс саласында елеулі табыстарға қол жетті. Біздің пікірімізше, бүгінгі күн өресінен көз жібергенде оның ең бастысы жалпы маңызы өлшеусіз — әлеуметтік-мәдени инфрақүрылымдардың өркениет өлшеміне жақын негіздерінің қалыптасуы мен қатаң бақылауда болғанына қарамастан үлт мәдениетінің ғасыр талабына сай жаңа белестерге көтеріле білуі.

Кеңестік Қазақстанның қол жеткен жетістіктері мен табыстары кепке аян. Патшалық Ресейдің шеткері аймақтарындағы басқа халықтар сияқты қазақ халқының да тек қазан революциясынан соң ғана, экономиканы былай қойғанда, әлеуметтік-мәдени құрылыстың түбегейлі мәселелерін шешуге мүмкіндік алғаны объективті шындық. Әрине, біз көшпелі өмір салтымызға, көшпелі өмір салты тудырған мәдениетке ең жақын түрған үрпақпыз. Дегенмен әлеуметтік-экономикалық өзіндік ерекшелігі барынша мол, оқшау бітімдегі қоғам ретінде көшпелі өмір салтының көз алдымызда тарих еншісіне айналып үлгіргенін де және оның нақ осы Кеңес заманында іске асырылғандығын да ойдан шығармауымыз керек.

Қазақ ауылын жаңа негізде қайта қүру, бүрынғы көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы шаруаларды жаңаша қожалық етуге баулу арқылы күрделі өнеркәсіп пен колхоз-совхоз өндірісіне тарту, адамдардың мінез-қүлқы мен өмір салтына елеулі өзгерістер енгізді. Қазақ халқының бір түтас үлт болып қалыптасуын аяқтауға септігін тигізді. Кеңес өкіметінің нақ осы түрғыдағы жүмылдырушылық және жасампаздық ролін мүлдем жоққа шығаруға болмайды.

Кеңес өкіметі түсындағы үлттық мәдениет дамуындағы орын алған жетістіктер турасында айта отырып, белгілі мәдениеттанушы, өнер зерттеуші ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың мына бір пікірлеріне зер салғанды жөн деп таптық. Жасыратыны жоқ, бүкіл елімізді былай қойғанда (мақала КСРО ыдырамай түрып, алайда қайта қүру басталған кезеңде жазылған. —Г. О.), Қазақстанның тарихы шырғалаңы жоқ даңғыл жолды, айдай анық, тақтайдай теғіс болған жоқ. Жүрттың биікке қол созып, қиынға қүлаш үрған шағында жетістік те, бүрмалаушылық та, бостан бос қүрбаңдық та болды. Замана талабымен жаңа дәуір үрдісінен шыға алмай орта жолда қалып қойдық. Дегенмен, Октябрьден кейінгі өзгерістердің нәтижесінде бүкіл қазақ даласы қозғалысқа түсіп, бүрын болмаған экономикалық, әлеуметтік және мәдени жетістіктерге қол жеткенін де естен шығаруға болмайды. Мұны бағаламау қазақтың кәдімгі "көрмес — түйені де көрмес" дейтінінің кебі /55/.

Музыка онерінің дамуына кеңес заманында қаншалықты мән берілгеніне тек бір ғана Алматыдағы Мемлекеттік консерваторияның тарихы лайықты мысал бола алады. 1939 жылы сәуірде КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі Өнер Істері Басқармасында дүйім КСРО-ның арнайы театр, көркемсурет және музы калық оқу орындары басшыларының Бүкілодақтық мәжілісі өтіп, онда елдегі мөдениет пен өнер маман-кадрларының даярлану жолдары, ұлттық

16

республикалардың орталықтары мен ірі қалаларыңца 16 музыка училищесі, 8 көркемсурет және 2 театр училищелерін ашу туралы жоспарлар бекітіліп, осы мәселе төңірегіндегі басқа да шаралар қаралды. Соның арқасында, Үлы Отан соғысы жүріп жатқанына қарамастан, Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1944 жылғы шілде айындағы (N420) қаулысының негізінде музыка-хореография комбинатының базасында 1944 жылдың 1 қазанында Алматы мемлекеттік консерваториясы ашылды /56/. Алғаш консерватория директоры болып И.В.Круглыхин тагайындалса, кейін, 1945 жылдың 27 қыркүйегіндегі Өнер Істері Басқармасының бүйрығымен, Консерватория директоры болып Республика халық әртісі, өнертану гылымдарының докторы А.Қ.Жүбанов тағайындалды. Тікелей А.Жубановтың басшылығымен 1945-1946 оқу жылы Қазақ халық аспаптар кафедрасы ашылды. Оған 1945—1947 және 1954—1961 жылдары өзі басшылық етті. Кафедра үжымының қүшімен жаңа оқу жостгарлары, бағдарламалар, әдістемелік және педагогикалық қөмек құралдары, оқулықтар жасалынды. 1945 жылы Консерваторияға үлы күйші Құрманғазы есімі берілді.

Алматы Консерваториясының өмірінде Москва мен Ленинград Консерваторияларының алатын орны ереюпе. Консерваторияның алғашқы қүрылған жылдары оқу процесіне қажет музыкалық аспаптар, ноталар мен әдебиеттер жетіспеді. Бұл жерде де жоғарыда аттары аталған еқі Консерватория көмекке келді. 1944-1945 оқу жылының өзінде Ленинград Консерваториясы 3300 дана, Мосқва Консерваториясы 500 дана ноталар мен әдебиеттер сыйға тартты. Жылдан жылға қонсерваторияда жаңа факультеттер, бөлімдер, кабинеттер саны көбейе түсті. 1955—1956 оқу жылы театр бөлімі, 1956-1957 оқу жылы баян бөлімі, 1957-1958 оқу жылы фольклор қабинеті, 1964—1965 оқу жылы өндік-хор және театр факультеттері ашылады /57/.

Фольклор кабинетінің жүмысы өзіне ерекше назар аударады. Кабинетке 1951-1961 ж.ж. аралығында А.Қ.Жұбанов гылыми жетскшілік жасаса, 1961 жылдан Б.Г.Ерзақович жетекшіліқ етті. Кабинеттің өз ғылыми Кеңесі жүмыс жасайды. 1958—1968 ж.ж. аралығында 43 студент қатынасқан 25 эқспедиция қүрылып, ол Қазақстанның 13 облысының 43 ауданында жүмыс жүргізді. Он жыл ішінде (1958—1968 ж.ж.) экспедициялар қазақ әндерінің 2805 шығармаларын магнитофон ленталарына басады. Оның ішінде 327-і үйғыр халық музықасының шығармалары болған. Тұңғыш рет Ақан сері, Жаяу Мүса, Біржан Сал, Абай, Балуан Шолақ және басқа да авторлардың бұған дейін белгісіз әндері осы жинаққа кіргізіледі. Бұған аталмыш Консерваторияның 60-шы жылдардың басына дейін Қазақстандагы бірден бір өнер ордасы болғандығын да қоспақпыз /58/

Жоғарыдағы бір ғана оқу орнының өсіп, өрлеу жолынан көріп отырганымыздай, Кеңес өкіметі үлттық мәдениет пен өнердің аяғынан тіқ түруы жолында бірсыпыра игі іс-шараларға мүрындық болды.

Кеңес өкіметі тұсында қазақтың тектестік, тайпалық және рулық қүрамын, тарихын, ауыз әдебиетін, тілін, түрмысын, заттық мәдениеті мен өнерін зерттеуге де елеулі түрде мән беріліп, оған сонау 20-шы жылдардан бастап-ақ, В.В.Бартольд, С.Е.Малов, Ф.А.Фиелъструп, М.С.Андреев, Ә.Ә.Диваев, М.Ф.

17

17Гаврил ов, В.Н.Кун, А.П.Чулочниқов, С.И.Руденқо, А.П.Самойлович т.б. мамандар мен ғалымдардың еңбектері негіз болды /59/.

Тақырыптық сурет, графика, портрет, мүсін жанрларында үлттық белгілерді классикалық реализм дәстүрлерімен үйлестіре отыра, Қазақстан суретшілсрі де өнердің даңғыл жолына түсті. Әбілхан Қастеев, Қанафия Телжанов, Молдахмет Кенбаев, Абрам Черкасский сияқты қылқалам шеберлерінің, Хакімжан Наурызбаев, Төлеген Досмағамбетов секілді мүсіншілердің туындылары республикадан тыс жерлерге де танымал болды /60/.

Қазақ Кеңес әдебиетінің қалыптасуына РКП/б/ ОК-нің 1925 жылдың маусым айындағы "Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты" атты қаулысы елеулі түрде ықпал жасады. Қазақстанда Пролетар Жазушыларының Ассоциациясы (ҚазАПП -Ресейдегідей. —Г.О.) қүрылды. Әсіре радикалдық-таптық көзқарастарына қарамастан С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Муқанов және т.б. қөптсген өлендер мен поэмалар, әңғімелер мен романдар жазды. Әсіресе С.Сейфуллиннің "Жолдастар", Б.Майлиннің "Кедей", І.Жансүгіровтың "Кедей тойы" мен С.Мүқановтың "Бостандық" сияқты қеңес өкіметін шамадан тыс мадақтауға қүрылган шығармаларына ерекше назар аударған жөн. С.Сейфуллиннің "Советстаны" мен І.Жансүгіровтың "Дала" поэмалары да бүған айқын куә. Қазақ кеңес әдебиеті "қалыптасқан" 20-шы жылдары әдебиетке революцияға дейін-ақ аттары белгілі болған С.Көбеев, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, М.Ссралии, Б.Өтеутілеуовтермен қатар М.Әуезов, С.Шәріпов, Ғ.Мусірегюв, Ғ.Мүстафин, Ө.Түрманжанов сияқты ақындар мен жазушылардың да қеле бастагандығын айтып өткен жөн /61/.

1934 жылдың шілде айында республика жазушыларының съезі болып, жазушылар Одағы құрылды. 1936 жылы мамыр айында Мөскеуде қазақ өнері мен әдебиетінің алғашқы 10 күндігі болып өтті. Оған Ж.Жабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, М.Мүқанов. Ғ.Мүсірепов, А.Тоқмағанбетов, Т.Жүргенов және т.б. қатысты /62/.

Үлы Отан соғысы жене сдан кейінгі жылдарда Ж.Жабаев, Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, Қ.Аманжолов, Ғ.Орманов, А.Тоқмағамбетов, Ә.Сәрсенбаев, Ж.Саин, Қ.Әбдіқадыров, Қ.Бскхожиндердің есімдерімен қатар халық ақындары И.Байзақов, Н.Байғанин, О.Шипин, Д.Әлімбаев, Н.Бекежановтардың аттары шықты. Соғыстан соңғы жылдарда М.Әуезовтың "Абай" эпопеясы (1947 ж. еқінші бөлімі), С, Мүқановтың "Сырдариясы", Ғ.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ғ.Мүстафиннің "Миллионері", Ә.Нүрпейісовтың "Курляндиясы" ("Күткен күн"), Қ.Бекхожиннің "Мәриам Жагор қызы", Қ.Аманжоловтың "Біздің поэма" сияқты қүнды дүниелері басылып шықты /63/.

Кеңес түсындағы қазақ әдебиетінің аса үлқен жетістігі деп "Абай жолы" роман-эпопеясы үшін 1959 жылы Лениндіқ сыйлыққа ие болған М.Әуезовтың шыгармаларын және оған қоса Х.Есснжановтың "Ақжайыгын", С.Мүқановтың "Өмір мектебін", Ғ.Мусіреповтың "Оянған өлқесін", Т.Ахтановтың "Қаһарлы күндерін", Б.Момышүлының "Мосоа үшін шайқасын", Ж.Молдағалиевтің "Мен — қазақпын", Ә, Тәжібаевтың "Ескі қоңырауын", О.Сүлейменовтың "Арғымақтарын" және т.б. ауызға алуга болады. 60-шы жылдардан бастап қазақ

18

әдебиетіне жаңа бір толқын қосылды. Бүгінгі қазақ әдебиетінің классиктерінің басым бөлігі осы үрпақ өқілдерінен. Олар: С.Мүратбеқов, М.Сүндетов, Қ.Ысқақов, Ә.Кеқілбаев, Ә.Тарази, О.Бөқеев, Қ.Найманбаев, С.Санбаев, Д.Исабеков, М.Мағауин, О.Сүлейменов, М.Шаханов, Ж.Нәжіметденов т.б. сияқты бүгінде қалың көпшілікке танымал есімдер болатын /64/.

Кеңес заманындағы Қазақстан әдебиеті жөнінде сөз қозғай отырып, республикадағы басқа ұлт өкілдері әдебиеті хақында да, орыс әдебиетінің өкілдері: Л.Н.Мартыновтың, Н.И.Ановтың, И.П.Шуховтың, И.Калашниковтың, Д.Снегиннің А.Ананьевтің, В.М.Буренковтың, И.П.Щеголихиннің; неміс әдебиетінің өкілдері: Р.Жакмьеинің, В.Клейннің, Н.Пфеффердің, Г.Бельгердің, А.Брстманның; ұйғыр әдебиетінің өкілдері: Х.Абдуллиннің, З.Сәмедидің, М.Зүлпықаровтың, А.Әшіровтың; корей әдебиетінің өкілдері: Ким Дюнның, Цай Еннің, Ен Сан Неннің, Ким Кван Хеннің және т.б. әдеби шығармалары туралы да айтып өткен жөн /65/.

Бүгінгі Қазақстанда республиканың негізгі этностары — қазақтармен және орыстармен қатар ұзын саны 4 миллионға жуық 128 ұлттың өкілдері өмір сүріп отырғандығын және олардың ішінде украиндардың — 889 мың, немістердің — 700 мың (90-шы жылдардың басында), өзбектердің — 375 мың, татарлардың — 338 мың, үйғырлардың — 200 мың, белорустардың — 184 мың, корейлердің — 105 мың, әзірбайжандардың — 100 мың, полшатардың — 58 мың, түріктердің — 56 мың, шешендердің — 54 мың. башқүртттардың — 45 мың, гректердің — 40 мың, дүңғандардың — 34 мың, молдавандардың — 33 мың, тәжіктердің — 30 мың, күрдтердің — 27 мың, еңғүштардың — 21 мың, қытайлардың — 20 мың (соңғы жылдары көбеюде), қырғыздардың — 16 мың және бүған қоса басқа да үлт өкілдерінің бар екендігін айтып өткен лазым /66/.

Бүгінгі Қазақстан мектептерінде ана тілі ретінде 12 этностың тілдері оқытылып, теледидар мен радиода 10-нан аса тілде хабарлар таратылады /67/. Қысқасы Қазақстандағы саны аз халық өкілдеріне өлеуметтік-мөдени қызмет көрсету тек қана Кеңес заманында ғана емес. Еліміз тәуелсіздіқ алғаннан соң да өз жалғасын табуда.

Аталмыш өзекті мәселелердегі босаңдығымыз бен енжарлығымыз ұйғыр әдебиетінің окілі М.Н.Кабиров дегеннің "Үйғырлар — Жетісудың автохтондары" ("Уйгуры — автохтоны Семиречья") аттас "еңбегінің" емін-еркін баспадан шығуына түрткі болды. Бүл кітапта Жетісудағы үйғырлардың тарихи ролі шамадан тыс марапатталып, бүгінде дүйім түркі халықтарының рухани мүрасы бон есептелінетін: Жүсіп Баласүғын, Махмүт Қашқари, Әлішер Навои немесе Сұлтан Бабырлар тек қана "ұйғыр халқының үлдары" деген жаңсақ әрі үлттар арасына жік салардай концепцияларға иек артылған /68/. Ал Жетісу өңіріне бүл халықтың Шыңжандағы XIX ғасырдың соңындағы өлеуметтіқ дүмпулерден бас сауғалап қелгендігі турасында ләм-мим делінбейді. Басқаны былай қойғанда Қазақстанда үзын саны 200 мыңға әрең жетіп жығылатын тек қана осы үйғыр этносының тномәдени дамуына қатысты мысалдарға арқа тіреп көрелікші.



19

Мәселен, бүгінгі Қазақстанды ТМД-да өмір сүретін ұйғырлардың тек 65 процент ғана мекендейді. Қазақстаңдық ғалым, профессор Р.Б.Әбсаттаровтың сөзіне қүлақ түрсек: "Қазақстанға көшіп келгенге дейін үйғырлар шетінен сауатсыз және артта қалған" болса керек-ті /69/. Қазіргі Қазақстанда 50-ден аса таза үйғыр немесе аралас үйғыр мектептері бар. Бүл этностың ішінен дәрігерлерді де, қүрылысшыларды да, инженерлерді де, экономистер мен басқа да мамандық иелерін көптсп кездестіруте болады. Тек қана Қазақстанға ғана емес алыс және жақын шетелдердің бәріне де атағы шыққан Республикалық комедиялық үйғыр театрын, "Нава" фольклорлық ансамблін, жастардың "Яшлык" ансамблін немесе Кеңес жылдарында-ақ дүннсге келген үйғыр операсы мен балетін жоққа шығаруға бола ма?! Я болмаса, айталық, жүздеген суретшілер мен жазушылар, ғалымдар, әртістер және т.б. алалық. Жазушылар У.Мүхаммади, З.С.Әмеди, КСРО Халық әртісі Қ.Қожамияров, ҚР халық әртісі Г.Рәзиева, ҚР еңбегі сіңген өнер қайраткері П.Ибрагимов, ҚР YFA коррсспондент-мүшесі Г.Садуақасов, медицина ғылымдарының докторы, профессор С.Қарабаевтар, қысқасы бүл тізімді үзаққа дейін жалғастыра беруге болады. Одан басқа Қазақстан жазушылар Одағындағы үйғыр секциясын, ҚР YFA-дағы Үйғыртану институтын, "Жазушы", "Қазақстан" және "Рауан" баспаларындағы үйғыр редакциялары мен республикааралық "Үйғыр Авази" және "Иеяи Хаят" ғазеттері мен телерадио хабарларды да еске салған жөн /70/, Муның бәрінің негізі Кеңес заманында қаланғанымен, Қазақстандағы үйғыр этносының өмірінде бүғінде де белсенділік танытып отырғандығын жоққа шығара алмаймыз.

Сөз жоқ, Қазақстан — полиэтникалық мемлекет. Республика егемендігін алған алғашқы кезендерде-ақ елдеғі басқа үлт өкілдерінің әлеуметтік-мәдени дамуына қатысты мәселелер күн тәртібіне қойылған болатын-ды. Мәселен, "Қазақстан Республиқасының мемлекеттік тәуелсіздігі" жөніндеғі 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған қүжатта (уақытша Конституция деуімізге болады. — Г.О.) Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша түрлі этностардың мәдени дамуына толығымен мүмкіншілік тудырылып, оларға осы түрғыда қысым көрсетуге тиым салынады делінген /71/.

Алдымен айтарымыз, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары, әсірссе модени революция күш ала бастаған 20-шы жылдары, көптеген іс-шараларда өсіре радикализм мен науқаншылдық орын алыл, волюнтаристік-әкімшілік жүйе өзінің шын мәніндегі бет-пердссін сыпыра бастады, Сонымен қатар, 20-шы жылдары "ортақ тағдырлы жаңа социум" қүруды тездете түспек ниеттегі түрлі "төжірибелер" мен "тың" тәсілдер кеңінен қанат жайды. Мәселен, "ортақ тағдырлы жаңа социумның" артында "барлық елдердің пролетарлары бірігіңдер!" мен дәстүрлі ұлттық мәдениеттердің басын қосып, бүған дейіи болып көрмеген "жаңа" синтез яки симбиоз қалыптастыру жоспары түрған еді. "Жаңа" мәдениет мазмұны бойынша пролетарлық, ал формасы бойынша үлттық болуға тиіс-тін. Демек, алда мынандай мақсаттар түрған болатын: ұлттық зиялы қауым өкілдерін бір идеяның төңіреғіне топтастыру ал аталмыш идеяны қабылдамағандарға қатаң репрессиялық шаралар қолдану; славян емес халықтардың мәдени дәстүрлерінің түбіне балта шабу /72/; өмір сүру дәстүрі мен әлеуметтік



20

құрылымдарды қатаң біркелкі жүйеге түсіру; қайсыбір орыс сияқты "негізгі" үлттардың тілдері мен мәдениетін мейлінше насихаттау және сол арқылы басқалардың белғілі бір үлттық идеялардың (пантүркизм, Алаш, панисламизм және т.б. — Г.О.) төңірегіне топтасуының алдын алу шараларына белсене кірісу; жерғілікті өнеркәсіптің мемлекеттік (Орталық — Г.О.) өнеркәсіппен тезірек интерграциялануы және т.б.

Жоғарыдағы "бағдарламалардың" арқасында 1921-1922, 1927-1932, 1937-1938, 1948-1952 жылдары одақтас және автономиялық республикалардағы ұлттық зиялы қауым әлденеше рет "сүзбеден ӨТКІЗІЛІП, сенімсіз әрі ұлтшыл элеметтерден дүркін-дүркін тазартылумен болды. Ал 1922 жылдың 6 маусымында бүкілодақтық Баслит (цензура) қүрылып, оның алдына марксизм мен мәдени революцияға қарсы түрлі агымдағы әдеби шығармаларды тексеріп, бақылап отыру мақсаты қойылды. Келесі 1923 жылы Баслитке Басрепертком қосылды. 1922 жылдың тамыз айының соңында "ерекше белсенді контрреволюциялық элементтерге" жатқызылған 160 мәдениет және өнер қайраткерлері Кеңестік Ресейден қуылды. Ал олардың бір бөлігі Сібірге жер аударылды /73/. Дәл сол шамада өзінің соңғы паналаған жері Грузиядағы "большевиктік төңкерістің" арты неге әкеліп соғарын алдын ала болжай білген қазақтың ардақты ұлы Мұстафа Шоқай да кеңестік Ресейді біржолата тастап шықты.

Мәдени революцияның Қазақстанда қаншалық түрғыда ауыр да, азапты жолдардан өтуіне Ф.И.Голощекиннің Қазақстанның өлкелік партия комитетіне бірінші хатшы болып келғені орасан зор нүқсан келтірді.

1925 жылдың 12 қыркүйеғінде Голощекин Қазақстанның сол кездсгі астанасы Қызылордаға келді. Кағанович басқарған ұйымдастыру орталығы оны Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы етіп тағайындаған болатын. Голощекин өзінің алғашқы сөзінде-ақ, ауылда (мұны бүкіл Республикада деп түсінғен жен) Кеңес өкіметі жоқ, тек қана байлардың үстемдіғі бар деп мөлімдеді. Ауылда ешқашан болып көрмеғен ол өзінің "таққа мінердегі" сөйлеғен сөзінде партиядағы екі уклонды — үлы орыстық шовинизмді және қазақ үлтшылдығын жерден алып, жерге салды. Ең қауіптісі "қазақ үлтшылдары" боп шықты. Көп үзамай-ақ "үлтшыл—уклонистер" қатарына Т.Рысқұлов, С.Қожанов, С.Садуақасов, Н.Нүрмақов, С.Мендешев, Н.Төреқүлов сияқты басқа да аса көрнекті қазақ коммунистері енғізілді. "садуақасовщина", "рысқуловщина" сияқты түрлі "щиналарға" кеңінен жол ашылды. Ол аз болса көп үзамай-ақ, Голощекин өзінің басты идеясын жариялады: "Мен біздің ауылда кіші Октябрьді алып өту керек деп пайымдаймын. Ауылдағы экономикалық жағдайларды өзгерту қажет. Байға қарсы тап күресінде кедейлерғе көмектесу қажет, ал мүның өзі азамат соғысына алып барып соқса, біз оны қүп аламыз" /74/.



Міне, сөйтіп, Голошекин революция жасалғаннан сеғіз жыл кейін өзінің "Кіші Октябрін" осылай жария еткен болатын. Егер қажет болса, деп түсіндірді ол, "қандай да болсын қантөғістен қорықпай" құрбандыққа бару қажет. Ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық пен мәдени-әлеуметтік,

21

тұрмыстық және дәстүрлік құрылымдардың түбіне балта шаппақ болған Голошекин ауызды алдымен үлттық кадрлар мен үлттық зиялы қауымға салды. Голошекиннің жоспары бойынша: казак, халқының рухани көсемдерін, "осы бір уақытша одақтастарды", әуелгі кезде "ауылдағы қалың бүқараны өзіне қаратып алу үшін пайдаланып қалу қажет" ал содан кейін олардың да "көзін жоюға болады" деп білді. Қазақтың аса көрнекті мөдени-ағарту саласындағы үлдары—Ахмет Байтүрсыновқа, Мағжан Жүмабаевқа, Жүсіпбек Аймауытовқа және басқаларға газет арқылы қуғын сүргін үйымдастырылды. Тіпті революцияға дейін қайтыс болі'ан Абай Қүнанбаевтың өзі де кеңес өкіметінің "жауы" деп жарияланды. Мүндай сүмдық науқанның ең биік шыңы Н.Бухариннің 1928 жылғы мамырда БЛКЖО съезінде сөйлеген сөзі болды, "Партияның сүйіктісі" атанған ол Мағжан Жүмабаевқа саяси сенімсіздік білдірді. Ал "мүндай сын айту үшін Николай Ивановичке оның ОПТУ коллегиясындағы жолдасы Филипп Исаивич Голошекин материал берген болатын". Осыдан соң көп үзамай-ақ, қазақтың аса ірі әдебиетішлерінің үлкен бір тобы қамауға алынды. Ондай "үлтшыл" "контреволюционерлерге" бұдан сегіз жыл бүрынғы айтқан әңгімелері кінә боп тағылды /75/.

1929 жылы жергілікті халықтың төрттен үш бөлігі көшпелі нем с се жартылай көшпелі жағдайда өмір сүретін. 1926 жылғы халық санагы бойынша түрғындардың 58, 84 проценті қазақтар десек, оның 90 проценті ауылда түрды. Ал осының ішінде ауылдағы қазақтардың үлес салмағы 63 процент, ал қалалық қазақтар 14 процент еді /қалғаны, сірә, жартылай көшпелі түрмыс қүрса немесе жатақтарда түрса керек. — Т.О./. Ал бүған дейін халықтың 90 проценті көшпелі түрмыс кешкенін ескерсек, аз ғана жылдар ішінде қазақтардың отырықшылыққа бейімделе бастағандығын көреміз /76/, Деректерге сүйенсек, жаппай отырықшыландыру мен үжьшдастыру /коллективтендіру/ кезеңінің қарсаңында 1926 жылғы халық санағы бойынша 6 млн. 195 мың түрғынның 91, 7 проценті ауылдық және селолық жерлерде түрды. Қазақтардың өзіндік үлес салмағы 58, 5 процент немесе 3 млн. 627 мың адам болды /Кейбір деректер бойынша 4 млн. жуық. —Г.О./ /77/.

Алайда, жоғарыда айтылғандай, жергілікті әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мөдени дәстүрлерді ескере отырып, біртіндеп отырықшыландыру мен үжымдастыру бір басқа да "кіші октябрьлік" радикалдық жол бір басқа болатын. Халықтың ғасырлар бойғы шаруашылық жүйесі мен әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымының түбіне тезірек балта шаппақшы болған Ф.И.Голошекин мейлінше қысқа мерзім ішінде "отырықшылыққа көшуді" бүйырды. "Мен біздегі колхоз қозғалысы КСРО—ның өзге аймақтарымен салыстырғанда баяу жүретін болады деген пікір естідім. Мен мүндай пікірді теріс пікір деп санаймын", —деп мәлімдеді ол 1929 жылғы 3 желтоқсанда. "Біз колхоз қүрылысының қарқыны жағынан Одақтың ең озық аймақтарынан тіпті де артта қалып отырған жоқпыз", —деп қуана хабарлады ол 1930 жылдың қаңтар айында /78/.

1931-1933 жылдары аштықтан және аурулардан қанша адам өлғенін ешкім дәл айта алмайды, оны анықтау да мүмкін емес. Түрлі есептер бойынша,

22

құрбандықтар саны бір жарымнан екі миллионная астамға дейінгі аралықта. Олардың дені қазақтар. 200-250 мыңы — өзге үлт өкілдері. Сонымен қатар тек 1931 жылы ғана 1 млн. 74 мың адамның республикадан тысқары аймақтарға — алые және жақын шетелдерге — қоныс аударуға мәжбүр болғандығын да ескерген жөн. Халық санағының материалдары тек 1970 жылы ғана республиканың түпкілікті халқы 1926 жылғы өз санын әрең қалпына келтіргендігін көрсетеді /79/.

Осындай қиын-қыстау сәттерде үлттың мәдени-шығармаіпыл өкілдері қандай позицияда болды? Оның үстіне "Правда" газетінің Қазақстанда кеңес өкіметінің орнағанына 10 жыл толған 1930 жылғы 4 қазандағы "Болылевизмнің үлттық саясатының салтанаты" атты бас мақаласында: "КСРО-да езілген үлттар жоқ. Қазан революциясы бүрынғы патшалық бодандықтағы Қазақстанды үлттық қайта өрлеу мен социалистік қүрылыстардың даңғыл жолына алып шықты!" тәріздес шектен тыс оптимизмге иек артқан ұрандары яки болыневиктік үгіт-насихаттың ең бір қуатты күштері жұмылдырылғаны тағы бар дегендейін /80/...

Ал бүл кезде республикада түрлі "ұлтшылдар" мен "уклонистерге" яки "үлтшыл-ауытқушылар" мен әрқилы "щиналарды" тірек еткен (моселен, садуақасовщина, рысқүловщина және т.б.) "контрреволюциялық элементтерге" қарсы аяусыз күрес жүргізіліп жатқан болатын.

Жалпы, "ауытқушылық" (уклонизм) атаулыларға қарсы күрес Қазақстанда 20-шы жылдардың басында-ақ, өз күшіне еніп, оларды "әшкерелеуде" Төтенше Комиссия өзінің алғашқы "тәжірибелерін" іс жүзіне асыра бастаған болатын. Киробкомның төралқасының 1921 жылғы 26 маусымдағы жабық мәжілісінде (N6 хаттама) көшпелі комиссияның баяндамасы тындалып, Қостанай, Ақмола және Семей губернияларындағы жағдайдың "адам төзгісіз" және "қатаң шараларды қолдануды" талан ететіндігі жөнінде мәлімделген еді. Және бір ғажабы, бүл губернияларда "жергілікті үлтшылдармен" қоян-қолтық жүмыс істеп жүрген, Қостанайдағы "жергілікшілдік" атаулыға дем беруші Чернобаев, "бейтарапшыл" Глухов, Паевский дегендердің яки басқа үлт өкілдерінің де есімдері аталынады. Осы баяндама бойынша, Ақмола губерниялық кәсііюдақтар кеңесі "мүлдем өз бетімен жүмыс істеп", ал оның басшысы Мимаков болса "партияда жоқ эсер екен". "Осындай жүгенсіздіктерге тосқауыл қою мақсатында комиссия Төтенше Комиссияиың үш қызметкерін атуға үкім шығарды" делінген аталмыш баяндамада /81/.

Басы ссылай басталған "ауытқушылдық" пен "үлтшыл-ауъітқушылдыққа" қарсы "аяусыз" күрес 20-шы жылдардың соңынан бастап әбден өз күшіне кірді. Таяқтың үшы жергілікті зиялы қауым мен кеңес-партия үйымдарында жүмыс істейтін түрлі бағыттағы үлттық кадрларға алдымен тиді. Ол әбден занды да еді. Партия меы Кеңес мемлскстінің үлт мәселесі жөніндегі шараларын қазак, ауылында жүзеге асыру барысында Т.Рысқүлов, С.Қожанов, С.Садуақасов және басқа қайратқерлер экономиканың ерекшеліктерін, түрмыстың өзіндік сипатын және еңбекші бүқараның таптық сана-сезімі мен мәдени дәрежесінің әркелкілігін қатаң ескеруді жақтады. Партияның үлт саясаты мәселесіне мүндай көзқараста ешқандай ұлтшылдық, ешқандай а уытқушылдық жоқ болатын,

23

Мәселен, Смағүл Садуақасовқа "ол партия мен Кеңес мемлекетінің орталық органдары елдің үлттық мүддесін елемей, оған нүқсан келтірді" деп санайды деген айып тағылды. Смағұл "Большевик" журналының 1928 жылғы бірінші нөмірінде жарияланған мақаласында былай деп жазды: "Шындықты бетке айту керек, иә, Орталық органдар өз жүмысында мәселенің маңызын ескере бермеді. Өнеркәсіптің перспективалық даму бесжылдығы шет аймақтар қажетін ескерместен жасалған". Мұны біз бір тарихшылар партия мен үкіметке жала жабу деп даурықты. 20-шы жылдар ғана емес, осы таяудағы уақытқа дейін Қазақстанның әлеуметтік экономикалық, мәдени даму қажеттері жете ескерілмегенін дәлелдеп жату қажетсіз болар. Бүгінде белгілі болып отырганындай, кезінде "үлтшыл-ауытқушы" дейтін айып тағылған Тұрар Рысқұловтың, Смағұл Садуақасовтың, Сұлтанбек Қожановтың және басқаларының көтерген мәселелерінің мәніне мұқият ден қойған адам, олардың Қазақстанның егемендігі, саяси және экономикалық дербестігі проблемаларын сол кездің өзінде-ақ шама-шарқынша көтере білгендігін айқын аңғарады /82/.

Қазақстанда жаппай аштық басталған осынау қысылтаяң шақта үлттық шығармашылық мөдени қауым өкілдері яки үлттың сол кезелдегі бетке үстар зиялылары мүмкіндігінше қолдарынан келгендерін істеп бақты. Мәселен, 1932 жылғы 4 шілдеде ВКП /б/ Қазақ олкелік комитетіне ауыл шаруашылығын басқарудағы өрескел қателіктерді, қазақ ауылын Социалистік қайта қүрудағы асыра сілтеулерді сынаған бір топ зиялы қауым өкілдерінің — Ғ.Мүсіреповтың, М.Ғатаулиннің, М.Дәулетқалиевтің, Е.Алтынбеков пен Қ.Қуанышевтің хаты ("Бесеудің хаты") келіп түсті. Дәл осы мәсслелер турасында 1932 жылдың тамыз айында ВКП(б) Қазақ өлкслік комитетінің бюро мүшесі, Қазақ АКСР Халкомының төрагасы О, Исаев та Сталинге хат жолдайды, Республикада сол бір жылдарда қалыптасқан ауыр халді Т, Рысқүловтың хаттарынан да көреміз, Оның басшы партия органдарына жазған үш хаты (1932 жылғы 29 қыркүйекте, 1933 жылғы 31 қаңтарда және 9 наурызда) белгілі — скеуі Сталинге, ал біреуі Қазақ өлкелік Комитетіне /83/. Алайда бүлардың бәрі ескерусіз қалғандығы былай түрсын, кейінғі "процестерде" хат иелерін айыптайтын басты "қүжаттарға" айналды. Ал "Бесеудің хатына" Голощекин басқарған өлкелік партия комитетінің "жауабы" төмендегідей болды: "...оларды бірнеше күннен кейін ВКП /б/ өлкелік бақылау комиссиясына шақырып алып, өз жазгандарынан бас тартуды, оны қате әрі зиянды" деп мойындауды талап еткен. 15 шілдедегі (1932) Қазақ өлкелік комитеті бюросының және бақылау комиссиясы төралқысының бірлескен мәжілісінде қабылданған қаулыда хат авторлары, "түңілушілік ауанына беріліп, оңшыл оппортунистік, үлтшылдық элементтердің ықпалына түскен, мүның өзі өлкелік комитетке 4 шілдеде жолдаған хатқа салқынын тигізген" деп айтылды /84/.

Ұлттық шығармашылық-мәдени зиялы қауым үшін 20-30-шы жылдар өте ауыр кезең болды. Қазақстанда орын алған адам тозгісіз жағдайға байланысты 1933 жылғы 21 қаңтарда Ф.И.Голощекин Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшылығынан босап, оның орнына көрнекті мемлекет қайраткері Л.И.Мирзоян тағайындалды /85/. Алайда Мирзоян басшылық еткен "либералдық

24

кезең" небары төрт-ақ жылға созылып, келесі репрессия толқыны — 1937-1938 ж.ж. түрлі "процестері" — басталды. Бүған дейін-ақ, яғни 30-шы жылдардың басына дейін, бүрынғы "буржуазиялық қоғамның жақтаушылары" ("Алашорда") мен "ескілікті көксеген" А.Байтүрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов және т.б. сияқты "ұлтшыл шьшфмашылық" буыннан қүтылған өкімет, енді мәдени-шығармашылық топтың негізінен Кеңес заманында қалыптасқан өкілдеріне өзінің қанды шеңгелін салды. Және репрессияға тек қана мәдени-ағарту кадрлары ғана емес, сонымен қатар, кеңес-партия қызметіндегілер де молынан ілікті.



Басы Мәскеудегі 1936 жылғы шілде айында "троцкисшілерғе" қарсы "процесстен" басталған репрессия, сол Мәскеудеғі 1937 жылдың қаңтар айындағы екінші "процеске" үласып, мүның аяғы одақтас республикаларда кеңінен өріс алған жаппай репрессиялар жене қудалаулармен аяқталды /86/. Және, өзіміз жоғарыда келтіріп отырған француз тарихшысы Н.Верттің айтуына қарағанда, 1937-1938 ж.ж. репрессиялар "орталықта да, шеткерғі аймақтарда" да барлық саладағы кадрларды түғелғе жуық баудай түсірсе керек. Мәсслен, оның мәліметіне жүгінсек, партияның XVII съезінің 1966 делегатының 1108-і үшты-күйлі жоқ болған. ВКП /б/ О К—нің 139 мүшелері мен кандидаттарының 98-і бірден атылып кеткен /87/. Бүгінде бүкіл КСРО бойынша 30-шы жылдардың соңында қүрбан болғандардың нақты саны хақында түрлі мәліметтер келтіруде. Атап айтқанда 3, 5 млн. адамнан /Н.Тимашев, А.Бергсон, С.Виткрофт/ 9-10 млн. адамға дейінғі /Д.Даллин, Р.Конквест, Н.Авторханов, С.Розфилд/ цифрлар келтірілуде /88/.

Ал Қазақстанда жәнс Орта Азияның басқа републиқаларында аталмыш репрессиялардың қалай жүрғізілғеніне қелесі бір шетелдіқ тарихшы, Лондон университетінің профессоры, "Кеңестер Одағы тарихы: 1917- 1991" атты кітаптың авторы, Джеффри Хосқиштің мына бір мәліметтері қуо: "Уқраинадан басқа, — деп жазады ол ұлттық кадрлардың қайғылы тағдырлары жөнінде, — ең бір шекген тыс сорақылық Қазақстан мен Түркменстанда байқалды— бұл ресиубликалардағы Саяси бюро бірде-бір мүшесі қалмастан, түгелімен опат болды". Және осы автордың айтуы бойынша "тазалау" кезеңінде республикалық партия үйымындағы жергілікті кадрлардың үлесі күрт төмендеп кеткен /89/.

"

40-шы жылдардың ортасынан бастап, 50-ші жылдардың басына дейін (И.В.Сталин 1953 жылдың 5 наурызында дүние салды) созылғаи зиялы қауымға қарсы бағытталған осы тақылеттес түрлі науқандар, әсіресе, басқа үлт өкілдерінің аяғын енді енді ғана басып келе жатқан мәдениеті мен өнеріне орасан зор нүқсан келтірді /90/. Ұлттық өнер мен шығармашылықты қатаң қадағалап отыру процесі кейде кулкілі дерлік жағдайларға дейін барды. Мәселен, Эдвард Радзинскийдің пьесасының бір тарихшы кейіпкері үлттық саясаттың қырық түрленуін былай деп суреттейді: "...менің алғашқы ғылыми жүмысым Кавказ халықтарының батыры Шамильдің үлт-азаттық күресінің көсемі ретіндеғі бейнесін сомдау болатын-ды. Алайда ресми көзқарас өзгеріп сала берді... 30-шы жылдардың соңында ол "империализм ағентіне" айналды. Мен өз қателігімді мойындадым. Сонан соң,

25

соғыс кезінде ол тағы да үлт-азаттық күресінің көсеміне айналды. Бүл ретте де мен өз қатемді мойындауға мәжбүр болдым. Кейіннен, 1949 жылы ол тағы да "империалист ағент" боп шыға келді. Мен тағы да қателескендіғім турасында мәлімдедім. Сөйтіп, нәтижесінде, қателігімнің көптіғі сонша, бірде осы менің өзім толық қателік атаулыдан түрмаймын ба деғеи ой пайда болды" /91/.

1951 жылы Орталық, түркі-мүсылман халықтарының "Дедем Қорқыт", "Алпамыс", "Манас", "Ер сайын", "Шора Батыр", "Қобыланды" сияқты эпостарын "діншіл" және "байшыл-ақсүйектік" деп жариялап, оларға қатаң цензуралық тиым салды /92/.

Көрнекті де дарынды қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханов 1946 жылдың күзінде "XIX ғасырдың 20-40-шы жылдарындағы Қазақстан" ("Казахстан в 20-40-е годы XIX века") атты ғылымимонографиясын КСРО FA ғылыми Кеңесіне докторлық диссертация ретінде қоргауға үсынды. Мәскеудегі Жоғарғы Аттестациялық Комиссия оны бекітіп, нәтижесінде монография авторы доктор, кейіннен профессор атағын алды. Алайда дәл осы кезеыде тарих ғылымының басына да бүлт үйіріле бастаған болатын. Орыс халқының "тарихи топтастырушы миссиясына" қатысты Ресейдің шеткергі ұлттық аймақтарындағы үлт-азаттық күрестері бүдан әрі "феодалдық-монархиялық" және Ресейдің прогрестік маңызы бар тарихи роліне қарсы күрескендер деп таныла бастады. Осындай ахуалда 1947 жылы баспадан шыққан Е.Бекмахановтың аталмыш ғылыми еңбегі жан-жақты түрде сынала бастады. Және мүның негізін 1944 жылы 29 мамыр мен 8 шілде аралығында Мөскеуде откен корнекті Кеңес тарихшыларының мәжілісінен іздсгсн лазым. Осы мәжілісте А.М.Панкратова басқарған, 1943 жылы жарыққа шыққан "Қазақ ССР тарихы" оқулығының Кенссары Қасымовқа қатысты болімі (авторы Е.Бекмаханов) ерекше сынға алынды. Мәшліске А.С.Щербаков, А.А.Андреев және Г.М.Маленков сияқты ВКП/б/ ОК хатшылары қатысты. Қазақстан тарихының жаңа оқулығыи А.М.Панкратова, Н.С.Державин сияқты тарихшылардың жанталаса қорғауына қарамастан А.И.Яковлев пен С.К.Бушуев тәрізді тарихшылар барынша қаралауға, "үлтшылдық идея лары бар" деп кіна тағуға тырысты /93/. Мүның соңы ресми идеолоғиялық түрдеғі сынауларға толы үлкен науқанның басталуына түрткі болды. "Большевик" журналының 1945 жылғы N6 санында М.Морозов дегеннің "Қазақ ССР тарихы" оқулығына рецензиясы жарияланды /94/. Кейіннен ҚКП/б/ Орталық Комитет! 1954 жылдың 14 тамызыңда "Қазақ ССР тарихының екінші басылымы жонінде" әдейілеп қаулы қабылдауға мәжбүр болды.



Сонымен Кеңес өкіметі кезеңіндегі Қазақстан мәдениеті дамуының негізгі үрдістерін айқындауға септігін тигізген — оның мәдени қүрылыс саласындағы мемлекеттік саясаты мен үлттық мәдсниет дамуындағы орын алған жетістіктері мен кемшіліктері турасында томендегідей түжырымдарға иек артпақпыз.

26

ҚОРЫТЫНДЫ

XX ғасырдың 80—90-шы жылдарындағы Қазақстандағы мәдени процестер дамуы аса күрделі болып, түрлі ерекшеліктерге толы жолдардан өтті. Оның алғашқы кезеңінде — 80-ші жылдардың аяғына дейін созылған онжылдықта — даму түғыры өлсірей бастағанын қарамастан, рухани-мәдени үрдістерде бүрынғысынша тоталитарлық қоғам қүндылықтары үстемдік етті. Ал тәуелсіздік туралы Декларация қабылданған 1990 жыл мен басы байлы егемендікке қолымыз жеткен 1991 жылдан бастап республика мәдениетінде бүған дейін беймәлім, соны үрдістер өздеріне жол ашты. Соңғысына жас мемлекетіміздің негізін қүрап отырған қазақ халқының үлттық қайта өрлеуінен бастап, күшті ақпараттық технологияларды тіреу етіп отырған сүреңсіз батыстық-американдық мәдениетке қарсы күреске дейінгі, сан түрлі факторларды жатқызуға болады. Алайда ең басты қиыншылықтар тізбегі шешімі өте қиын әрі аса күрделі — экономикалық-әлеуметтік түйіндерге байланысты. Басқа сөзбен айтқанда, мәдени дамудың жаңа сипаттарға бөленуі, өтпелі кезеңнің алдында түрған басты мақсаттары — нарықтық қоғамға қөшу мен саяси-әлеуметтіқ жүйенің жан-жақты либералдануына тіқелей тәуелді.

Бүгінгі мөдениет турасындағы методологиялық мөні бар анықтамаларда мәдениеттің адамзаттық рухани даму негізінің іргетасын қалаудағы қуатты фактор болып табылатындығы хақындағы ой-пікірлер басымдылық танытуда. Өзінің бар рухани-мәдени болмысы мен түйсігін, қала берді өмір сүру негіздерін өркениетті қоғам талаптары мен зандарына сәйкес деп бағалауға қүлық танытып отырған әрбір адамның ілгері басуы немесе прогрессивтік көзқарастарды мансүқ етуі әбден занды түжырым. Белгілі бір түрғыларда мүның өзі тарихи мэселе. Соңғы пікіріміздің өзектілігі мен ақиқаттылығына қүні қешегі тоталитарлық қоғамдағы адам факторы мен оның басты сүйенер рухани бәйтерегі — мөдениетке деген үстіртін яки немқүрайды көзқарас және осы қөзқарастар жүйесінің, әсіресе кеңестік қоғамның агониялық Іпағында, яғни 70-ші жылдардың аяғы мен 80-ші жылдары жаппай етек алуы бүлжымас куә. Сонымен қатар, зерттеу жүмысымыздың хронологиялық түрғыда 80-ші жылдарды да қамтитындығын ескере отырып, аталмыш кезенде республикадағы кеңестік мәдени-рекреациялық жүйеде байқалған оң қүбылыстарды ескермеуге де болмайтын еді. Жұмысымыздың Кеңес өкіметі кезеңіндегі Қазақстан мәдениеті дамуының негізгі үрдістері деп аталынатын бірінші бөлімінде республика, оның ішінде ұлттық мөдениетіміз дамуында орын алған кемшіліктер мен жетістіктер жөнінде талдама жасай отырып методологиялық негіздегі — тарихи және объективтік принциптер аясынан шықпауға тырыстық. Ал оның қажетті алғы шарттары жөнінде кіріспеміздің тақырыптың өзектілігі турасындағы негіздемелерімізде кеңінен айтып өткен едік.

Диссертациялық зерттеуіміздің тоталитарлық жүйенің күйреуі мен үлттық мәдениеттің қайта өрлеуі, осы салада бүгінгі Қазақстандағы процестер ыңгайы хақындағы екінші, үшінші бөлімдерінде де тарих принципі мен тарихи объективтіліктен басқа тарихи-логикалық байланыс, ғылыми плюрализм, көп қырлылық пен ж үйелілік, нақты сараптамалар мен таңдауларға, құрылымдық

27

функционализмге немесе ретроспекгивтік- институционалдық жіктеу төсілдеріне барынша көңіл бөлуге және олардың іргелі негіздеріне түрақты түрде арқа сүйеуге тырыстық.

Зерттеу жүмысымыздың тақырыбы биыл ерекше мәнге ие болып отыр. 2000-шы жыл, баршаға мәлім, Қазақстан Республикасы Президенті Нүрсүлтан Назарбаевтың Жарлығымен Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды, Президент өз сөзінде: "...Әлбетте, адамның тірлігі ішер асына ғана тіреліп түрған жоқ. Келер ғасыр ең алдымен мәдениет ғасыры... Біз енді өзіміздің көрнекті жазушыларымызды, сазгерлерімізді, әртістерімізді, суретшілерімізді бір жолғы кәдемен емес, түрақты негізде қолдап отыруды қолға аламыз. Біз еліміздің барлық ірі театрлары мен кітапханаларын қолдауға қажет қаражат та табамыз. Біз осы қысылтаяң кездің өзінде жаңа театрлар мен музейлер ашатын боламыз. Бүл біздің болашаққа еншіміз", —деп атап көрсетті . Жаңа жылғы осы Жарлығынан соң ел Президенті өзі бас боп, сөзден бірден іске көшетіндігін аңғартты. Мәселен, ол қаңтардың алғашқы күндері Астанадагы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында болып "Қыз-Жібек" қойылымын тамашалады. Режиссер Әзірбайжан Мөмбетовке: "Енді операға дайындалыңыздар" деген тілегін де білдірді . Ал еліміздің Мемлекеттік хатшысы, көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбаев болса Үрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылын (1999) қорытындылай келе былай деді: "Мәдениет — сан қырлы үғымдарды топтастырады өрі адам өмірінің басты қырларын қамтиды. Ал әрбір өркениетті даму деңгейін оның соңында қалдырған мәдени ізі айқындайды" .

Жаңа ғасырдың алғашқы жылыңда осындай жоғарғы мемлекеттік дәрежелерде басталган үрдістерді республиканың шығармашылық-мәдени топ өкілдері мен қалың бұқарасы да оптимистік үміттермен қарсы алды. Нақты іс-шаралар мен бастамалар өздеріне жол аша бастады. Айталық, сол қаңтар айының өзінде-ақ, көие Түркістанның 1500 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің Мәдениет Сарайында Нүрлан Өнербаев пен Көпен Әмірбек сияқты белгілі өнер мен шығармашылық өкілдері қатысқан "Саз бен сатира" атты кеш және атағы әлемге өйгілі скрипкашы сазгер Марат Бисеығалиевтің, оның отбасы мүшелерінен түратын шығармашылық тобының, Алматыда және басқа де қалаларда өдейілеп, осы Мәдениетті қолдау жылына арналған концерттері болып өтті . Сөйтіп, осындай елеулі оқиғалармен жене серпінді шаралармен басталған XXI ғасырдың алғашқы жылының басы мәдениет сүйер қауымның көңілін бір көтеріп тастады. Тек республика Президентінің аталмыш Жарлығынан соң басталған, ал көздеғен мақсаты игілікке бастар — мәдениетті қолдау сияқты осынау тарихи акция-кеңес заманындағы түрлі қаулылар мен нүсқаулардың кебін киіп, "бір жарқ етіп, сөнбесе" болғаны да.

Қазақ үлтының мәдени-рухани қүндылықтары тоталитарлық қоғамда қатты жапа шекті. Бәлкім, сондықтан да болар, сол 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында бүл жолы тек таза үлттық негіздерді тіреу еткен өзіндік бір қазақи "ренессансымыздың" яки қайта өрлеуіміздің айтарлықтай

28

тұғырлы болғандығы. Әсіресе, XX ғасыр басындағы қазақ зиялы қауымының шығармашылық-мәдени мүраларының ақталуына орай. Сондай-ақ, 90-шы жылдардың екінші жартысында "макроэкономикалық түрақтылық" пен қоғамдағы өмір сүру деңғейінің күрт төмендеуіне орай, аталмыш, үлт үшін сөзсіз проғрессивтік мәні зор болған соны қүбылыстардың әлсірей бастағаны және ақиқат.

Дегенмен бүл жылдар ішіндегі қайта өрлеуіміз тек қана "тарихи факторлармен" ғана шектелмеді. Жалпымемлекеттік түрғыдағы жаңа идеологиялық қазыналылықтардың қажеттіліғі мен елдегі түрақтылықтың басты кепілі — Қазақстан халқының біреғейліғі (идентичность) турасындағы өз кезеғінде түрлі ағымдар мен үрдістерғе жол ашқан мемлекеттік-институционалды акциялардан бастап, өткенге жаңа көзқарастар түрғысынан баға беруғе, әлеуметтік- экономикалық, технолоғиялық, ғеосаяси, урбанизациялық процестер ыңғайына, үлттық тіл яки менталитетке, оның салт-дәстүрлік қайнар көздеріне, демоғрафиялық өсім, тіл мәселесі жөне т.б. дейінғі, көбінесе, бүған дейін тың әрі беймөлім, зерттеу мен талдау және сараптау тасқындарының соны легі өзінекеңінен жол ашты. Ал бұл, яғни осы заманғы факторлар жүйесі, біздің зерттеу жүмысымыздың өзегін қүрап отырған — мәдени процестер дамуында байқалып отырған негізгі үрдістермен біте-қайнасып, мейлінше жымдасып отыр. Мәселен, үлттық тіліміз бен рухани болмысымыздың яки мәдениетіміздің дамуындағы елеулі факторлардың бірі әлеуметтік-демографиялық түйіндер.

Белгілі тарихшы ғалым Хайдар Алдажүманов өзінің "Көрнекті ғалым, үлағатты үстаз" атты мақаласында (демографиялық үрдістер проблемалары жөніндегі маман, көрнекті тарихшы М.Х.Асылбековтың 70 жылдық мерейтойына орай.—Г.О.) қазақтың өз жерінде аз үлтқа айналуы мен бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік құрылымдардың түрақты яғни перманентті түрде өзгеріп отыратындығын және олардың, ең бастысы, халықтың рухани-мәдени дамуымен тығыз үштасып жатқандығын тілге тиек етеді . Сөз орайы келіп түрғанда айта кеткен жөн: ұлттық тіл немесе менталитет я болмаса салт-дәстүрлер мен басқа да рухани-мәдени қазыналылықтарды насихаттауда тәуелсіздігіміздің он жылындағы қазақ баспасөзі мен ғылыми әдебиетінің атқарған ролі үшан-теңіз. ғасырдың алғашқы ширеғінен бастап-ақ Іпығып келе жатқан "Еғемен Қазақстан" (бүрынғы "Социалисте Қазақстан"), "Жас Алаш" ("Лениншіл жас") сияқты ғазеттермен бірғе "Ақиқат" ("Қазақстан коммунисі"), "Қазақстан мектебі", "Жүлдыз", "Парасат" және т.б. да басылымдардың 80-ші жылдардың соңы 90-шы жылдардың басында үлттың рухани өрлеуіне тигізген септігі өте көп. Журналдар ішінде тәуелсіздік кезеңінде, яғни 90-шы жылдар ішінде шыға бастаған жаңа басылымдар — "Қазақ тарихы", "Абай", "Қазақ тілі мен әдебиеті" және т.б. Қызметі әдейілеп атап өтуге түрарлық. Мәселен, олардың бірі — "Қазақ тарихы" журналы туралы белгілі тарихшы ғалым Ж.Қасымбаев былай дейді: "Қазақ тарихы" — үлттық тілде жарық көрген, тарихқа арналған еліміздің өміріндегі түңғыш басылым. Бүгінде мемлекеттік тілге көбірек көңіл бөлінетіні түсіиікті...

Сонымен қатар аталмыш журналда соңғы жылдары біздің зерттеу

29

жұмысымызға тікелей қатысы бар мақалалар топтамалары да түрақты түрде жарияланып жүр. Оның ішінде тіл мәселесі мен бүгінгі мәдени үрдістерге байланысты жүргізілген сүраулар мен респонденттердің оларға берген жауаптарын қамтитын деректілік маңызы зор зерттеулер де бар. Мөселен, Х.Әбжанов бастаған авторлар тобының "Ұлттық тіл және мәдениет: қилы заман, қилы тағдыр" деп аталынатын мақаласында алда мөдениетті америкаландыру қаупіне және ұлттық мәдениетіміздің ертеңіне қатысты қызық ой-пікірлер бар .

Жоғарыдағы келтірілген фактілерден көріп отырғанымыздай, бүгінде, тарихтың кеңес заманында "дәстүрлі" түрде мәдениетке деп бөлінген жекелеген салалары мен тараулары ғана үстемдік танытумен шектелмей, осы мәдениеттанудың жалпы проблемаларын толығымен қамтитын: әлеуметтік-философиялық, этикалық-эстетикалық, этнопедагогикалық-этнопсихологиялық, өнертанулық-сындық, археологиялық-палеографиялық және т.б. да негіздері мен қайнар көздері кеңінен кәдеге асырыла бастады. Мүның өзі кешенді яғни комплексті негіздерге арқа сүйеген жаңа мәдениеттанудың дүниеге келуіне аса зор ықпал етті. Демек, біздер де, жүмысымызды жазу барысында, аталмыш факторларды, өсіресе мәдениеттанудың өзінің басқа да ғылыми жүйелердің тікелей көмегімен түрақты түрде "эволюцияланып" отырғандығын, үдайы ескеріп отыруымызга тура келді.

Мұның бәрін санамалап, жіктеп отырғанымыз жүмыстың кіріспелік бөліміндегі тақырыптың зерттелу ыңғайына "қайта оралу" емес. Және бүл арадағы пікірлеріміз кіріспелік бөлімдегі пікірлерді қайталап та отырған жоқ. Соңғы толғамдарымызға арқау болған басты мақсат — кезінде тек "тарихи факторлармен" — ғана шектеліп, оқулықтарда экономикалық және әлеуметтік ахуалдардан соңғы "қүрметті үшінші" орынды иемденіп келген мөдени үрдістер тарихының бүгінде мүлдем жаңа белестерге көтеріліп, оның қамтитын мәселелері аясының да соншалықты түрде "глобальданғаны" яки аясының шексіз кеңігендігі турасындағы ойларымызды білдіру ниетінен туындап отыр. Тіпті, аса "кең емес", бар болғаны "пәндік-әдістемелік" түрғыда айтқан қүнде де мөдениеттану пөнінің өзінің тек соңғы он жылда ғана "отау тігіп шыққанын", және оның балаңдығын да ескерейік. Алайда, қайталап айтуға мәжбүрміз, бүл ойымыз — мәдениет және өнер тарихымен немесе кең мағынасында жалпымәдениеттанумен енді тек мәдениеттанушылар ғана айналыссын деген сөз емес. Біздер қайта бұл саланың мейлінше кеңдігін және оның, мәселен, тарихшылар мен философтардың немесе, тіптен, саясаткерлер мен экономистердің де (!) (мәселен, статистикалық түрғыда) зерттеу объектісі болып қала беретіндігі турасында айтып отырмыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет