Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Мемлекеттік басқару механизмдері: түсінік, мазмұн, құрылымы



бет21/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
2.Мемлекеттік басқару механизмдері: түсінік, мазмұн, құрылымы
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құру жағдайында маңызды ретінде мемлекеттік басқаруды құру алға шығады. Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2030» «қоғамның және экономиканың күрделi жүйелiк қайта жаңғыруларын мемлекеттiк басқару жүйесiнiң өзiн жүйелi ету мәселесi күн тәртiбiне өткiр қойылып отыр»1. Әдетте мемлекет механизмімен басқаруды жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі байланыстырылады. «Мемлекеттік басқару жүйесі» түсінігі және «мемлекеттік басқару механизмі» өзара байланысты және бірінен бірі ажырағысыз. Механизм мемлекеттік басқарудың үш жағын көрсетеді: ұйымдастырушылық-құрылымдық (жүйе), қызметтік (мазмұндық) және қоғамдық жүйеге өзіндік басқару әсерлері қоғамдық жүйеге басқарушылық әсерлер.
Айтылғандар негізінде мемлекеттік басқару механизмін мемлекеттік аппарат жүйесінің қызмет етуі ретінде анықтауға болады, оның негізі ол басқарушылық процестер, қоғамдық жүйеге мақсатты түрдегі әсер ету. Сонымен қатар мемлекеттік басқару механизмдері оның соңғы нәтижелерінің әлеуметтік бағалануын, яғни қоғамдық тәжірибеге тиімділігін көрсетеді, сондықтан оны зерттеуге әлеуметтік тәсіл қолданылуы керек.
Мемлекеттік органдардың басқарушылық қызметтері қоғамдық процестерге белсенді түрде әсер ету сипатында болады. Осындай әсер нәтижесінде көптеген басқарушылық қатынастар туындайды, оның ішіндегі маңыздылары құқық нормаларымен реттеледі. Аталған механизмнің негізі мемлекеттік басқаруды әлеуметтік процестерге әсер етуді реттеу мақсатында жүргізіледі.
Мемлекеттік аппараттың жүйесінің қызмет етуі мемлекеттік басқару механизмдерінің құқықтық әсерін көрсетеді (нормативтік-құқықтық негізде, басқарушылық құқықтық қатынастар, субъективтік құқықтар мен заңды құқықтарды жүзеге асыру актілері) және оның тиімділігін әлеуметтік бағалау.
3. Мемлекеттік және қоғамдық басқарудың бірлігі мен қатынастары
Басқару тәжірибесінде екі негізгі бағыт қалыптасып отыр: 1) мемлекеттік басқару; 2) қоғамдық басқару. Олар бірімен бірі тығыз өзара байланысты, бірін бірі толықтырады және бірегей жалпы әлеуметтік жүйенің қызмет етуін қамтамасыз етуші басқарушылық «икемділік» құрайды.
Сонымен қатар мемлекеттік және қоғамдық басқару өзара ерекшеленеді. Қоғамдық органнның басқарушылық қызметтері көлеміне және мемлекеттік аппараттың тиісті қызметтері басшылық ету тең емес ұйымдастырушылық деңгейде. Мемлекеттік басқару негізі мемлекеттің әлеуметтік рөлінен және мемлекеттің қоғамдағы мәнінен шығады. Мемлекетке қоғамның барлық жақтарын экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жолымен барлық қоғам көлемінде қайта құру жұмыстары тиесілі. Мемлекет қоғамдық көлемде экономика әлеуметтік сала және әкімшіліктік-саяси құрылысты басқаруды қамтамасыз етеді. Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерінде басқару аталған ұйым аумағында шектеліп қалады. Мемлекет (оның органы тұлғасында) қоғамдағы басқарудың ең көп және күрделі көлемін басқарады, осыған байланысты әлеуметтік басқару жүйесінде мемлекеттік басқару оның негізі болып саналады.
Мемлекеттік органдардың әсер ету формаларының бірі және қоғамдық бірлестіктерінің бірі ондағы қызметтестік болып табылады. Мысалы, қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік органмен келісім шарт арқылы (келісім) оның заңнамада қарастырылған нақты бір жұмыстарын орындаушы бола алады.
Әлеуметтік серіктестік жүйесіне ерекше қарау керек. Әлеуметтік серіктестік негізі мына принциптерге негізделген:
- тараптар өкілдерінің уәкілеттілігі;
- тараптардың теңдігі;
Талқылауға шығаралатын мәселелер тізімін таңдаудағы еркіндік;
-міндетті қабылдау еркі және оны тараптардың орындауларының еріктілігі;
- тараптар мүддесін сыйлау;
-әлеуметтік серіктердің ұлттық заңнаманы, халықаралық келісімшарттарды және республика міндеттерін сақтауы;
Тараптар мен олардың өкілдерінің өздері келісім бойынша қабылдаған міндеттерді орындауға жауапкершілігі.
Мемлекет пен азаматтардың қоғамдық бірлестіктерінің өзара қатынастарының формаларының бірі ол қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу болып саналады. Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркеу реті мен қайта тіркеу заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңнамамен реттеледі. Тіркеуден бас тарту сот тәртібімен шағымдалады.
Негізгі әдебиет: :1,2,3,6
Қосымша әдебиет: 1,2,3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет