Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»



бет4/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
1.2 Мемлекеттік басқару түсінігі
Мемлекеттік басқару - бұл мемлекеттің қоғамдағы ұйымдастырушылық - реттеушілік және қызметтік функцияларын орындау мақсатындағы заңдық, атқарушылық, соттық және басқа да биліктік қызметтерін жүзеге асыруы болып табылады.
Мемлекеттік басқару теориясының мазмұны- қоғамды басқару институты ретіндегі мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды жүзеге асырудың заңдылықтары мен қағидаларын оқып үйрену, басқарудың негізі ретіндегі мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.
Мемлекеттік басқару теориясының пәні – қоғамды басқарудың саяси құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси құқықтық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады.
Мемлекеттік басқару түсінігіне көптеген ғылыми еңбектер арналған. Соның негізінде мемлекеттік басқару түсінігін кең мағынада және тар (кәсіби) мағынада түсіндіреді: кең мағынада мемлекеттік басқарудың бірнеше нұсқасы бар: 1. мемлекеттің ұйымдастырушылық қызметі (оның органдары арқылы) ретінде; 2. мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық орындаушы - бөлуші қызметі; 3. мемлекеттің қоғамдық жүйеге билік ету әсері. Осы аталған нұсқалардан мемлекеттік басқару теориясы пәніне мемлекеттің барлық қызметі жататынын байқауға болады.
Тар (кәсіби) мағынада мемлекеттік басқаруды – мемлекеттің орындаушы-бөлуші органдардың құқықты-биліктік қызметі деп түсінуге болады. Бұл жағдайда мемлекеттік басқару теориясы пәніне тек мемлекеттің орындаушы-бөлуші органдардың (мемлекеттік басқару органдары) қызметін айтамыз.
Мемлекеттік басқарудың жағдайын бағалау, талдау мен даму болашағын анықтауда пайдаланылатын бірқатар аспектілер бар:
1. Рыноктік экономикадағы мемлекеттік басқарудың ролі мен қызметі және жергілікті басқарудың нығаюы мен даму стратегиясының – Қазақстанның даму стратегиясындағы негізгі міндеті ролінде дамуы.
2. Басқарудың мақсаты мен принциптері, басқару реформасын жүзеге асырудың негізгі факторлары болып– институционалдық, адамдық және қаржылық ресурстар табылады.
3. Мемлекеттік басқарудың жауапкершілігін және басқарудың әрбір деңгейінің белгілі мемлекеттік бағдарламалар мен қызметтермен шығындарды бөлу негізіндегі міндеттері мен ролін анықтау.
4. Мемлекеттік басқару мен Қазақстандағы жергілікті басқарудың заңдық, нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру, басқару органдарындағы мемлекеттік қызмет кадрларын дамыту.
Басқару – басқару субъектісінің объектіні сапалы жаңа жағдайға аударуға мақсатты түрде бағытталған іс-әрекеті.
Басқару әмбебап құбылыс болып табылады, себебі ол барлық қоғамдарда, елдерде, адамдардың қоғамдық қызметінің барлық салаларында және өркениеттің барлығында бар. Басқару процесінің екі жағы бар: басқарушы және басқарылушы. Басқарушы жақты басқарудың субъектісі десе, басқарылушы жақты объектісі деп атайды.
Басқарудың субъектісібұл басқарушылық шешімдерді қабылдау өкілеттілігіне ие (басқаларға интеллектуалды) индивид немесе адамдар тобы, яғни бұл басқару органы және де оның негізгі қызметі мен міндеті басқаруды жүзеге асыру болып табылады.
Басқару объектісібұл жұмысшылар, коллективтер, басқа да объектілер, яғни басқару шешімдерін орындайтын, басқару мақсатын жүзеге асыратын адамдар тобы.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Вебер М. Политика как призвание и профессия //Избр. произведения. М.: Прогресс, 1990. С.665.
2. И.А. Василенко. Административно-государственное управление в странах запада: США, Великобритания, Франция, Германия.-Москва.: «Логос», 2001.
3. Гумплович. Л. Общее учение о государстве / СПб., 1910.- с.47.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет