Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Қазіргі заманғы мемлекеттік менеджменттің мақсаттары, міндеті мен мазмұны



бет3/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
3. Қазіргі заманғы мемлекеттік менеджменттің мақсаттары, міндеті мен мазмұны
Соңғы 20 жылда мемлекеттік менеджментті енгізу тұрақтылыққа ықпал етіп отыр және оны негізгі құрам ретінде енгізген көптеген елдердегі мемлекеттік шығын көлемін кемітіп отыр: қызмет нәтижесін өлшеу. Соңғы он жылдық барысында кейбір елдер мемлекеттік менеджменті енгізу барысында нақты бір қиындықтарға кездескен болатын. Оның көбі жеке монополия мемлекеттікке қарағанда мемлекеттік қызметті жекешелендірумен байланысты жаман болуы мүмкін: дәстүрлі бюрократиялық менталдық, менеджмент негіздерін және нарықтық экономиканың негізін, демократия принциптерін білмеу. Қарсылықтарды әрекет етіп отырған заңнамадан да табуға болады, олар көбінесе басқару әдістерін енгізу үшін қажет болатын шешім қабылдау барысында қажетті икемділікті қамтамасыз етпейді. Ресей тәжірибесінде мемлекеттік басқаруды мекемедегі бизнес-процестер деп атау әлі ерте мысалы, мемлекеттік орган үшін тауарды жеткізудегі сауда және оларға әр түрлі қызметтер ұсынуды мемлекеттік бизнес деп атайды. Мемлекеттік реформаны ертеден жүргізіп жатқан елдерде, мысалы АҚШ және Ұлыбританияда (немесе коммерция деп) онымен кім айналысатына қарамастан мемлекеттік немесе коммерциялық мекеме болса да бизнес деп аталады. Pricewaterhouse Coopers компаниясы айырымдылық негізінде мемлекеттік шенеуініктерге арналған арнайы журнал «Мемлекет бизнесін» шығарады, оның беттерінде бизнес өкілдері өз тәжірибелерімен бөліседі және мемлекеттік аппарат қызметкерлерімен тиімді жұмыс істеу әдістерімен бөліседі, сонымен қатар шенеуініктердің өз тәжірибелерін де таратады. Менеджменттің жалпы курсынан ұйым ретінде әдетте қандайда бір мақсатқа жету және стратегияны жүзеге асыру үшін бірігуді айтатынын біз білеміз, ал менеджмент ретінде-белгіленген мақсатқа қол жеткізу барысындағы адами ресурстар мен материалдарды тиімді пайдалануды айтамыз. Мекеме мен менеджмент барлық деңгейде барлық салада және қызмет түрлерінде де бар, ол жеке істен бастап халықаралық қатынастарға дейін болады. Мемлекеттік менеджмент ретсіздікке көңіл аударады және оның негізінде қазіргі заманғы әкімшіліктік мемлекет құрылатын доктринаның қарсылықтарына көңіл аударады. Ирархия принциптеріне негізделген бақылау мен бағынудың аталған концепциясы пайда болғаннан кейін және ішкі және сыртқы қызметтерді бөлгеннен кейін бақылау мен бағыну моделі қалтқысыз бола алмады. Көптеген зерттеулерде мемлекеттік оң мүмкіндіктері оның күші арқылы емес «желілік құрылымды» қолдау мен құру ақылы анықталады, оның аясында жеке топтық мүддемен қоса тиімді келісілген мақсатқа қарай бағытталған басқару жүйесін жасап оны жүзеге асырады. Сол арқылы мемлекеттік менеджмент дәстүрлі институционалдық тәсілден нақты қолданыстағы басқару процедурасын сараптауға және нақты бағдарламаларды жүзеге асыруға қарай бұрылады. Мемлекеттік басқаруды қазіргі заманғы зерттеушілер коммуникацияны, байланыстарды өзара әрекеттестікті зерттеуге көңіл бөледі, жеке және қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара әркеттестікті байланыстарды зерттеуге көңіл бөледі, себебі осы салада ғана нақты шешімдер қабылданады және басқарушылық қызметтер жүзеге асырылады. Менеджеризмнің мақсаттары белгілері мемлекеттік мекемелердің бюрократтықтан кәсіпкерлікке бет бұруы, оған бірінші кезекте басшылардың мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің мотивациясының (қозғамының) өзгеруі сонымен қатар лауазымдық тұлғаларды таңдаудың өзгеруі болып табылады. Менеджеризмнің арқасында мемлекеттік басқару аппараты өсіп отыр және бұрыла алмайтын болып отыр, себебі онда жұмыс істеп отырғандар осылай қалап отыр, әрекет етіп отырған бюрократия осыны қалап мәжбүрлеп отыр. Мысалы, көптеген мемлекеттік бағдарламалар олар монополиялар, оның клиенттері жақсы қызметті таңдап алу үшін басқа орындарға бара алмайды. Бағдарламаның көпшілік бөлігі нәтижесіне қарай емес көлеміне қарай қаржыландырылады (қанша бала төлемақы алуға құқысы бар, қанша отбасы аз қамтылған). Мемлекеттік бағдарламалар қиялдағы нәтижеге жететіндігімен маңызды болып табылмайды, олар қыруар қаржы жұмсайтын болғандықтан маңызды болып табылады. Оның басшылары жақсы нәтижеге қол жеткізгені үшін кең танымал болып көп жалақы алып отырған жоқ, олар бюрократия көлемін арттырған үшін осындай жетістікке жетіп отыр. Осы жерден мемлекеттік бағдарламаларда клиентке көңіл аударуды арттыру, қызметкерлердің жекелігін арттыру, таңдаулы бәсекелестікті арттыру және әкімшіліктік қайта реттеуді өзгерту арқылы өзгерту талаптары туындайды. Мемлекеттік сектордағы менеджменттің осы тәсіл тұрғысынан алғанда мемлекеттік бақылау қызметтеріне тікелей немесе жанама түрде бағытталған бюрократиялық, формалистік болуы міндетті емес. Бюрократиялық парадигманың соңғы уақыттағы маңызды концептуалдық талаптары мемлекеттік мекемелер клиенттеріне таныс болуы керек және көрсетілетін қызметке бағытталуы керек. Клиент туралы және қызмет туралы талқылау осы түсініктерді басқа да жағдайда пайдалануға бағытталған олар (талқылаулар) басқарушыларға нақты бір проблема үшін альтернативтік дұрыс деп саналатын шешім қабылдауға көмектеседі. Менеджеризм дәстүрлі веберлік идеяға және олардың қызмет етуіне қарсы тұрады.
Менеджменттің маңызды міндеттерінің бірі ол тауар мен қызметті тұтынушылардың сұраныстарын есепке ала отырып, қолда бар ресурстармен ұйымдастыру болып табылады. Сонымен қатар, менеджмент міндеттеріне мыналар жатады:
- біліктілігі жоғары жұмысшыларды пайдалануға ауысу;
- мекеме қызметкерлерін оларға тиісті жағдай жасай отырып және төлем жүйесін жасау арқылы ынталандыру болып табылады;
- оны қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстар мен табыс көздерін анықтау;
- мекеменің даму стратегиясын жасау және оны жүзеге асыру;
- мекемені дамытудағы нақты бір мақсаттарды анықтау;
- үнемі ізденісте болу және жаңы нарықтар іздеу;
- алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жүйе жасап шығару;
- алға қойылған міндеттерді орындаудағы қызмет тиімділігін бақылау.
Қазіргі заманға менеджментте міндетті шешудің әр түрлі әдістері бар, басқарушылық процестерді моделдеу, шешім қабылдаудағы ақпараттық және техникалық қамтамасыз етулер және т.б..
Мемлекеттік басқаруды қоғамдық процестерге нақты әсер етуші ретінде жалпы түсіну үшін оның мазмұндық ерекшеліктерін талдау арқылы білуге болады. Соңғысы мемлекеттік басқаруға мемлекеттің әлеуметтік міндеті мен мазмұнына негізделген жүйенің әмбебап басқарушысы ретінде сапалы анықтама береді. Мемлекеттік басқарудың мазмұны мен өзіндік ерекшеліктерін анықтау – қоғамдағы оның объективті қажеттілігін көрсететін негізгі белгілерін табудан тұрады. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-саяси табиғаты оның бірнеше өзіне тән белгілерімен анықталады. Ең бірінші ондағы мықты биліктің күштің болуы.
Неміс политологы М.Вебер «Мемлекет – әдіс ретінде мәжбүрлеуді заңды деп танып, соған сүйенген адамдардың адамдарға билік қатынасы», - деп жазған [1]. Дегенмен, мемлекетті көпқырлылығы жағынан анықтауға болатыны белгілі. Сондықтан, Г. Еллинек «Мемлекеттің жалпы теориясы» атты еңбегінде «Мемлекетті бір ғана анықтамамен түсіндіруге болмайды, зерттеу тәсілінің мазмұнын көрсететін ол - әлеуметтік-ғылыми, құқықтық және т.б. болып, мемлекеттік түсінік болады»,- деген.
Аристотель кезеңінен бастап, мемлекет - территорияның, халықтың және биліктің (заңдары болса) бірлігі ретінде түсіндірілді. Мемлекеттің құқықтық анықтамасы осындай. Жан Боден осы түсінікті абсолютті және тұрақты билік ретінде дербестікпен қатар қойды. Содан бастап, дербестік мемлекеттік биліктің ажырамас атрибуты ретінде қарастырылады. Ежелгі кездерден бастап, мемлекеттің негізгі бір белгісі ретінде заңдылықтың болуы қарастырылған. Аристотельдің айтуы бойынша, адамдар бір мемлекетке бірігіп тұру үшін ғана емес, өмір сүру үшін біріккен, сондықтан да заңдардың болуы шарт. Бірақ, Аристотель заңдардың барлығы орындалып жатқанын немесе олардың мінсіз екенін айтқан жоқ.
Ағылшын философы Томас Гоббс – мемлекетті – «тұтас тұлға, тәуелсіз жоғары билеуші, оның қалауы халықтың қалауы болады, сондықтан ол барлық адамдардың әрқайсысының күші мен мүмкіндігін ортақ бейбітшілік пен қорғаныс үшін қолдана алады» - деп санайды [2].
Неміс әдебиетінде мемлекет «белгілі бір аумақта және жоғары биліктің қол астында біріккен халықтың ұйымы» ретінде көрсетілсе (Р.Моль), ал өзге әдебиеттерде «құқықтық жағдайды жан-жақты қолдану үшін құрылған жоғары биліктің қол астындағы белгілі бір аумақтағы еркін адамдардың одағы» ретінде қарастырылады (Н.Аретин). Үшінші жағдайда мемлекет «белгілі құқықтық тәртіпті қорғау үшін табиғи түрде пайда болған билік жүргізуші ұйым, - деп айтылған» (Л.Гумплович) [3].
Нерсесянцтің айтуы бойынша, мемлекет – бұл жеке тұлғалардың құқықтық (яғни шынайы теңдік қағидасына негізделген) ұйымдастырылған саяси билігі [4]. Ал, В.А. Четверниннің айтуынша, мемлекеттің жалпы теориясы - ең бірінші «демократиялық конституциялық мемлекет» түсінігін білдіретін қазіргі мемлекеттендірудің дамыған институционалдық формасына негізделген [5].
Сонымен қатар, мемлекет түсінігі тірі «табиғи организм» ретінде анықталады. Осы бағытқа сәйкес ол «әлеуметтік биологияның нысаны» ретінде қарастырылады. Мемлекеттің түсінігіне деген мұндай көзқарасты австриялық заңгер Г.Кельзенге дейін көптеген басқа авторлар, атап айтқанда, мемлекеттің органикалық теориясын жақтаушылар қолдады [6]. ХІХ-ХХ ғасырларда өз дамуының жоғары шегіне жеткен бұл теория барлық әлеуметтік өмірді биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге тырысты. Олар қоғамды толығымен организмге теңестіріп, ал мемлекетті тіршілік етіп жүрген және болашақта дүниеге келетін азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын «жалғыз институт» деп санады.
Жалпы айтқанда, мемлекет - қоғамның саяси ұйымдастырылуының формасы болып табылады. Оның негізгі міндеті – қалыптасқан құрылымды қорғау мен тәртіпті қорғау. Мемлекеттің белгісі – бұл белгілі бір территорияның болуы, онда сол мемлекеттің заңы, құқығы, билік қызметі, басқару жүйелерін жүзеге асырушы ерекше органдар құрылымы мен мекемелердің болуы. Мемлекеттік басқару жүйесі - өзіне мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызмет персоналдарының ұйымдастырушылық құрылымдарын, қолданылатын әдістер, қаржылар мен ресурстар кешенін қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет