Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»



бет6/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

Экономиканы басқару

Тұтыну

Өндіріс



1 сурет. Экономиканы басқарудың қарапайым сызбасы

Сызбадан көрініп тұрғандай экономикалық процестің негізгі процесі ретіндегі өндіріс пен тұтынумен қатар басқару саласы қазіргі заманғы экономиканың негізгі қаңқасын құрап отыр.


Өндіріс өндіріс пен тұтынуды қолдауға арналған материалдық-заттық өнім, тауар, қызмет құрады. Өндірістік және өндірістік емес әлеуметтік тұтынулар өндірістің қызмет етуіне алғышарт болады және оны еңбек ресурстарымен қамтамасыз етеді. Басқару өндіріс пен тұтынудың процестерін бақылай отырып оның бір бөлігін бірегей экономикалық жүйеге, координациялайды.
Қоғам билік пен азаматтар арасындағы келісім ретінде қызмет етеді, онда әрбір тарап өзіне міндет алады және құқық алады. Қоғамдық келісім аясында әрекет ететін мемлекет заңдардың және ережелердің барлық қоғам мүшелері сақтауын бақылайды басымдықты жалпы құндылықтар мен мүддені қамтамасыз ету барысында құқық пен міндеттің оңтайлы үйлестігіне қол жеткізеді.
Сонымен қатар азаматтар өз міндеттерін орындайды. Олар мемлекеттік әрекетін түзетуге құқылы, ол үшін әр түрлі әдістерді қолданады: билік органдарын және лауазымды тұлаларды қайта сайлау, заңнамаларға өзгерістер енгізу, азаматтық бағынбаушылық және т.б. қандайда бір тараптың өз міндетін орындамауы барысында дау туындайды, ол мемлекеттің өзінің өмір сүруіне қауіп төнгізуі мүмкін.
Мемлекеттік басқару жүйесі ғылыми пәнді көрсетеді, ол қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруды көрсетеді. Мемлекеттік басқару жүйесінің құралы ол адамдардың өндірістік, әлеуметтік және рухани өміріне әсер ету формасы мен әдістері болып табылады, олар өзара саяси жүйе жалпылығы мен аумағы арқылы байланысты.
Қоғамдық өндірістер — адам өмірінің негізі. Ол адамның табиғатпен өзара әрекеттестігі процесін көрсетеді (еңбек) және осы қатынастар барысында туындаған бірлестікті көрсетеді. Адам саналы түрде еңбек етеді, ол өзінің өмір сүруіне қажетті құралдарды өндіреді. Артып келе жатқан тұтынушылық қажеттері арқасында адамдар еңбек қызметі көлемін де арттырып келеді, тәжірибе жинақтайды өндіріске неғұрлым дамыған құралдарды пайдаланады. Еңбек нәтижесі деп материалдық игілік түріндегі өнімді жеке тұтынуға арналған құралдарды және басқа да формадағы құралдарды айтамыз. Еңбек барысында адамдар техникалық-өндірістік және қоғамдық-өндірістік қатынастарға түседі. Техникалық-өндірістік қатынастар өндіріс технологиясы мен өндірістің ұйымдастыруы арқылы анықталады. Қоғамдық-өндірістік қатынастар өндірістің жек қатынасушысы есебінен емес жалпы қоғам еркінен анықталады.
Мемлекеттік басқару өндірістің барлық саларына әсер етеді. Өндірістік қатынастарда ол меншік формасын басты орынға қояды, онда барлық шаруашылық етуші нысандар тең жағдайда болуы керек. Бөлуге келетін болсақ жекелеген тұлғалардың немесе өндіріс құралын анықтаушы топтың ерекше монополизациясына жол берілмейді, себебі ол жеке тұлғаны басып тастайтын байлық пен кедейліктің шұғыл контрасын тудыруы мүмкін.
Ұйымдастырушылық-шаруашылықтық қызметтерді орындай отырып мемлекет шаруашылық етудегі жалпы нормалар мен ережелерді анықтайды. Экономиканы реттеу механизмдерін қалыптастырады. Өндіріс пен тұтыну саласындағы қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру ұлттық байлықтың бір бөлігін жалпылау қажеттігін және мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет етуін (муниципалдық) кәсіпорындар қызметінің қажеттігін көрсетеді. Табиғи, материалдық, қаржылық ресурстардың бір бөлігі жалпыланады (мемлекет иелігінен шығарылады). Мемлекеттік сектормен қоса жеке, корпоративтік кәсіпорындар да қызмет етеді. Нәтижесінде аралас экономика қызмет етеді. Олар әр түрлі шаруашылық етуші формаларды көрсетеді.
Қазіргі заманғы қоғамдық жүйе мемлекеттік басқаруды экономикалық және әлеуметтік дамуды реттеуші ретінде пайдаланады, оған әкімшіліктік-жоспарлы және нарықтық тетіктер де пайдаланылады.
Мемлекеттік басқару жүйесі ғылыми пән ретінде тиісті заңнамаларға, принциптерге, ережелерге сүйенеді, олар мемлекеттік басқарудың әдіснама негізі болып табылады. Әдіснама өз кезегінде басқару әдістерін анықтайды, яғни басқару міндеттерін, шешудегі әдістер мен тәсілдерді анықтайды.
Мемлекеттік басқару жүйесі қоғамдық даму заңдарына бірінші кезекте экономикалық даму заңдарына негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет