Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет32/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   287
Жазбаша бақылау сұрақтары
1. ХХ ғ. аяғы стильаралық айырмашылықтардың азаюымен, әдеби
тілде қарапайым, ауызекі тіл элементтерінің көбеюімен ерекшеленді
деген пікір рас па?
2. Жазу – тiл өмiр сүруiнiң бiр формасы ма, әлде өз алдына дербес
тiлдiк жүйе ме деген сауалдар кімнің зерттеулерінен кейін пайда бол-
ды?
3. «Тіл (languа) –  индивид санасында сақталған ғажайыптардың
қоры,   көпшіліктің,   тілдік   ұжымның   санасында   орналасқан   пас-сив
грамматикалық   жүйе,   сөз   –   (langage)   жеке   индивидтердің
қолдануындағы   белсенді   (актив)   жүйе;   сөйленістен   екшелген,
сөйлеушілердің жанында қалатын тілдік әрекеттің бөлігі ғана тіл бо-
лып табылады» деген пікірдің авторы?
4. Тек адам санасы арқылы ауызша тіл жазу жүйесіне, жазба тіла-
уызша тілге айнала алады деген пікірдің авторы?
41


5. Жазба тілдің дербестігін алғаш айтқан ғалым?
6.Әріп пен дыбысты, жазба тілмен ауызша тілді терминологиясы 
бойынша қатаң айыруды талап еткен ғалым?
7. Тіл білімінің негізгі нысаны жазба тілемес, ауызша тіл болу ке-
рек деген кім?
8. Жазудың ауызша тілден ерекшелігін айқындаған ғалымдар?
9. И.Е.Гельб   «жазудың   о   бастағы   болмысы   тілден   өзгеше   еді.
Адамзат өз ойын жазба түрде берудің алдыңғыларға қарағанда жетіл-
ген түрін ойлап тапқанда ғана, сол кезеңде жазу өзінің дербес жүйелік
сипатынан айрылып, ауызша тілдің жазба орынбасары болып қалды»
деген пікірін қалай түсінесіз?
10. В.А.Истрин жазуды дербес жүей деді ме, әлде есте қалдыратын
көмекші құрал деді ме?
11. Жазуды   өз   алдына   дербес   жүйе   деп,   маңызын   дәрiптеп,
мәртебесiн жоғарылатқан көзқарас не себептен пайда болды?
12. Графикалық лингвистика дегеніміз не?
13. А.А.Волков жалпы жазуды зерттейтін ғылымды қалай атады?
14. Грамматология терминін алғаш қолданған ғалым?
15. Прага   лингвистикалық   мектебінің   өкілі   Й.Вахектің   жазу
теориясындағы қызмет калай бағалайсыз?
16. Жазба тілмен жазба сөз болады деген ойды алғаш айтқан
ғалым?
17. Т.А.Амированың   жазу   теориясына   қатысты   көзқарасын
айтыңыз.
18. Графикалық лингвистика деген терминді ұсынған ғалым?
19. О.Сүлейменовтің   «тіл   тарихына   барған   сайын,   алғашында
таңба болғанын сосын оның ауызша түрі – сөз болғанына көзім жете
түсті» дегенін қалай түсінесіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет