Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет55/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   196
<соңғұгүнүнде>. Фонема тізбегі жазба тілге көшу үшін фоне-ма
графемаға айналуы керек. Яғни жазба тілжүйесіндегі са-наулы
әріп таңбаларына көшу әдістері қарастырылады. Бірақ жазба
тілнормасы графемаларды тәртіпке салады. Емле ере-жесі
бойынша, семантикалық бірліктер мәтінде бөлек жазыла-ды:
<соңғұ гүнүнде>. Мұның позициялық өзгеріс екенін білу үшін
әлді позицияға апарып тексереміз: <соңғылары>. Алайда қазақ
тілінде ІІ-буындағы еріндік дауыстылар үшін әлді по-зиция
дүдәмал: <соңғұ>, <өзөн>. 
Ғалымдардың айтуынша,
“Шындығында дауыстыларда фонологиялық мән аз” (Леонтьев
А.А. 1963). “Дауыссыздың қасындағы дауысты сөз мағынасын
айыратын қызметінен гөрі дауыссызбен бірігіп, сөз жасайтын
қызметте келген» (Трубецкой Н.С. 1960: 107). Сөздің этимоло-
гиясын тану үшін дауыстыларын алып тастау керек (Жұбанов
Қ. 1999: 55).
Дегенмен қосымша жалғау тәсілі арқылы [соңғұ]+[лары]
соңғы буында езулік дауысты тұрғанын байқаймыз. Сөйтіп,
синтагманың қалған бөлігін осылай талдай отырып, /үш күндік
жолдың соңғы күнінде шәкірт бала барын салды/ деген тұрпат
аламыз.
Қазақ тіліндегі гиперфонемалар. Аталған фонемалардың
ішінде жазарман үшін гиперфонемалар бар. Гиперфонема де-
геніміз әлсіз позициядағы фонеманың дүдәмал инварианты.
Қазақ тілінде <а-ә>, <б-п>, <н-ң>, <ы-0>, <і-0> гиперфонема-
лары бар.
<а-ә> гиперфонемасы басқы буыны жіңішке болып келетін
күмән, күнә, ләззат, іңкәр т.б. сөздерінде туады.
Ғалымдар арасында дауыстылардың а-ә оппозициясынан гөрі
а-е оппозициясы жиі әңгіме болады, яғни < ә> фонемасының ста-
тусына күмән келтіретін көзқарастар бар. Мысалы, Қ.Жұбанов
қазақ тіліндегі а дауыстысының жіңішке варианты е фонемасы
болады дейді (Жұбанов Қ. 1999: 209). В.В.Радлов ә дыбысын қазақ
тіліне тән емес деген (Хусаинов К.Ш. В.В.Радлов. 1984: 74).
Алайда қазіргі қазақ тілінде <ә> дыбысы 516 сөзде инициал
позицияда фонемалық мәнде жұмсалады. Ал төмендегі дауыс-
сыздардан басталатын бірінші буында сөз мағынасын ажырата-
ды: б (87) сөзде г (1), д (74), ж (56), з (39), и (1), к (78), л (17), м
(116), н (64), п (53), р (8), с (118), т (191), у (19), ф (1), ш (48).
Біздің ойымызша, жіңішке буыннан кейін келген <а> фоне-
масы позициялық түрленімге түсіп, [ә] вариантына айналады.
Сонда ІІ буындағы <а-ә> гиперфонемасы фонология теория-сы
бойынша <а> фонемасына сәйкес келеді. Яғни қазіргі қазақ
жазуындағы ІІ буындағы ә әрпі <а> фонемасының позициялық
түрленімі (өздік реңк) болып табылады.
Қазақ фонологиясында <й>, <у> үнді дауыссыздарының
гиперфонема құрап жүргені әріпті дыбыс деп қабылдайтын
қате түсініктен туады. Қазіргі әліпбиде фонемасының екі
әрпі бар (й, и). Мұндағы и әрпі қосар дыбысты таңбалайды.
Е.Омаров и әрпінің құрамында <ы> фонемасы бар екенін бы-
лай түсіндірген. Мысалға “біп-бійт деген сөзді бип-бит деп
айта алмаймыз ғой” (Омаров Е. 2012: 3). Ғалымдарды <и>-дың
дауысты үндесіміне бейтарап болғаны таң қалдырған (Исаева
84
85


Ж. 2003). фонемасының екі түрлі таңбаға ие болуы орыс
графикасының ықпалынан. Өйткені фонемасының орыс
жа-зуында да нақты әрпі жоқ, бір позицияда я, ю, е, бір
позицияда и әрпімен беріледі.
Қазақ жазуында  фонемасының таңбалануында қайшы-
лық бар: бірінші тау, сау деген сөздерде  дауыссызын бе-
реді, екінші су, ту дегенде [ұу], [үу] дыбыс тіркесін береді.
Сонда ашық езуліктерден кейін келгенде бір дыбысты, қысаң
еріндіктерден кейін келгенде қосар дыбысты таңбалайды. Ол
<ұ>, <ү>, <у> фонемаларының еріндік сипатынан шығады.
Және алдыңғы дауыстының жуан-жіңішкелігіне сәйкес [у], [у’]
ретін-де оқылады. Кезінде Григорьев Илминскийге жазған
хатында: “й, у әріптерінсіз қосар әріппен жазу мүлде дұрыс
емес, орыс та, қырғыз да Сіздің ай, ей, ій, оу, уу тіркестеріңізді
бір дыбыс етіп емес, екі дыбыс қылып оқиды, содан кейін қазақ
тілінің айтылы-мы бұзылады” (Григорьев А.А. 1993:169) деп,
бір әріппен қосар дыбысты таңбалағанды жөн санаған.
Біздіңше, соңғы функциядағы у әрпінен қазақ жазуы
қиындық көрген жоқ. Тек жазуды тілдің өзі деп оқытқан үрдіс
қазақ тілі фонемаларының санын, дауысты, дауыссыз
фонемаларының арасын айыру проблемасын тудырды.
Қазақ жазуында <п-б> гиперфонемасының пайда болуы араб
жазуынан басталды. Араб жазуында <п> фонемасы үшін әріп
болмады да, оны <п> жіңішке фонеманы беретін пар-сы
әліпбиінен алды. Сөйтіп, п әрпі жазуда <п> фонемасының
функциясында толық жұмсала алмады. Сондықтан бүгінде п/б
дыбыстық вариант қатарларында мағыналық айырмашылық жоқ
(бәле/пәле, 
пейіл/бейіл, 
парапар/барабар, 
палуан/балуан,
пайым-дау/байымдау, шүберек/ шүперек). Қазақ тілінде сөз
аяғындағы
<б> фонемасы болмайды делінеді. Алайда сөз аяғындағы <п>
дыбысы дауыстыдан басталатын жалғау жалғанғанда <б>
дыбы-сына айналғанмен, сөз мағынасы өзгермейді.
Біздіңше, осы позицияда – сөз аяғында <б-п> гиперфонема-сы
бар. Мұнда позициялық түрленім таңбаланған сияқты. Көне түркі
тілінде сөз басында айтылмаған <б> фонемасы бүгінгі қазақ
тілінде сөз басында қолданылу жиілігі жағынан үшінші орында
(Мырзабеков С. 2003: 59). Ендеше аяққы позицияда да қолданылу
мүмкіндігі бар. Кезінде Х.Досмұхамбетұлы сөз аяғындағы б әрпін
п әрпімен жазуға наразы болған (Досмұхамедұлы Х. 1998: 163).
Студенттердің фонетикалық транскрипция жасаған
мәтіндерінде сөз аяғында [б] дыбысы естілетіні көрсетіледі.
Келесі гиперфонема қатарына <н-ң> жатады. Дыбыстардың
дүдәмалдығы әсіресе түбір ішінде кездеседі. Оған 1929ж. емле
принциптерінің “Сөздер жеке күйінде естілгенше жазылады.
Көне жұрнақ ықпалы мен түбірдегі дыбыстың өзгергені сол
күйінде жазылады ( күңгей, жоңқа)” (Стенографиялық есеп,
1930) дегені де себеп болды. Қазіргі қазақ емлесінде ң әрпімен
шеңгел, қысылтаяң, моңғол, бастаңғы, дүңген, жөпшөңкі,
жәрмеңке, әмеңгер, аңқау, аңқаю, аңқию, аңсау, аңсар, қаңғу,
қаңқ, қыңсылау, қаңтар, қаңырау, тең, теңбіл, теңге, теңдеу,
теңкию, маңдай, қаңғалақтау, қаңбақ, лаңса, лаң, өң, өңгеру,
өңез, өңшең, міңгір, маңдай, маңыз, маңай, маңғаз, маңқа, маң,
мұңаю, мұң, саңғу, саңдақ, саңқ, саңылау, саңырау, оң, оңай,
оңаша, оңаза, оңалу, оңбаған, оңғақ, оңғару, оңдалу, оңдау,
оңдыру, оңқа, оңқай, оңтай, оңу, шәңгірлеу, шәңгіш, шеңбер,
шеңгел, іңгә, іңкәр, іңір т.б. сөздері жазылады. Мұнда <қ>, <ғ>,
<г>, <к> фонемаларымен іргелес айтылған ң/н дыбысының
дүдәмалдығы басым. Мұнда позиция түрленімі таңбаланып
кет-кен деген күмән бар. Ң әрпін қазір оңай, теңеу, лаң,
шеңбер, жаңбыр сияқты позициядан табамыз.
Сондай-ақ қазақ тілінде ы, і қысаң езуліктердің нөлмен оп-
позиция құрайтын тұсы бар. Кез келген тілде белгілі бір дауыс-
ты тірек сипат алады, оның дыбыстық реңкі де күшті болады,
әрі түсірілу мүмкіндігі де басым болады. Мысалы, орыс тілін-
де о, а, е ашық фонемалары редукцияға жиі ұшыраса, қазақ
тілінде ы, і, ұ, ү дыбыстары жиі ұшырайды. Орыс тілінде а, о
фонемаларының құлаққа шалынымды 7 реңкі, е фонемасының
6 реңкі болса, қазақ тілінде ы, і фонемаларының 4 реңкі бар.
Фонема ұғымының пайда болуы жазу теориясының
қалыптасуына әсер етті. Біз қазіргі қазақ графикасы мен
орфографиясының теориялық негіздерін ашу үшін, алдымен жа-
зуды дербес құрылымдық жүйе деп танимыз. Ол құрылымның
негізгі деңгейі – графикалық деңгейді түсіндіру үшін графика,
орфография, әліпби категорияларын анықтауда ауызша тілді жазба
тілге көшіретін фонологиялық сүзекі (тетік) – фонема-ны – жазба
тілдің шығу нүктесі ретінде пайдаландық. Графема
– жазба тілдің ең кіші абстракті бірлігі – ауызша тілдің ең кіші
абстракті бірлігі – фонемаға сәйкестендіріліп кодталуына бай-
ланысты ауызша тіл жазба тілге, жазба тілауызша тілге айнала
алады.
86


87


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет