Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет99/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   196
Т.Шонанов Байтұрсын әліпбиінің маңызын былай сипат-
тады: «Болашақ ұрпақты молдалардың дүмше дым білмес-
тігінен, миссионерлердің жаңашылдығынан құтқару үшін Ахаң
жалғыз күресті. Оның жаңа қазақ алфавитін жасауы іс
жүзіндегі ішкі және сыртқы жаулармен күресінің көрінісі бо-
латын, біздің тіліміздегі барлық дыбыстарды сақтай отырып,
дыбыс үндестігінің заңдылықтары бойынша жаңа әріптер бел-
гілеп, ана тілінің синтаксисі мен этимологиясын жасап шықты.
Ол қазақ тілінде қолданылмайтын мүлдем қажетсіз 12 араб
әрпін әліппеден алып тастады. Бұл жазу емлесіндегі көптеген
қиыншылықтарды жойды. Сондықтан да Ахметтің жаңа алфа-
виті мен жаңа әліппесі біздің мәдени өркендеумізге зор пайда-
сын тигізетін құбылыс еді. Жаңа алфавит тілдің таза
сақталуына мүмкіндік туғызды. Жаңа алфавит әлемді
мәдениетпен арласа түсу жолын жеңілдете түсті».
182
183


М.Дулатов: «Араб әріптерінің өзгеріп отырғаны рас. Бірақ
қалай өзгертілген әңгіме сонда болу керек қой. Араб әріптерінің
14 ғана бұрынғыша болса, өзге ойдан шыққандары жұртқа жат
болу керек қой. Ойдан шығарылған әріптерді жұртқа үйретіп,
оқытып жату керек еді ғой. Ондай нәрсе болды ма? Болған жоқ,
ендеше бұны өзгертушінің шеберлігі деп біліңдер. Бұларды
өзгерткенде әр әріптің бұрынғы тұлғасын жоймай, өзгерткенін
сездірмей, хат танитын адам бөгелместен оқып кетерлік қылып
өзгерткен... .... Бұл емлені тосырқап түсінбейміз, оқи алмадық
деген ешкімді естігеніміз жоқ. «Қазақ емлесін» мұсылман
медреселерінде, орыс школдарындағы шәкірттер, учитель-дер,
мұғалімдер жабыла қабыл еткендігі былтырғы «Қазақ»
нөмірлерінің көбінен көрінеді. Бұл екі жылдық қана қызмет, ин-
шалла мұнан кейін артпаса кемімес деген үміт зор» деді.
Қ.Жұбанов: “... Бұл жүйе қазақ тілінің ерекшелігіне әбден
лайықты (тегінде жалғыз қазаққа ғана тән деп қарауға болмай-ды),
қазіргі алған жаңа әліпбиімізге де өте қолайлы, өйткені араб
жазуын таңбалау табиғатына мұның еш қатысы жоқ және дәл
сондай-ақ алфавит біткенге бірдей үйлесімді” деген болатын.
Ал проф. А.Байтұрсынұлы әліпбиінің басқа да ғалымдар-дың
еңбегіне арқау болғанын алғаш дәлелдеген ғалым М.Жүсіпұлы:
«А.Байтұрсынұлы
жасаған
сингарфмоалфа-вит
пен
сингармоорфографияның принциптерін 30-40 жылдан соң АҚШ-
тың ғұлама ғалымы Р.О.Якобсон ұсынған орфогра-фия
принциптерімен салыстырып, А.А.Реформатскийдің қазақ
жазуының жобасының ұтымды екендігін сүйіспеншілікпен
айтқанын келтіреді: «Жазуда әріптердің жуан я жіңішке екен-дігін
таңбалайтын Р.О.Якобсон ұсынған графикалық әдіс, ғылыми
маңызы биік қазақ орфографиясының талантты жоба-сына өте
ұқсайды. Қазақ тілінің орфографиясының жобасында сөздің жуан,
жіңішкелігін белгілейтін таңба (дәйекші) сөздің құрамындағы
әріптермен бірге емес, сөздің «сыртында» тұрады. Р.О.Якобсон
жасаған ұсыныс та дәл осы әдістің өзі. Бірақ бұл жағдайда
қосымша таңба сөздің «сыртында» емес, сөздің «ішін-де»
дауыссыз әріптермен бірге жазылып, сөздің жуан я жіңішке
екендігін білдіріп тұрады». Және Н.Ф.Яковлевтің әліпби
жасаудағы математикалық формуласына негіз болған басты при-
нциптер тікелей А.Байтұрсынұлының ғылыми еңбегімен байла-
нысты екенін, А.Байтұрсынұлының 1912 жылы қазақ тілінде
жарияланған еңбектері мен Н.Ф.Яковлевтің 1926 жылы жазы-
лып, 1928 жылы жарияланған мақаласында ұқсайтын пікірлер,
ғылыми тұжырымдардың кездесетінін былай қатар сөйлете
оты-рып, дәлелдейді:
1) А.Байтұрсынұлы: «… дауысты дыбыстар жуан айтылса
олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан
айтылмақшы, дауысты дыбыстар жіңішке айтылса дауыссыз
дыбыстар да жіңішке айтылмақшы».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет