Емле принципі туралы. Қ.Жұбанов біздің орфогра-
фия т.Шонанұлы айтқан мағынадағыдай фонетикалық при-
нципке құрылуы керек. Бізде морфологиялық принцип пен
фонетикалық принцип арасында флективті тілдердегідей үлкен
айырмашылық болмау керек, бір түбірдің бірнеше формасы
болуы мүмкін емес, сондықтан қазақ орфографиясында түбір
морфологиялық, қосымша фонетикалық принциппен жазылсын
деген. Ғалым е.Омаровтың кейінгі қазақ емлесі үшін ұсынған
қосымшалардың ортақ формасын жазып, түркі халықтарының
жазуларын унификациялап аламыз деген пікіріне абайлап қарау
керек дейді, емлені тілдің сол кездегі қалпынан ғана шығаруды
дұрыс санайды. төңкеріске дейінгі қазақ тілінің нормасы мен
кейінгі жаңа нормасын айыра білу керектігін ескерткен.
Қысаң езуліктердің емлесі туралы. Қысаң, езулік ы, і ды-
быс таңбалары туралы “Жанғазыға хатында” (1936 ж.) автор
орыс тілінен енген сөздердегі ы, і-лерді қысқарту жағын көп ой-
ластырады. Сондай-ақ қазақ тілінің бір буынды төл сөздерінде
ы/і таңбасын салып, екі буындыда түбірдегі қысаңды түсіріп
жазуды ұсынады: біл – блек, қыр – қрау, ыс – стау. “Буын айыр-
туды есепке алма. Қандай емле болса да, соған қарай буын жігін
таптыру методикасын шығаруға болады” деді.
Әліпби жобасы.Қазақ тілі фонемалар санын анықтауда
һдыбысы одағайларда болғанмен, қазақ сөздерінде жоқ, ал
одағайларда кездесетін дыбыстың неше бір саны бар, сондықтан
бұл фоно-морф негізгі емес деп табады Қ.Жұбанов.
Сөйтіп, қазақ әліпбиінің дәйекше қызметі бар мынадай жо-
басын ұсынады:
22
23
1 Aa <а>
11 Mm <м>
22 Xx <х>
2 Bb <б>
12 Nn <н>
23 Zz <з>
3 Cc <ш>
13 Ңң <ң>
24 ьь <ы>
4 Dd <д>
14 Oo <о>
5 Ee <е>
15 Pp <п>
6 Gg <ж>
16 Qq <қ>
7 Hh <һ>
17 Rr <р>
8 іi <и>
18 Ss <с>
9 Kk <к>
19 Tt 10 Ll <л>
20 Ŭ <ұ>
21 Yy <ү>
Сөйтіп, сөз жіңішкелігі е, к, g әріптерімен, болмаса дәйекші
арқылы белгіленетін етеді.
Сонда бұрынғы 13 таңба 7 таңбаға дейін қысқарған: а – <а>,
<ә>; о – <о>, <ө>; у – , <уv>; ь – <ы>,<і>, i – , <ыj>; е