Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет176/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

1940 ж. 30-тамызда
жаңа алфавит жөнін- 
дегі ғылыми конференция 41 таңбадан тұратын жаңа әліпби ту-
ралы жоба ұсынды. мұнда 
һ
әрпі әліпбиге енгізілді және <ұ> 
фонемасы
э 
таңбасымен берілді (5-кесте). 
1940 жылғы әліпби жобасын жетекшілік еткен 
С. Аманжолов
жобаны талқылауда 
э 
әрпін қазақ тіліндегі 
е 
дыбысының орны-
на қолдануды, 
ә
әрпін екінші буындарға да жаза беруді, 
я
әрпін 
қолдануды азайтуды, мысалы, түбір мен жұрнақ позициясына 
жазбауды, 
ы
әрпін тек орыс сөздерінде ғана жазып, қазақ тілін-
дегі <ы> үшін басқа таңба алуды ұсынған пікірлердің болғанын 
және оларға негізді дәлелдер бар екенін айтады. 
я, ю 
әріптерінен 
қызметі арқылы жазу үнемділігіне қол жеткіземіз дейді. автор 
ь 
таңбасын қазақ тіліндегі жер-су атаулары адам есімдерінде 
қолдануды мақұл көреді. 
Ш. Сарыбаев
к
әрпімен <қ>, <к>, 
г
әрпімен <ғ>-<г> дыбыс-
тарын белгілеп, іргелес келген дауыстының жуан-жіңішкелігіне 
орай <қ>, <ғ>, <к>, <г> екенін айыруды ұсынды. Сондай-ақ 
<қ> – 
къ
, <ғ> – 
къ
деп алайық деген де, тіпті <қ> – 
қ
, <ғ> – 
ғ
деп алу жазу жылдамдығына кедергі, сондықтан 
q, р
таңбасын 
қалдырайық деген де пікірлер болады. 
А. Ысқақов
э
әрпінің мәнін 
е 
әрпі де бере алады, сондықтан 
әліпбиге 
э
-нің қажеті жоқ деп табады. 
М. Балақаев
керісінше 
э
әрпін сөздің бас буынында жазайық, 
сонда тек 
ч, ц, ъ
әріптері ғана орыс сөздерінде кездеседі де, 
қалған әріптер ортақ болады дейді. Және қысаң езуліктердің 
емле қиындығын азайту үшін 
мағна, рет
сияқты сөздердегідей 
анық естілмейтін позицияда 
ы, і
әріптерін түсіріп, қалған по-
зицияда тәуелдік жалғауы жалғанғанда да, түсірілмегені жөн 
деді. м. Балақаев сөз бірігіп жазылу үшін сөздің екі сыңары да 
атау тұлғада және олар изафеттің III түрі болмауы керек деді. ал 
фразеологиялық тіркестердің барлық түрі бөлек жазылуы уәжді 
деп табады. 
Сөйтіп, осындай талқылаулардан соң, жаңа әліпби 1940ж. 
11-желтоқсанында түбегейлі бекиді. Әліпби тәртібіндегі қазақ 
тілінің төл дыбыстары жұмсалу жиілігіне сәйкес, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет