ө, о, ү, ұ. Сондықтан
ө дыбысы үшінші бітеу буында сирек айтылады да, ашық буын-
ды жоғарыдағы түбір сөздерден басқа жағдайда, мысалы, түбір
мен жалғау жағдайында үшінші буын
е болып дыбыстала-
ды. Болмаса өзінен еріндігі әлсіз
ү болып айтылады. мысалы:
көркемдік – көркөмдүк, өзенге – өзөңге, көркемдеу – көркөмдеу. тіліміздегі ерін үндестігінің жаппай қамтитын құбылыс емес
екенін жалғаулар арқылы білуге болады. Жалғаулар қатарында
ө -мен келетін еріндік варианттар жоқтың қасы. Сондықтан сөз
ашық буынды болса да, үшінші буындағы жалғау езулікпен ай-
тылады. мысалы:
төбеле – төбөле, төпеле – төпөле. мына сөздерді айтылу нормасына сай жаттығып көріңіздер:
төбеден – төбөден
төбелес – төбөлес
төлдеме – төлдөме
төменде – төмөнде
төпелеу – төпөлеу
төредей – төрөдей
Жалпы,
ұ, ү ерін дауыстылары алғашқы үш буында естіліп,
айтылады да, ары қарай солғындайды. мысалы:
сүйініш – сүй ү нүш, сүйінішсіз – сүй ү нүшшіз, түскіліктің – түскүлүктің, тұзды – тұздұ, тұщылық – тұшшұлұқ, борышсыз – борұшшұз, құйыну – құй ұ нұу, құйыршық – құйұршұқ, құйрықты – құйрұқтұ, құзғындық – құзғұндұқ, құбылу – құб ұ лұу, құбыжық – құб ұ жұқ, құбылыс – құб ұ лұс. ал
ө дыбысымен айтылған екінші буыннан
кейінгі
і әрпі
ү дыбысына ұқсап, айтылып барып, ерін үндестігі
солғындайды. мысалы:
төбесінің – төбөсүнің, көгершін – көгөршүн. Сондай-ақ
көбөлөк, дөңгөлөк сияқты үш буынға дейін
ө -мен айтылатын сөздерде ерін үндестігі төрт буынға да бара-
ды:
көбелектің – көбөлөктүң, дөңгелекті – дөңгөлөктү, бірақ
көбелекке – көбөлекке, дөңгелекке – дөңгөлөкке. Бұл құбылысқа байланысты мына бір ерекшелікті көрсете
кетуге болады. әліпбидегі