Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет90/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

ә→а
) және еріндік дауыстыдан езулік дауыстыға 
бірте-бірте ауысарда, үнемі дауыстыға қатысты «анық айтылу», 
«солғындау», «көмескілену», «
ә 
мен 
а
-ның», немесе «
ө 
мен 
е
-нің», «
ү 
мен 
і
-нің ортасында айтылу», «жартылай 
ө
», «жар-
тылай 
е
» болып дыбысталу деген түсініктерді есте ұстап оты-
ру керек. Сонда ғана сөз құрамындағы, тіркес құрамындағы 
бейүндестіктен құтылуға болады. Дауысты дыбыс негізгі 
реңкінен бірден айрылмайды, өз реңкін сақтай отырып, келесі 
буын үндесуіне бірте-бірте өтеді.
ерін үндестігін сақтап, жаттығып көріңіздер:
құрылыс – құр
ұ
лұс
бұйығысу – бұйұғұсұу
бөдененің – бөдөнөнүң
көпенені – көпөнөнү
дөңгелекті – дөңгөлөктү
тауық – тауұқ
сауықтыру – сауұқтұрұу
Қ
ұралай Күдеринованың «Орфоэпиялық анықтағыш» 
(алматы, 2005.) жинағындағы мақаласынан алынды.


152
153
ІІ. ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХЫ:
ӘЛІПБИ ТҮРЛЕРІ МЕН ЕМЛЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Біз қазақ халқының қолданған жазу типтерін семасио- 
графиялық және фонемаграфиялық деп бөле отырып, зертте-
уге фонемаграфиялық жазу түрлерін нысан етеміз. Өйткені 
пиктографиялық жазу мен ДЖ жазудың екі басқа типіне жатады. 
екіншіден, ғалымдар арасында сурет жазуды жазу түріне сана-
майтын көзқарастар басым, үшіншіден, пиктографиялық жазу 
өз алдына кең масштабтағы зерттеуге нысан бола алады. Және 
қазіргі қазақ жазуының бейнесін, болашақ “кескінін” тану үшін 
қазақ жазуы тарихындағы ДЖ түрлерінің сипатын, әліпбиі мен 
емлесін анықтау қажеттігі бар. 
Қазақ халқының пайдаланған ДЖ түріне көне түркі жазуы 
(КтЖ), ұйғыр, араб жазуы және а.Байтұрсынұлының төте 
жазу (тЖ) үлгісі, латын графикасына негізделген қазақ жазуы 
(лГнҚЖ), орыс графикасына негізделген қазақ жазуы (ОГнҚЖ) 
жатады. аталған әліпби түрлері жекелей зерттеу объектісі 
болатындықтан бүгінге дейін аталған жазу түрлері зерттеу ны-
санына алынбағандықтан, жұмысымызда жоғарыдағы әліпби 
түрлерінің белгілі бір ерекшелігі мен әліпби құрамы, ондағы 
әріп пен фонема сәйкестігі, ішінара емле ережелері туралы сөз 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет