Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


Фонеманың сөз мағынасын ажыратушы сипаты қалай



Pdf көрінісі
бет53/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   236
Фонеманың сөз мағынасын ажыратушы сипаты қалай
қалыптасады? 
Алдымен сөздің фонетикалық құрамы адам
санасына есту каналы арқылы келеді, сондықтан сөз естілген
қалпында санада қабылданады. Мысалы, Л.В.Щерба кішкентай
бала
грит
деген сөздің фонетикалық құрамы
говорит
екенін
түсіндірмесе, осы қалпы айта беретінін айтқан (Щерба Л.В.
1983: 21). Яғни дыбыстық құрамын дұрыс, морфологиялық
құрамын қате қабылдау сөзді тануға кесірін тигізбейді екен.
Бала сана-сына орналасқан бірнеше дыбыстық түрленім
коммуникация барысында екшеліп, мағына ажырататын
санаулы фонема ше-гіне сыяды. Таңбасы бар фонемалардың өз
дыбыстау реңкінен ауытқуын есту жай құлаққа да шалынымды.
“Тілдің дыбыстық жағымен айналысамын десеңіз жай құлаққа
шалынатын дыбыстық өзгерістерден басқаға назар аударудың
қажеті жоқ, өйткені қалыпты тілдік қатынас осындай дыбыстық
түрленімдер арқылы ғана түсініледі (Ахманова О.С.,
Девятникова Г.И. 1961: 248).
Ал білетін тілде сөйленген сөздің біз бірден, дыбыстық жағына
емес, мағынасына назар аударамыз. Керісінше, білмейтін тілдегі
сөзді естігенде мағынасын түсінбегендіктен дыбысталуын ес-
тиміз. Бірақ ол дыбыстар мағынасыз құлаққа шалынған арти-
куляция-акустикалық салдырлар болып табылады. Сондықтан
адам әлеуметтік мәнді дыбыстық ерекшеліктерді ғана естиді, сол
арқылы сөз мағынасын парықтайды. “Фонема тұрпат меже бола
отырып, бірдей жағдайда өз-өзімен қала алады. Сондықтан естір
құлаққа тез танылады ” (Селезнева Л.Б. 1981: 7).
Осы түсініктегі фонема жазу теориясының негізін қалайды.
Сөйтіп, фонологиялық зерттеулердің нәтижесі әліпбиге, емле
мәселелерін шешуге қолданылды. Фонологияда пайда болған
жаңалықтар емле проблемаларының бар екенін көрсетті.
Дыбыс теориялық жағынан фонеманы, практикалық жағынан
(жазар-ман үшін) гиперфонеманы білдіретін болып шықты
(Кузьмина С.М. 1981: 60). Л.В.Зиндер фонема таңба
деңгейіндегі дыбыс деді (Зиндер Л.Р. 1979).
МФМ өкілдерінің орфографиядағы реформа туралы бүкіл-
одақтық съездегі тұжырымы фонема ұғымының қалыптасуына
қарқын берді. Себебі фонологиядағы қандай да бір зерттеліп
отырған құбылыс графика мен орфографияда нақтыланып,
айқындалып отырады.
80
81


Жазу теориясы үшін фонема ауызша тілді жазба тілге және
керісінше айналдыратын фонологиялық елек (Н.Уәлиұлының
термині) қызметін атқарады. Жазудан ауызша тілге кодтағанда
әріп таңба болады да, фонема оның мағынасы болады. Ал
керісінше ауызша тілден жазуға көшкенде фонема – таңба бо-
лады да, әріп оның мағынасы болады. Фонема таңба деп алын-
са, яғни сөйлеу тілінің компоненті болса, онда екінші тіл жаз-ба
тілдің бар екендігі шығып, фонема сол тілдің компонентіне
сәйкес келеді деген М.Янакиев (Янакиев М. 1964: 62). Және
жазуға қатысты фонема – таңба болады, табиғи тілге қатысты
фонема – таңба болмайды дейді (Янакиев М. 1964: 61).
Біз қазақ тілі дыбыстық жүйесінің кіші бірлігі фонема деп
танимыз. Фонеманың қазақ сөзі мағынасын ажырататын сипа-
тына проф. З.Базарбаева ашық-қысаң дауыстылардың алмасуын
келтіреді: 
тас-тес,
қаз-қыз,
саз-сыз.
Ал 
пыс-піс,
тыс-тіс,
ал-әл
дегендегі сөз мағынасы буын үндесімі арқылы ажыратылып тұр
дейді (Базарбаева З. 2004: 20-27). Бұл Фердинанд де Соссюрдің
фонеманы анықтауда жасалымнан гөрі айтылымға табан тіреген
жөн, дыбыстан гөрі дыбыстар тізбегін зерттеу маңызды, себебі
алғашында жеке фонема емес, дыбыстар тізбегі мағына ажырат-ты
дегеніне сәйкес (Соссюр Фердинанд де 1977: 75-86).
Қазақ тілінде бір фонема бір буын құрай алады, мысалы: 
ө-те,
о-та, а-дал, е-діл.
Бір фонема грамматикалық мағынаны жа-сай
алады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет