Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет55/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   236
Дыбыс – фонема – әріп процесі
.
 
Сөйлеудегі дыбыс
түрленімдері есту каналы арқылы санаға барады. Бірақ сана
барлық естілімдерді қабылдамайды. Оның сөз мағынасын та-
нытатын негізгі естілімін екшеп, санадағы фонема қорымен
сәйкеседі. Сөйтіп, естілген сөз мағынасын ажырататын фоне-ма
сүзіліп, ақпарат санаға қабылданады. Сонда фонема дыбыс
реңктерінің ішінен мағына ажыратуға көмегі бар негізгі реңкті
екшеп алатын елек қызметін атқарады. Осы “еленген” дыбыс
жазба тілдің бірлігі 
графемаға
сәйкес келеді. Графема – бел-
гілі бір жазу түрін пайдаланатын тілтұтынушы санасындағы
абстракті бірлік. Сонда жазба тілдің мағына ажыратушылық
қызметін графема атқарады. Графема әріп ретінде жазылады
және оқылады.
Мысалы,
мұғалім
деген сөзді көргенде (іштей оқығанда) көз
бірден санаға әріп тұрпаттарынан сигнал тастайды. Сигнал жазу-
көруге бағышталып тұратын жазба тілдегі графема жүйесімен ас-
социацияланса, графема өз көрінісін таниды, яғни оқылады: сөз
фонологиялық електен өтеді:
мұғалім

<мұғалым>. Енді мұны
ауызша дыбыстағанда фонема дыбыс құндағына (Н.Уәлиұлы
термині) бөленіп, дыбыс реңктерімен айтылады: [мүғәлім]. Бұл
процестің жазу-сызу үшін пайдасы дыбысталған сөзді
жазарман қалай әріп таңбаларына айналдырады деген мәселені
қамтитынында. Мысалы, [
үшкүндүгжолдұң//соңғұ гүнүнде//
82
83


шәкіртпала барынсалды///]
деген сөйленімді алайық.
 
Хабар
естілгеннен (айтылғаннан) кейін сана ақпаратты семантикалық
сегменттерге бөледі: 
үш,
күн,
жол,
күн,
шәкірт,
барынсалды.
Семантикалық сегмент әртүрлі айтылымдағы дыбыстардың
мағына жасаушы реңктерін тануға көмектеседі. Сөйтіп, ауызша
тілдің дыбыс құндағында айтылған сөз дыбыстары фонологиялық
електен өтіп, фонемаға айналады: <
үшкүндүгжолдұң соңғұ
гүнүнде шәкіртпала барынсалды>.
Фонема жазудағы әріп
таңбаларына сәйкес келетіндіктен позициялық өзгерістер
– дыбыстық. Сондықтан кейде қалай айтылса, солай жазайық
деген пікір айтылып қалады.
Ал жазу енді өз нормасы мен жүйесін алға тартады. Яғни
жазуда көрші дыбыстардың әсері жоқ әлді позициядағы дыбыс
таңбаланады. Көрші дыбыстардың әсері бар әлсіз позициядағы
дыбыс таңбаланбайды. Енді орфография ережесі көмекке ке-
леді. Мысалы, 
<үшкүндүгжолдұң
> дегенде:
а) босаралықтармен бөліну: 
<үш күндүг
жолдұң>, ә) 
еріндіктердің қосымшада жазылмайтыны 
<үш күндіг
жолдың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет