Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет52/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

қ>, <к>, <ы>, <н>
 
фонема-
лары айтылым актісінде іргелес дыбыстардың әсерінен өзгеріп,
парадигмалық осьтегі <
ғ>, <г>, <ұ>, <ң>
фонемаларына ұқсап,
соларға сәйкес айтылады: [
ағүй], [ұзұн], [түңгү].
Мұндай про-
цесті фонеманың бейтараптануы деп те атайды.
ғ,
г,
ұ,
ң

дыбыс-тары фонеманың өзі емес, <
қ>, <к>, <ы>, <н>
фонемаларының дыбыстық түрленімі, яғни варианты екеніне,
бұларды басқа неғұрлым тәуелсіз позицияға қойып, көз
жеткізуге болады
: [ақ],
[көк], [түн], [түндө], [ұзұндұқ]
.
Бөгде реңк – фонеманың фонологиялық қорда жоқ, басқа бір
дыбыс түрленіміне айналуы. “Вариация – бұл фонеманың негіз-гі
реңкінің, уақытша, тілдегі ешқандай негізгі дыбысқа ұқсамай,
мүлде таныс емес дыбысқа ұқсап айтылуы. Мысалы, Н.Уәли қазақ
тіліндегі жуысыңқы <
ш>, <с>
aлдынан келген <
к>, <қ>
өзінің
қатаң тоғысыңқы реңкінен ауытқып, босаң тоғысыңқы [
х]
дыбысына ұқсап айтылады дейді. Мұнда тілшікпен айтылатын [
х]
емес, жасалымы одан ілгері дыбыс реңкі шығады. Яғни бұл
парадигмалық осьте жоқ <қ>-ның реңкі. Мысалы: 
ақша,
бақша,
шұқши, көкше, кексе 
т.б.
 
Сол сияқты
 
<
ш>
-ның
 
(
атшы, сатшы
),
<с>
-ның
 
(
атсыз,
 
етсіз
)
 
вариациалары туралы да айтуға болады.
Сондай-ақ
күнәларың,
ләззаттандым
деген сияқты бейүндес
буынды сөздерді айтқанда [күнәла’рың], [ләзәтта’ңғаммен] деп,
<а> мен <ә>-нің ортасындағы [а’] вариациясы пайда болады.
А.А.Реформатский әлсіз позицияның нәтижелері әртүрлі бо-
лады, кейде әлсіз перцептивті позицияның нәтижесі вариация,
сигнификативті әлсіз позицияның нәтижесі вариант болады
(Реформатский А.А. 1970: 116), Л.В.Щерба фонема мен оның
варианттарын айырудағы қиындық жай құлаққа шалынбай-тын
айырмашылықтарды байқауда ғана емес, сол тілдің дыбыс
құрамы үшін қай ерекшелік мәнді, қай ерекшелік мәнсіз соны
аңғару (Фердинанд де Соссюр. 2000: 125б) деген. Өйткені ва-
риация делініп жазуда еленбей жүрген дыбыс түрленімі біртін-
деп тілдің фонемалық жүйесіне енуі мүмкін. Мысалы, қазақ
тіліндегі <ә> фонемасы
күнә,
кінә
сияқты сөздерде, біздің
ойымызша, позициялық түрленімге түсіп тұрғанмен (алдыңғы
буынның жіңішкелігінен), тілтұтынушы санасында
<ә>
жеке
фонема ретінде танылады. “Егер сөзде фонема ауысса онда сөз
мағынасы да ауысты деген сөз, егер сөз мағынасы өзгеріссіз бол-
са, фонеманың өзгеруінің не қажеті бар” (Реформатский А.А.
1970: 56).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет