Байланысты: Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы
Қазақ тіліндегі гиперфонемалар . Аталған фонемалардың
ішінде жазарман үшін гиперфонемалар бар.
Гиперфонема де-
геніміз әлсіз позициядағы фонеманың дүдәмал инварианты.
Қазақ тілінде <а-ә>, <б-п>, <н-ң>, <ы-0>, <і-0> гиперфонема-
лары бар.
<а-ә> гиперфонемасы басқы буыны жіңішке болып келетін
күмән, күнә, ләззат, іңкәр т.б.
сөздерінде туады.
Ғалымдар арасында дауыстылардың
а-ә оппозициясынан гөрі
а-е оппозициясы жиі әңгіме болады,
яғни
<
ә> фонемасының ста-
тусына күмән келтіретін көзқарастар бар. Мысалы, Қ.Жұбанов
қазақ тіліндегі
а дауыстысының жіңішке варианты
е фонемасы
болады дейді (Жұбанов Қ. 1999: 209). В.В.Радлов
ә дыбысын қазақ
тіліне тән емес деген (Хусаинов К.Ш. В.В.Радлов. 1984: 74).
Алайда қазіргі қазақ тілінде <ә> дыбысы 516 сөзде инициал
позицияда фонемалық мәнде жұмсалады. Ал төмендегі дауыс-
сыздардан басталатын бірінші буында сөз мағынасын ажырата-
ды:
б (87) сөзде
г (1),
д (74),
ж (56),
з (39),
и (1),
к (78),
л (17),
м (116),
н (64),
п (53),
р (8),
с (118),
т (191),
у (19),
ф (1),
ш (48).
Біздің ойымызша, жіңішке буыннан кейін келген <а> фоне-
масы позициялық түрленімге түсіп, [ә] вариантына айналады.
Сонда ІІ буындағы <а-ә> гиперфонемасы фонология теория-сы
бойынша <а> фонемасына сәйкес келеді. Яғни қазіргі қазақ
жазуындағы ІІ буындағы
ә әрпі <а> фонемасының позициялық
түрленімі (өздік реңк) болып табылады.
Қазақ фонологиясында <й>, <у> үнді дауыссыздарының
гиперфонема құрап жүргені әріпті дыбыс деп қабылдайтын
қате түсініктен туады. Қазіргі әліпбиде