Кеңестік білім беру жүйесінің құру



бет3/4
Дата15.04.2023
өлшемі1,02 Mb.
#83228
1   2   3   4

«Кадрлар барлығын шешеді!» «Кадрлар барлығын шешеді» деп ұран тастаған науқан барынша кызған кезде мектеп білімінің (оқуының) функционалды міндеті де тұрпайы түдірілді. Мәселен, БК(б)П Қазақөлкелік комитетінің пленумы өзінің «Мек­теп туралы» карарында (қаңтар, 1937 жыл) мына мәселені «...Казак мектебін нығайту мен дамыту жөніндегі бүкіл жұмыс казактар окитын техникумдар мен ЖОО-ның және казак орта мектебін бітірушілердін кажеттіліктерінің арасында казіргі кезде орын алған алшактыктарды таяу екі-үш жылдың ішінде жою міндетіне бағындырылуы тиіс», — деп ерекше атап өтті.

«Кадрлар барлығын шешеді!»

«Кадрлар барлығын шешеді» деп ұран тастаған науқан барынша кызған кезде мектеп білімінің (оқуының) функционалды міндеті де тұрпайы түсіндірілді. Мәселен, БК(б)П Қазақөлкелік комитетінің пленумы өзінің «Мек­теп туралы» карарында (қаңтар, 1937 жыл) мына мәселені «...Казак мектебін нығайту мен дамыту жөніндегі бүкіл жұмыс казактар окитын техникумдар мен ЖОО-ның және казак орта мектебін бітірушілердін кажеттіліктерінің арасында казіргі кезде орын алған алшактыктарды таяу екі-үш жылдың ішінде жою міндетіне бағындырылуы тиіс», — деп ерекше атап өтті. Мектеп құрылысының проблемалары мен киындықтары Ұлы Отан соғысы жылдарында одан сайын шиеленісе түсті. Жоғары сыныпта оқитындардың біркатары Қызыл Армия катарына шақырылды немесе оқуды тастап, майданға кеткен әкелері мен ағаларының жұмыс орындарына тұрды.1943-44 оқу жылында орта мектепте оқитын казак оқушыларының саны соғыстың алдындағы жылмен салыстырғанда екі есеге дерлік кеміді. Мектептерді оқу кұралдары, дәптермен және баска да мектеп жабдыкгарымен қамтамасыз ету нашарлап кетті. Қараусыз және панасыз қалған балалар көбейді. Сотые мектеп қызметінің магериалдық жағдайларын нашарлатып жіберді.


Кәсіби оқу орындарының желісін кеңейту барысында жалпы білім деңгейі төмен жергілікті жастардың ЖОО мен техникумдарға арналған бағдарламаларды игеруге шамалары жетпейтіндігі айқын аңғарылды. Сондықтан студент жастардың осы категориясы үшін жұмысшы факультеттері (рабфактар) ұйымдастырылды. Қазақстанның бірінші жұмысшы факуль­тет! (рабфак) 1921 жылы Орынборда ашылды. Кеңес өкіметінің бірінші онжылдығының соңына қарай республикада 24 техникум маман кадрларды даярлады, соның ішінде 14 мұғалімдік және ауыл шарушылық оқу орын­дары болды. 3,5 мың оқушының 37,8%ын қазақтар құрады. Кәсіби оқу орындарын ұйымдастыру ісінде жинақталған тәжірибе, сондай-ақ экономика мен мәдениет саласындағы маман кадрларға қажеттіліктің өсуі, толыққанды жоғары оқу орнын ашу мәселесін түбегейлі шешуді талап етті. 1928 жылы 10 маусымда ХКК педагогикалық, ауыл шаруашылық және медициналық үш факультеті бар Қазақ мемлекеттік университетін ашу туралы шешім қабылдады. Университет бір ғана педагогикалық факультетпен 1928 жылы қазанда ашылды. Факультеттің үш бөлімшесінде 124 студент оқып, 9 оқытушы сабақ берді. Қалған екі факультетке педагогтар мен студенттер жинаудың сәті түспеді. Сондықтан 1930—31 оқу жылында университетті Қазақ педагогикалық институты етіп қайта құруға тура келді, кейіннен ол Абай атындағы институт болды (қазіргі Абай атындағы Қазақ Үлттық педагогикалық университеті). Көп ұзамай: Алматы мал дәрігерлік (1929 ж. қыркүйек), Қазақ ауыл шаруашылығы (1930 ж.шілде), медицина (1931 ж. сәуір), Орал педагогикалық (1932 ж. қазан)институттары ашылды. 1934 жылы 19 қаңтардан Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) физика-математика және биология факультеттерінде тұрақты сабақтар өткізіле бастады, онда 54 студент білім алып, 5 профессор және 10 доцент дәріс оқыды.
Небәрі 5 жылдың ішінде ғана (1936—1940 жылдары) ЖОО мен техникумдар 24 мыңнан аса мамандар даярлап шығарды.Бірақ бұл да жеткіліксіз болып шықты. Білікті мамандардың тапшылығы барлық салаларда: материалдық өндіріс пен әлеуметгік-мәдени өмірде де айқын сезілді. Сондықтан Қазақстанға жыл сайын Мәскеуден, Ленинградтан, сондай-ақ Украинадан, Өзбекстаннан және басқа да республикалардан жас мамандар жіберіліп отырды. Профессор-оқытушылар кадрлары мен студенттер құрамында қазақтар санының баяу өсуі жоғары мектептің ең өткір және шешілмеген проблемасы күйінде қалды. ЖОО мен техникумдардың бірқатар білікті қызметкерлері Сталиннің жеке басына табыну режимінің құрбандығына ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет