Соғыс жоғары мектептің дағдылы өмірін өзгертті. Қазақстанға Ресей және Украинаның бірқатар ЖОО-лары эвакуацияланды (қоныс аударды). Қазақ кен-металлургия және ауыл шарушылығы институггарының, Казак мемлекеттік университетінің құрылымы жаңа бөлімшелер, факультеттер, кафедралар мен лабораториялар (зертханалар) ашудың есебінен кеңейді. Оқу-тәрбие процесі соғыс уақытындағы талаптарға сәйкестендірілді. Аса көрнекті ғалымдардың үлкен тобының Қазақстанда тұруы республиканың ғылыми әлеуетін нығайтуға қолайлы жағдай жасады: солардың жетекшілігімен кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. Соғыс жылдарында Алматы шет тілдер институты (қазіргі Қазақ мемлекеттік Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті), Шымкент құрылыс материалдары технологиялық институты, Кұрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институты ашылды. Соғыстың аяқталуына қарай білікті мамандардың кейбір категорияларын және бірқатар ЖОО, әсіресе техникалық және ауыл шаруашылык ЖОО студенттерін әскерге шақыру шектеліп, уақытша жабылған ЖОО негізінен мұғалімдер институттары бұрынғы калпына келтірілді. 1945 жылы республикадағы жоғары және орта арнаулы оку орындарында 45 мын адам оқыды.
Қорытынды
Сонымен, Кеңесөкіметінін ширек ғасырынын ішінде Казакстандағы Халыкағарту саласының жүйесі сапалы тұрғыда калыптасты. Сан жағынан да, сондай-ақ халықты қамту жагынан да республпканыңоку орындары революцияға дейінгі кезеңнің көрсеткіштсрінен бірнеше есе асып түсті. Мектепке дейінгі және мектентен тыс мекемелердің,мектептердің, ФЗУ мектеи герінің, фабрика-зауыт жстіжылдык мсктептерінің желісін күру да халык агарту саласынын кол жеткен табысы болып саналады. Білімнің етек жаю проблемасын шешкен болышевиктер.Алайда
процестің мазмұндык жағын олкы соктырып алды. Тәрбие мен оку ісінде олар партиялык таптық шримципті міндетті етіп койды. Жалпы адамзаттық құндылықтардан шегіну білім жүйесін зеректік пен икемділіктен айырып,оқу орындарында әлемдік педагогикалық ой мен практиканын жетістіктері қалыптасқан.Халықтық педагогиканың ережелері де ұмыт қалды.
Пайдаланған әдебиеттер 1.Көне заманнан бүгінге дейін бес томдық.4.Алматы (Атамұра)2010ж 2.Қазақстан тарихы.Мусин Чапай.Алматы.2008ж 3. https://atamuraweb.kz/?page_id=24198&lang=ru