Кеңестік білім беру жүйесінің құру


Міндетті бастауыш оқу Міндетті бастауыш оқу



бет2/4
Дата15.04.2023
өлшемі1,02 Mb.
#83228
1   2   3   4

Міндетті бастауыш оқу

Міндетті бастауыш оқу

1930 жылы 27 тамызда республика OAK және ХКК қаулысымен жал- пыға бірдей міндетті бастауыш оқу енгізілді. Көшпелі халықтұратын ме- кендерде 8 жастағы балалар үшін жалпыға міндетті бастауыш оқу 1931 жылы көктемде басталды. Бастауыш мектеп курсынан өтпеген есейген балаларды (11-ден 15 жасқа дейінгі) оқыту жеделдетілген оқу түрінде: екі жылдық және бір жылдық мектеп-курстарда жүзеге асырылды.ҚАКСР ХКК жанында Жалпыға міндетті бастауыш оқу жөніндегі комитет жұмыс істеді. Осындай комитеттер жер-жерлерде құрылды. Жалпыға міндетті оқуды қамқорлығына алған комсомол мектеп үй-жайларын жөндеуді ұйымдастырып, балаларды аяқ киіммен, киім-кешекпен, ыстық тамақпен қамтамасыз етудің қамын жасады. Сенбіліктер мен жексенбіліктер өткізіліп, мәдени күштер педагогикалық жұмысқа жұмылдырылды, жалпыға міндетті оқу барысына тексерулер жүргізілді. Оқулықтар мен әдістемелік әдебиет шығарудың ауқымы кеңейді. Халық ағарту ісіне жұмсалатын қаржы мөлшері арта түсті. 30-жылдардың соңына қарай жалпыға міндетті бастауыш оқуды жүзеге асыру іс жүзінде аяқталды. 1937 жылы балаларды бастауыш оқумен (біліммен) қамту 96%-ға жетті. Үлы Отан соғысының қарсаңында республикада 7,5 мыңнан аса мектеп жұмыс істеді, соның ішінде бастауыш мектеп 5,2 мың, орталау мектеп 1,7 мың болды. Сол мектептерде 1 млн-нан астам балалар, солардың ішінде 1-4-сыныптарда 628 мың, 5-7-сыныптарда - 372 мың, 8-10-сыныптарда - 62 мың оқушы оқыды. Жалпыға міндетті оқуға жататын мектеп жасындағы балалар 98,9%-ға оқумен қамтылды.

Білім беру ісінде бірқатар ірі кемшіліктер

Сонымен қатар мектептің білім беру ісінде бірқатар ірі кемшіліктер де орын алды. Тоталитарлық режим мектептерді тіл алғыш және идеологияландырылған ұрпак тәрбиелеудің құралына айналдырды. Оқулықтардың мазмұны, пионер және комсомол ұйымдарының қызметі оқушылардың санасы мен мінез-құлқына сталинизмді, кеңеске жат нәрсенің бәрін жек көруді, партияның саясаты мен иделогиясына соқыр сеніммен берілуді сіңіруге бағытталды. 30-жылдардағы оқу жоспарларынан алашордалықтар мен «халық жауларының» (А.Байтұрсынов, С. Асфендияров, С. Сейфуллин, X. Досмұхамедов және т.б.) кітаптары алынды. 30-жылдардың бас кезіндегі ашаршылық, қазақ ауылдарындағы күйзеліс, интеллигенцияға қатысты қуғын-сүргін ұлттық мектеп үшін қасіретке айналды. 1935—36 оқу жылында алғашқы 11 қазақ баласы ғана орта мектепті бітірді. Келесі оқу жылында олардың саны 40-қа әрең жетті.17 Көпшілік мұғалімдердің орталау ғана білімі болды, бұл да окудың сапасына кері әсерін тигізді. Жыл сайын орталау және орта мектептерде оқитын оқушылардың төрттен бірі күзгі сынға қалдырылып келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет