жұмысшы, малшы, ж ылқыиш, жазушы, қайықшы; өнім, киім,
білім, ұгым, согым, тізім, сенім, тынъш
жэне т.б.),
-лы (-лі, -ды,
-ді, -ты, -ті), -гыш (-гііи, -қыш, -кіш)
жүрнақтары сын есімдерге
(і
сулы, денелі, ажарлы, пайдалы, тұзды, кеуделі, тасты, жемісті,
щыпты, ойлы, көңілді; жазгыш, білгіиі, сезгіиі, тащыиі, айтцыш,
сенгіш
жэне т.б.),
-ла (-ле, -да, -де, -та, -те), -а (~е)
жұрнақтары
етістіктерге (
тагала, шегеле, тсщтайла, өкпеле, арцанда, мекенде,
белгіле, таяцта, астарла, гүлде, эдеміле, ацта, царала, аръщта;
сына, міне, цана, өрте
жэне т.б.) тэн жұрнақтар ретінде қаралады
да, бір сөз табын екінші сөз табынан ажыратуга көмектеседі.
Сөз тудырушы белгі сөз таптарында болмауы да мүмкін.
Мысалы, орыс тілінде дом («үй») деген зат есім мен
хром
(«сары
бояудың бір түрі») деген сын есім, неміс тілінде Миі («ерлік,
батылдық»), §иІ («жақсы, мейірімді»), агылшын тілінде һаосі
(«бас»), гесі («кызыл») деген зат есім мен сын есімдер1, казақ
тілінде
тас
деген зат есім мен
сары
деген сын есім сөз тудырушы
белгілері жагынан ажыратылмайды. Осы қалпында аталган
сөздерде бір соз табын екінші сөз табынан ажырататындай
соз тудырушы белгілер жоқ. Мүндай сөз таптарын ажыратуда
сөз түрлендіру жүйесіндегі айырмашылықтар көмегін тигізе
алады. Мысалы, әсіресе флективті тілдерде, соның ішінде сөз
таптарының әрқайсысы өзіне тэн сөз түрлендіруші формалар
арқылы сипатталатын тілдерде, сөз түрлендіру жүйесі сөз тап
тарын бір-бірінен ажыратуда айрықша қызмет атқарады. Орыс
тілінде зат есімдер септеледі, сын есімдер де зат еісмдермен қиы-
са байланысып, септеле алады, тек (род) категориясы бойынша
түрленеді, сын есімдердің сапалық сын есімдер деп аталатын
түрлері шырай формаларын қабылдайды; етістіктер жіктеліп,
тиісті формаларга ие болады. Ал белгілі бір сөз түрлендіруші
формалардың болмауы, мысалы, сын есімдердің келте түрінің
септелмеуі немесе қатыстық сын есімдерде шырай түрлерінің
болмауы бүларды тиісті лексика-грамматикалық категориядан
шыгарып тастауга негіз бола алмайды2.
Достарыңызбен бөлісу: