Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


Бұл мысалдар В.М . Ж ирмунскийдің мына мақаласы бойы нш а келтірілді: О



Pdf көрінісі
бет136/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   174
Байланысты:
file-4107 3

1 Бұл мысалдар В.М . Ж ирмунскийдің мына мақаласы бойы нш а келтірілді: О
природе частей речи, Сб. «Вопросы теории частей речи» (на материале языков
различных типов), Издательство «Наука», Л., 1968, стр.22.
2 А.И. Ж ирмунскийдің аталган макаласы, 22-бет.
180


Сөз таптарының сөз түрлендіру жүйесі арқылы ажыратылуы 
грамматикалык категориялармен барып үштасады. Мысалы, же- 
келік-көптік категориясы, септік категориясы көптеген тілдерде, 
соның ішінде орыс тілі мен қазақ тілінде, зат есімдерге тән жэне 
оны сипаттайтын категория ретінде ұгынылады. Түркі тілдерінде- 
гі зат есімдерге бұған қоса тэуелдік категориясы оте-мөте тэн. 
Грамматикалык тек (род) категориясы мен септік категориясы 
орыс тілінде зат есімдермен қиыса байланысатын сын есімдерге 
тэн грамматикалык категория ретінде ұгынылады. Бірсыпыра 
индоевропа тілдерінде жэне түркі тілдерінде грамматикалык 
шак, рай, жақ, етіс категориялары, орыс тілінде грамматика­
лык сипат (вид) категориясы етістіктерге тэн жэне соларды 
сипаттайтын грамматикалык категориялар ретінде қарастырыла- 
ды. Грамматикалык шырай категориясы сөз таптарының ішінде 
сын есімдерге тэн категория ретінде ұгынылады. Сонымен, сез 
таптары мен оларды сипаттайтын грамматикалык категориялар- 
дын арасында занды қарым-қатынас қалыптасады.
Есім сөздер бір-бірінен сөз түрлендіруші формалар арқылы 
ашык-айқын ажыратыла бермейтін тілдерде, мысалы, ағылшын 
тілі мен түркі тілдерінде, сын есімдер мен үстеулер зат есімдерден 
эркашан оңай ажыратыла бермейді деген пікір бар.
Алайда зат есімдерден сын есімдерді ажырататындай, 
агылшын тілі мен түркі тілдерінде м орфологиялық белгі жоқ 
деу кате болар еді. Аталган тілдерде жалпы категорияльды 
магына - заттылық магынаны білдіретін зат есімдерден сын 
есімдердің сапалық, сындық (атрибутивтік) деп аталатын ж алпы
категорияльды магынасы жагынан ажыратылатындыгын бы- 
лай қойганның өзінде, зат есімдер мен сын есімдер, ж огары да 
аталып өткеніндей, бір-бірінен сез тудыру формалары ж агы нан 
ажыратылады. Бүл - бір. Екінш іден, зат есімдерден сын есімдер 
түркі тілдеріндей шырай формалары арқылы, басқаш а айтқан- 
да, форма тудырушы аффикстер (ж үрнақтар) арқылы аж ы ра­
тылады. Үш іншіден, - «М орфологиялық жагынан зат есім дер- 
мен салыстырганда, сын есімдер формаларга тапш ы лы гымен 
сипатталады.
Оларда (сын есімдерде -
К. А.)
зат есімдерге тэн септік 
категориясы да, жекелік-көптік категориясы да жоқ. ...Сын
181


есімдердің жекеше-көпше болып түрленбеуі зат есімдерден сын 
есімдерді ажырататын ең басты морфологиялық белгі болып 
саналады»1.
Зат 
есімдерде 
жекелік-көптік 
категориясы 
мен 
септік 
категориясының болуы, ал бұл категориялардың сын есімдерде 
болмауы немесе, керісінше, шырай категориясының зат есімдерге 
емес, сын есімдерге тэн болып келуі аталған сөз таптарының 
бір-бірінен өздеріне тэн грамматикалык категориялары жагынан 
ажыратылатындыгын көрсетеді. Бұл жайында агылшын тілін 
зерттеуші А.И. Смирницкий былай деп жазды: «Сын есімдер 
септік, жекелік-көптік категорияларына ие бола алмаганмен, 
айырықша, өзінің ерекше категориясымен, атап айтқанда, шырай 
категориясымен сипатталады. Сонымен, морфологиялық тұргы- 
дан зат есімдер мен сын есімдердің ара қатысы мына түрде көрі- 
неді: бір жагынан, зат есімдер сын есімдерде жок екі категорияга 
(жекелік-көптік және септік) ие болады, екінші жагынан, сын 
есімдер зат есімдерде жоқ категорияга (шырай категориясы) ие 
болады. Демек, бүтіндей алганда, сын есімдер мен зат есімдер үш 
түргыдан, үш түрлі категория саласынан ажыратылады»2.
Сөз таптарын бір-бірінен ажыратуда эртүрлі тілдердің 
құрылымдық ерекшеліктерінің, эсіресе олардагы сөздердің мор- 
фологиялық қүрылымының эр басқа болуының үлкен мэні бар. 
Мысалы, осы кітаптың бірінші тарауында баяндалып өткеніндей, 
орыс тілінде көптеген сөздердің құрамында олардың қай сөз 
табына қатысты екендігін аңгартып түратындай грамматикалык 
көрсеткіштер болса жэне ондай көрсеткіштерсіз сөздің негізі 
өздігінен қолданыла алмайтын болса, агылшын тілі мен түркі 
тілдерінде сөздердің негіздері немесе түбірлері өздігінен дербес 
сөздер ретінде қолданыла береді жэне олардың құрамында қай 
сөз табына қатысты екендігін аңгартатындай грамматикалык 
көрсеткіштердің болуы шарт емес. Бүл - агылшын тілі мен 
түркі тілдеріндегі сөздерге тэн өте-мөте басты ерекшеліктер- 
дің бірі. Түрлі тілдердің грам м атикалы к құры лы сы ндагы , 
ондагы сөздердің м орф ологиялы қ құры лы мы ндагы осы ндай 
айы рм аш ы лы қтарды ескере келгенде, агылш ын тілі мен түркі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет