атқаратындығын түсіну үшін грамматикалық абстракция туралы
мәселені білу қажет.
Лексикалык тұрғыдан
орман, өзен
деген сөздер эр басқа
сөздер
ретінде танылса, грамматикалық тұрғыдан бұл екі сөздің
бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Бүлай болатындығы мынадан:
аталған
сөздердің
(орман, өзен)
бір-бірінен лексикалық мағынала-
ры жағынан ажыратылуы грамматика үшін басты нәрсе емес,
өйткені грамматика нақты сөздерді емес, жалпы сөз атаулыны не-
месе белгілі бір лексика-грамматикалық топқа бөлінетін сөздерді
ескереді. Грамматика үшін
орман, өзеи
жэне т. б. осылар тәріздес
сөздердің басты жағы мынада: бүлар - атау түлғадағы, жекеше
түрдегі зат есімдер. Аталған сөздер жэне олар тэріздес т. б.
сөздер
септелгенде, біркелкі септеледі. Септік жалғауларының алдында
(-
дың, -дің, -га, -ге,- ды, -ді, -дан, -ден) орман, өзен
деген сөздер түра
ма немесе
тау, жер, су, оцуиіы, етікші
жэне т.б. осылар тәріздес
сөздер түра ма - оның грамматика үшін пәлендей мэні жоқ, әйтеуір
септелетін сөздер келсе болғаны.
«Сөйлемдер құру үшін де грамматика сөздердің нақтылы
лексикалык мағыналарынан абстракцияланады. Осыдан келіп,
белгілі бір сөйлемдегі бір сөзді, сөйлемнің қүрылымын бұзбай-
ақ, басқа бір сөзбен қалауымызша, ауыстыра аламыз. Мысалы,
Біз тауга бара жатырмыз
деген сөйлемнің құрамындагы
тауга
деген сөздің орнына, ыңғайына қарай,
көлге, ауылга, цапага
деген
сөздердің қайсысын болса да, біреуін қойып айта беруге болады.
Грамматика сөздердің бірі-бірімен қатынасын білдіреді. Ол
қатынас (отношение) - белгілі бір сөздердің нақтылы қатынасы
емес, ешбір нақтылығы жоқ грамматикалық қатынас. Бірақ
грамматика қатынасқа ғана сүйеніп қоймайды, сонымен бірге
магынаға да сүйенеді. Бұл арада лексика
мен грамматиканың ара-
сында мынадай айырмашылық бар: лексикада мағына категория-
сы (категория значения) ең басты орынға, қатынас категориясы
(категория отношения) кейінгі орынга ие болса, грамматикада
ең алдымен қатынас категориясы, содан кейін гана барып
мағына категориясы мэлім болады.
Бұған коса, лексикадағы
мағына категориясы грамматикадағы мағына категориясымен
сәйкеспейді. Грамматикалык мағынаның лексикалық мағынадан
басты айырмашылығының бірі сол, грамматикалық мағына логи-
6
калық ұғыммен ұштасады да, шындық өмірдегі заттармен тікелей
ұштаспайды. Ал лексикалық мағына логикалық ұғыммен де,
шындық өмірдегі
заггармен де ара қатыста болып, екеуімен де
ұштасады. Грамматикалық жалпылау (обобщение) логикалық
категориялармен өзара қарым-қатынаста болатын белгілі бір
грамматикалық категорияларға негізделеді. Ал грамматикалық
категориялардың өзі де абстракцияның жемісі.
Грамматика өзінің ережелерін жасағанда, сөздер мен сөй-
лемдердің мағыналық нақтылығынан дерексізденеді, сөздердің
өзгеруі мен сөздердің тіркесуінің негізіндегі жалпылық нэрсені
негізге алады. Грамматикалық абстракцияның ерекшелігі, міне,
осындай.
Қатынас жасау, пікір алысу ой жұмысы нәтижелерінің
сөйлемдердегі сөздер мен сөз тіркестеріне негізделіп, соларға
орнығып тұрақталуы нэтижесінде ғана мүмкін болады. Грамматика
ойды материалдық-тілдік қабыққа енгізуге, өзара пікір алысуға
мүмкіндік береді. Сөйтіп, ол (грамматика)
тілде ұйымдастырушы
қызмет атқарады».1
Достарыңызбен бөлісу: