олардан сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалады. Грамматикалық
қатынастар сөздердің аралығында ғана емес, сонымен бірге сөз
тіркестерінің аралығында да, сөйлемдердің аралығында да болады.
Осыған орай, грамматика сөздердің аралығындағы, сөз тіркестері-
нің аралығындағы, сөйлемдердің аралығындағы грамматикалық
қатынастарды зерттейді. Грамматика үшін тілдік бірліктердің
арасындағы грамматикалық қатынастар ғана емес, сонымен бірге,
тілдік бірліктердің (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) құрылымы да маңызды
мәселе болып саналады. Мэселенің осы жағын аңғарта келіп, проф.
Р. А. Будагов былай дейді: «...Грамматикада 1) сөздің құрылымы,
2) сөз тіркесінің құрылымы 3) сөйлемнің қүрылымы зерттеледі.
Грамматика сөздің арасындағы қатынастарды ғана емес, сөздің
ішіндегі жэне сөз тіркестерінің арасындағы қатынастарды, сөз
тіркестерінің ішіндегі қатынастарды қарастырады. Сөйлем туралы
да осыны айту керек: грамматикада оның құрылымы гана емес,
сөйлемдердің әртүрлі типтерінің аралығындағы байланыстар да
зерттелінеді»1.
Достарыңызбен бөлісу: