Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§ 38. Күрделі сөз бен сөз тіркесінің бір-бірінен жігін ажы-



Pdf көрінісі
бет44/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   174

§ 38. Күрделі сөз бен сөз тіркесінің бір-бірінен жігін ажы- 
рат>;, олардың эрқайсысының шегін айкындау тіл білімінің ең 
күрделі проблемаларының бірі болып саналады.
Бұл проблема өзара бір-біріне қатысты екі түрлі мәселені, 
атап айтканда, 1) күрделі сөз бен синтаксистік сөз тіркесінің, 2) 
фразеологиялық сөз тіркесі мен күрделі сөздің бір-бірінен жігін 
ажыратып, шегін айқындап алу мәселелерін қамтиды. Бір-біріне 
қатысты мәселелердің осы тобы түбегейлі зерттелмей тұрып,
54


сөз бен сөз тіркесінің шегін айқындау проблемасы өзінің дұрыс 
шешімін таба алмайды.
Күрделі сөз бен еркін (синтаксистік) сөз тіркесінің жэне 
күрделі сөз бен фразеологиялык сөз тіркесінің бір-бірінен жігін 
ажырату мәселесі, сайып келгенде, ете-мөте принципті мэселе
- лексикология (фразеология) мен грамматиканың карастыратын 
кұбылыстарының шегін айқындау мәселесіне келіп тіреледі. Ал 
бүл мэселелерді іштей жіктеп жэне ары қарай таратып айтсак, сөз 
(күрделі сөз) бен сөз тіркесінің (еркін тіркестің) бір-бірінен жігін 
ажырату проблемасы тағы бір мәселеге - грамматиканың екі сала- 
сы - морфология мен синтаксистің қарастыратын құбылыстары- 
ның шегін айқьіндау мәселесіне барып тіреледі. Аталған тілдік 
бірліктердің (сөз, еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесінің) бір- 
бірінен жігін ажыратудың ғылыми принциптері белгіленбесе. тіл 
білімінің лексикология, морфология жэне синтаксис деп аталатын 
салаларының эрқайсысының қарастыратын проблематикаларын- 
да айқындылық болмай, бірі-біріне араласып, зртүрлі қателіктер- 
ге ұрындырады. Тілдегі эр баска бірліктердің бір-бірінен жігін 
ажыратыгі, олардың эрқайсысынын шегін айқындау мәселесі тіл 
білімінің принципті мэселесі деуіміз де осыдан.
§ 39. Күрделі сөз бен сөз тіркесінің жігін ажырату проблемасы- 
ның күрделілігі мен қиындығы тек түркі тілдеріне, соның ішінде 
казақ тіліне гана емес, басқа да көптеген тілдерге бірдей қатысты. 
Мысалы, бұл жайында агылшын тілін зертгеушілер былай дейді: 
«Күрделі сөз бен сөз тіркесін ажырату үлкен қиындықтарға 
соқтырады. ...Күрделі сөзді тұрақты, фразеологиялық, кейде тіпті 
еркін сөз тіркесінен ажыратып алу проблемасы әлі де болса өзінің 
жалпы, түпкілікті шешімін таба алмай келеді»’. «...Ағылшынша 
зіопе, лүаіі, зреесһ зоипсі, саппоп Ьаіі жэне т.б. осы түрдегі топтар 
неміс тіліндегі зіеіпегпе \Үапсі 
(тас цабырга - каменная стена)
тэрізді атрибутивті сөз тіркесі ме немесе неміс тіліндегі 8і:еітүапсІ 
(сөзбе сөз тас қабырга - камеи стена)
тэрізді күрделі сөз бе — осы 
жөнінде ағылшын грамматикасында... нәтижесіз айтыстар туып 
отыр»2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет