мен басқа тілден енген кірме қосымшадан да бірігіп жасалатыны
байкалады. Мысалы, жогарыдағы
ж тымпаз, ж үзімпаз
дегендерде
-ым (-ім)
- байырғы төл қосымша да,
-паз
- шет тілден енген кірме
қосымша»'.
§ 35. Агглютинативті тілдерде (мысалы, түркі тілдерінде),
олардың жалгамалы қасиетіне орай, аффикстер бірінің үстіне бірі
жалғана береді. Бұл жерде түркі тілдерінде сөздерге аффикстердің
жалғануына байланысты айтылуға тиісті бір жай бар: лингвистика-
лык біркыдыру зерттеулерде түркі тілдерінде аффикстер сөздерге
емін-еркін, өз бетінше (механически) жалғана береді деген пікір
айтылып жүр. Ш ындығына келгенде, түркі тілдерінде аффикстер
сөздерге жалғанғанда, өз бетінше емес, белгілі бір тэртіп, зандылық
бойынша жалғанады. Түркі тілдерінде сөздердің кұрамындагы
аффикстердің орналасуының белгілі бір жүйесі бар екендігін
есепке алмасқа болмайды. Бір сөздің қүрамында бірнеше аффикс
қабаттасып келгенде, түбірге алдымен жүрнактар, олардан кейін
жалғаулар жалғанады. Сөз құрамында бірнеше жалғау қабаттасып
келсе, алдымен көптік жалғауы, одан соң тәуелдік жалғауы, мұнан
соң септік жалгауы, оның үстіне жіктік жалғауы жалғанады.
Мысалы,
сіуылдарыңызданбыз
деген сөздің қүрамындагы
ауыл
- түбір де,
-дар
- көптік жалғауы,
-ыңыз
- тәуелдік жалгауы,
-дан
- шығыс септік жалгауы,
-быз -
жіктік жалғауы. Түркі тілдерінде
жалғаулардың осы тәртіппен (жүйемен) жалғануы, негізінен
алғанда. сақталады. Аффикстердің белгілі бір тэртіп бойынша
жалғануы грамматикадағы жүйелі қатынастарға негізделеді.
Жүйелі қатынас, қалыптасқан заңдылық сөздерге аффикстердің
жалғануын да белгілі жүйеге келтіреді. Демек, күллі тілдерде,
оның ішінде түркі тілдерінде, аффикстердің сөздерге жалғануы өз
бетінше болмай, белгілі бір заңдылықтарға, жүйелі қатынастарға
бағынады.
Достарыңызбен бөлісу: