Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§ 36. Жоғарыдағы (I тараудагы) баяндауларды жинақтай



Pdf көрінісі
бет40/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   174
Байланысты:
file-4107 3


§ 36. Жоғарыдағы (I тараудагы) баяндауларды жинақтай 
келгенде, төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
1. 
Сөздің морфологиялық құрылымына талдау жасап, оның 
мағыналық бөлшектерін айқындаудың барысында тіл білімінде 
морфема туфалы ұғым пайда болды. Морфема тіл білімінде 
морфологиялық бірлік ретінде танылады. М орфологиялық бірлік
1 А. Ыскаковтың жоғарыда аталған еңбегінің 39-беті.
49


ретінде танылған морфема — сөздердің мағыналық бөлшектеріне 
дүрыс талдау жасауға мүмкіндік береді. Демек, морфема 
морфология ушін жэне сөздердің морфемалық құрамына талдау 
жасау үшін өлшем ретінде қызмет ететін негізгі бірлік болып 
саналады. Морфема - сөз кұрамындағы ары қарай бөлшектеуге 
келмейтін ең кіші магыналық бірлік.
2. Сөз құрамында оны құрастырушы құрылымдық элементтер 
ретінде танылатын екі түрлі морфема бар. Оның бірі: түбір морфе­
ма да, екіншісі - аффикстік морфема.
3. 
Гүбір морфема лексикалык немесе заттық мағынаға 
(вещественное значение) ие морфема болыгі саналады. Ол (түбір 
морфема) сөздердің эртүрлі лексика-грамматикалық топтарына 
(сөз таптарына) бірдей тэн, бірдей ортақ морфема ретінде жұмса- 
ла алады. Ал негіз сөздердің әртүрлі лексика-грамматикалық 
топтарына (эртүрлі соз табына) емес, белгілі бір лексика- 
грамматикалық топқа (белгілі бір сөз табына) енетін сөздердің 
формаларына ортақ ұйыткы бола алады. Екінші сезбен айтқанда, 
түбір эр басқа сөздерге ортак үйытқы болса, негіз әр басқа 
формаларға ортақүйы гқы болады.
4. Түбір мен негіздің эр басқа тілдер үшін ортак, үқсас жақ- 
тары болуымен бірге, әрбір тілде (немесе тілдердің тобында) 
олардың (түбір мен негіздің) өзіне тэн айырым жақтары мен 
ерекшеліктері де болады. Атап айтқанда, баска тілдерге, мысалы, 
орыс тіліне карағанда, түркі гілдері мен ағылшын тілінде түбір 
морфема мен сөздің немесе негіз бен сөздің бір-біріне кұрылымы 
жағынан да, мағынасы жағынан да сәйкес келуі әлдекайда жиі 
ұшырасады. Түркі тілдері мен ағылшын тілінде бір ғана түбір 
морфемадан кұралган сөздердің жиі ұшырауы жэне осыған 
сәйкес сөз таптарының бір-бірінен морфологиялық күрылымы 
ажыратылуы эрдайым шарг еместігі аталған тілдерге тэн касиет 
болып саналады.
5. Түбір морфема жалпылама лексикалык магынаны білдірсе, 
аффикстік морфемалар эртүрлі грамматикалық магыналарды 
білдіреді жэне олар (аффикстік морфемалар) мүндай магыналар­
ды тек сөз құрамында қолданылганда ғана білдіре алады. Демек, 
аффикстік морфемаларда ешбір дербестілік болмайды.
6. Гүбір морфема эр топқа катеты сөздердің құрамында
50


колданыла алса, аффикстік морфема сөздердің белгілі бір тобының 
кұрамында гана қолданыла алады. Бірақ аффикстік морфема түбір 
морфемаға Караганда, элдеқайда жиі қолданылады.
7. Аффикстік морфемалар өз ішінде магынасы мен қызметіне 
жэне сөз құрамында орналасу тэртібіне (орнына) қарай префикс, 
жүрнак (с> ффикс немесе постфикс), инфикс жэне жалғау (немесе 
флексия) деп аталатын түрлерге ажыратылады. Аффикстік 
морфемалардың аталган түрлерінің бәрі бірдей бір тілде ұшыра- 
са беруі шарт емес. Белгілі бір тілде немесе тілдердің белгілі 
бір тобында аталған аффикстердің бірінің болуы, екіншісінің 
болмауы сол тілдің немесе тілдер тобының грамматикалық 
күрылысына байланысты. Аффикстердің ішінен эртүрлі тілдерде 
жиі ұшырасатыны - жұрнақтар мен жалғаулар.
8. Жүрнақ түбір морфемадан сөз немесе сөздің формасын 
тудырып, деривациялық мағынаны білдірсе, жалғау сөз бен сөзді 
байланыстырып, реляциялық мағынаны білдіреді.
9. Жалғаудың қолданылу өрісі мен шеңбері, жұрнакқа кара- 
ганда, анағұрлым кең болады.
10. Жұрнақ түбірге жымдаса кірігіп, оның жалғануынан 
жасалған туынды сөзде түтастық касиет сақталынады да, 
жалғау сөздің түбіріне немесе негізіне кірігіп кетпей, жай ғана 
селбесіп, қосақталган қалыпта тұрады. Жұрнақтарға қарағанда, 
жалгаулардың сөздің түбіріне магыналык жақтан кірігуі және 
онымен байланысы әлдекайда солгын, әлсіз болады.
11. Көбіне-көп лексикалык бірлік - сөздерге байланысты ка- 
ралып келген полисемия, омонимия, синонимия жэне антонимия 
құбылыстары тек лексикалық кұбылыстар гана емес, сонымен 
бірге грамматикалық құбылыстар ретінде де каралып танылуы 
керек. Аталган күбылыстар лексикалық бірлік ретінде қаралатын 
сөздерге гана тэн емес, сонымен бірге грамматикалық бірліктер 
ретінде қаралатын аффикстік морфемаларга да тэн. Сөздердің 
омонимдес, 
синонимдес, 
антонимдес 
және 
полисемиялы 
(көп мағыналы) болатыны сияқты, аффикстер де омонимдес, 
синонимдес, антонимдес жэне полисемиялы (көп магыналы) бола 
алады.
12. Сөздер құрамына қарай жалаң сөздер жэне күрделі 
сөздер болып топтастырылса, аффикстер де қүрамына қарай
51


жалаң аффикстер жэне күрделі (құранды) аффикстер болып 
топтастырылад ы .
13. 
Аффикстер сөздерге (немесе түбір мен негізге) өз бетінше 
емес, белгілі бір орныққан жүйеге, зандылыққа бағынып 
жалғанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет